Ән - көңілдің ажары атты ән байқауының сценарийі және ұйымдастыру жоспары

Мақсаты:

Ән айту қабілетін дамыту. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып «Ән көңілдің ажары», шарлар, ноталық суреттер

Әдісі: сайыс

Жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі.

/ оқушыларды жинақтау/

Мұғалім:

  • Сәлеметсіңдер ме қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған «Ән - көңілдің ажары» атты ән байқауымызға қош келдіңіздер.

1. Шалқытып сахнада ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық

  1. ТЖО - Г. Мүрсәлім
  2. Ән-хор үйірмесінің жетекшісі - Л. Балжігітова

2. Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

- Гүлназым қыз өнерлі

Бойға жиған өнерді.

- Гүлдана қыз елгезек

Алады тез тіліңді

- Айнара қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

- Ақша бетті Жаннұр да

Ұқсайды хор қызына

/ қатысушылар номер суырып, орындары белгіленеді/

І. 2-сынып аруы Жаннұр

ІІ. 4-сынып аруы Гүлназым

ІІ. 3-сынып аруы Айнара

ІV. 1-сынып аруы Гүлдана

Сайыс үш кезеңнен тұрады . 1. Таныстыру

2. Халық әні

3. Таңдаулы ән (еркін тақ)

  1. Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып

Көрейік, ару қыздарды жарыстырып,

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып

- Арулар өздерін таныстырады. / әділ-қазылар бағасын береді/

4. Мұңға батқан жүректі ән оятар

Тәтті үннің әсерін жан оятар

Жанға қуат, жүрекке шаттық сыйлап

Жас балаша көңілді жадыратар, - деп екінші сайысымыз халық әнін орындауды бастайық.

  1. Жаннұр - халық әні «Гүлдерайым»
  2. Гүлназым - халық әні «Әгугай»
  3. Айнара - халық әні «Гүлдерайым»
  4. Гүлдана - халық әні «Бипыл»

/әділ-қазылардан екінші сайыстың әділ бағасын сұрау/

  1. Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының, -дей келе сайыскерлерімізді сүйіспеншілік, мейірімділік мақсатында таңдаған әндерін орындауға ортаға шақырамыз.

  1. Жаннұр - «Құттықтаймын ана туған күніңмен»
  2. Гүлназым - «Қос бәйтерегім»
  3. Айнара - «Әкешім»
  4. Гүлдана - «Ақ мамам»

/ әділ-қазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз/

ІІ. Қорытынды.

- Қыз баланы, ізетті, инабатты асыл жан етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген, ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссін деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Ертеңім елім - Елбасы: патриоттық ән-би байқауының сценарийі мен тәрбиелік мақсаты
Екі жұлдыз ән жобасының үш кезеңдік сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Екі жұлдыз отбасылық ән сайысының сценарийі
Балабақшадағы Әдемі-Ай байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Ән жұмбақ музыкалық сайыс: мақсаттары мен ұйымдастыру кезеңдері
Ән айту ережелері: дәстүрлі қазақ ән өнерін меңгертуге арналған сабақ жоспары
8-наурызға арналған Қыздарға әсемдік жарасады атты білім орнындағы қыз сыны байқауының сценарийі
Мектепішілік Аяулы күз, Алтын күз 2018 байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Көктем аруы 2013 мектептік байқауының сценарийі мен ұйымдастыру тәртібі
2 «В» сыныбына арналған ашық сабақ: Ән-күй (музыка) - сөздік жұмыс, ән орындау және домбыра арқылы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz