Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Африкаға аймақтық шолу

Африкаға аймақтық шолу

Жармухамбетова Арухан Зейновна

М.Маметова атындағы № 27 физика-математика

бағытындағы мектеп-лицейінің
география пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Оқушыларға Африка материгінің аймақтық бөлінуі туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой - өрісін, білім, білік, дағдысын, іскерлігін дамыта отырып,
Африкаға, оның аймақтық ерекшеліктері туралы білуге деген  қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік
Африка елдерінің шаруашылығын, мәдениетін, салт-дәстүрін айта отырып,
оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, елін-жерін сүюге,
патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карта, тест, сызба
Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Тарих, дүниетану, әдебиет.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( Үй тапсырмасын тексеруде төмендегі
тапсырмалар орындалады).
1. Мәтінді толықтыр
1. Африка алып жатқан аумағы жөнінен Жер шарында ..... орын алады.
2. Африканың ауданы........ млн.км.кв.
3. Материк жағалауында ауданы 590 мың км.кв. болатын
........................ аралы орналасқан.
4. Африканың көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай таралған
.......................... мекендейді .
5. Африкада ........ -ге жуық жергілікті тіл бар.
6.Африкада халқы ................... шөлі маңында сирек қоныстанған .
7. Африкадағы жылдық орташа температура ........ градус.
8. Африкадағы ең бойшаң адамдар ................. мен
......................... .
9. Бойының ұзындығы 150 см-ден аспайтын адамдар................... .
10. Африкадағы ең жоғары дамыған мемлекет ............... .
11. Әлемнің жеті кереметіне кірген Африкалық мемлекет................ .
12. Африка халқының саны ...........млн-нан астам.

2. Адасқан әріптер тапсырмасы. ( Бұл тапсырмада орны ауысқан әріптерді өз
орнына қойып, анықтамасын айту).

ІІІ. Жаңа сабақ. ( Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында жаңа
сабақтың тақырыбын табу үшін әр түрлі фигуралардың ішінде орны ауысып
тұрған әріптерді орнына қойып, жаңа тақырыпты табу).

Ендеше, Жаңа сабақтың тақырыбы:
Африкаға аймақтық шолу.
1. Жаңа сабақтың мәтінін оқушылар өз бетімен оқып шығады. ( 3-5 мин )
2. Жаңа тақырып бойынша блиц-сұрақтар:
1. Африка қандай аймақтарға бөлінеді?
2. Солтүстік Африка елдерін ата?
3. Атлас тауы мен Сахара шөлін сипатта?
4. Солтүстік Африканың пайдалы қазбалары?
5. Солтүстік Африка мәдениеті( қалалары) ?
6. Батыс Африка елдерін ата?
7. Батыс Африканың өзендері мен пайдалы қазбалары?
8. Батыс Африканың климаты мен өсімдіктерін сипатта?
9. Батыс Африканың мәдениеті ( қалалары) ? Нигерияны сипатта?
10. Шығыс Африка елдерін ата?
11. Шығыс Африканың жер бедері?
12. Шығыс Африканың пайдалы қазбалары?
13. Шығыс Африканың өсімдігі мен шаруашылығы?
14. Оңтүстік Африканың елдерін сипатта?
15. Оңтүстік Африканың таулары мен шөлдері?
16. Оңтүстік Африканың пайдалы қазбасы?
17.Оңтүстік Африканың өсімдіктері?

3. Мұғалім картаны, суретті пайдаланып, жаңа сабаққа шолу жасап шығады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
1.Кескін картамен жұмыс. (Африканың аймақтарын кескін картаға
салу).

2. Обьектінің орнын тап тапсырмасы. ( бұл тапсырмада берілген обьектілер
Африканың қай аймағына жататынын сызбамен көрсету).

V. Қорыту. Тест жұмысы.

1. Батыс Сахара қай аймаққа тән?

А) Солтүстік Африка В) Оңтүстік Африка
С) Шығыс Африка Д) Батыс Африка

2. Атлас тауының биік шыңы, Тубкальдың биіктігі:

А) 4462 м В) 4165 м С) 4346 м Д) 6995 м.

3. Ніл аңғарындағы қала? А) Алжир В) Тунис С) Каир Д)
Нигер

4. Нигер мемлекеті қай аймаққа тән?

А) Солтүстік Африка В) Шығыс Африка

С) Оңтүстік Африка Д) Батыс Африка

5. Мұнай мен газға бай өңір: А) Гана мен Либерия В) Нигерия

С) Гвинея шығанағы Д) Батыс Африка

6. Нигерияның астанасы: А) Лаос В) Абуджа С) Лагос Д)
Каир

7. Крюгер ұлттық паркі қай аймаққа тән? А) Солтүстік Африка

В) Шығыс Африка С) Оңтүстік Африка Д) Батыс Африка

8.«Арабика» кофесі қай аймақта өседі?

А) Солтүстік Африка В) Шығыс Африка

С) Оңтүстік Африка Д) Батыс Африка

 
Дұрыс жауабы: 1. А 2. В 3. С 4. Д 5. С 6. В 7. С
8. В
Бағалау шкаласы: 7-8 - "5" 5-6- "4" 4- "3"
VІ.Бағалау.
| VІІ.Үйге тапсырма: Африкаға аймақтық шолу тақырыбын оқу, |
|Орталық Африка елдеріне сипаттама беріп келу. |
| |
| |
|Батыс Қазақстан облысы |
|Орал қаласы |
| |
| |

-----------------------
генр

ласат

дәу

торвикия

Гама Васко да

гелату

ецец

саванан

Сараха

лін

А

И

Ғ

Ф

А

К

Р

А

А

М

Т

ы

Қ

Қ

Й

А

Ш

Л

О

У

Алжир,Ливия
Египет, Марокко,
Сахара, Тунис

Шығыс

Африка

Судан, Эритрея,
Сомали, Уганда,
Кения

Атлас тауы

Эфиопия таулы қыраты

Батыс

Африка

ОАР, Намибия,
Ботсвана, Зимбабве

Солтүстік

Африка

Синегал, Гамбия,
Нигер, Мали, Того,
Нигерия

Калахари және Намиб шөлдері

Оңтүстік

Африка

Гвинея шығанағы

Ұқсас жұмыстар
Африкаға саяхат
Жалпы желі ұғымы. 7 сынып
Шығыс Қазақстан күйлерінің мектебі
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Интернетте ақпарат іздеу
Сұрақ жауап әдісі
Екі сөзді
Африка материгі
Сұрақтарға жауап алу
1920–1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Пәндер