Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика сабағында жеке тұлғанының таным белсенділігін арттыру

Математика сабағында жеке тұлғанының таным белсенділігін арттыру

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицейдің
математика және информатика пәндерінің мұғалімі Мухаметжанова Нургул
Мейрамовна

Мұғалім – ең жауапты
міндетті орындайды - ол
адамды қалыптастырады.
М.И.Калинин.
Қай уақытта болмасын адамзаттың ұлы міндеттерінің бірі – өз ісін,
өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Білімді, мәдениетті, іскер,
еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат, яғни жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінгі таңда білім деңгейінің, тәрбие деңгейінің күрт кемуіне бүкіл
дүние жүзінің педагогтары алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі, үлгерімнің
жоғарғы процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі міндет саналып, оқытудың
барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға
алып келді.
Сол себепті білімнің белгілі бір көлемін ғана игеріп, одан қала бере
күнделікті материалдық қажеттіліктерді қамту (яғни күн сайын жеу, киіну,
ішу, баспаналы болу) деңгейінен аса алмай отыр, соған байланысты әлем
педагогтары ерекше дабыл қағып, оқытудың әр түрлі формаларын енгізіп, XXI
ғ. білім деңгейін өз дәрежеге жеткізу үшін жанталасуда, оқытудың жаңа
технологиялық жолында, оқытудың жаңа технологиялық жолын ұсынуда, атап
айтсақ: традициялық /дәстүрлі оқу жүйелері/, модернизациялық технология
/жетілдіру, заман талабына сай көнені жаңғырту/, альтернативтік технология
/екі не одан да көп шешім, нұсқаның біреуін таңдау/, дамыта оқыту
технологиясы, авторлық мектеп /өзіндік/.
Педагогикалық жүйелерінің соңғы мақсаты – баланы өмір сүруге
дағдыландыру болып отыр, жаңашыл педагогтар оқушыны тұлға ретінде
қалыптастырып, адам – тұлға деп, адам психологиясының 2 бөлімге бөледі:
эмоция және сана.
Сананың арқасында адам жануарлардан ерекшеленеді. Сана арқылы адам
миында қоршаған ортаға өз белгісін қалдырады. Арнайы әлеуметтік,
материалдық ортаның, табиғатты басқару жүйесін тірегі – адам /жеке тұлға/
болып қалыптасты:
- тұлға психикасы, жаны, мәні бар;
- адамға тән қасиеттер жиынтығы бар;
- арнайы қоғамда бейбіт жолмен өзін-өзі басқара алады. Не нәрсеге
болса да жол сала алады;
- шығармашылық қабілеті бар тұлға.
Психикалық негізде мінез-құлқына негізделеді /қызығушылық, көзқарасы,
сенім-нанымы, бағытты адамгершілік, эстетикалық қағидалары, дүниетанымы,
өзіне-өзі баға беру.
Тұлға бойында қажеттілік, мінез, қабілет, мен-тұжырымдама /өзіне-өзі
баға беру/ болу керек. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны
қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақта белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу
қажеттілігіне байланысты дидактикалық басты мәселесі оқыту үрдісінде
мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі болып табылады.
Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету
міндетті: мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі
басқару негізіндегі әрекетке көшумен жағдайлар жасау міндеті тұрады. Бұл
міндеттің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен табылады, былайша
айтқанда, оқушылардың таным кезеңдерінің барлығында дербестік әрекетін
ұйымдастыру арқылы және ең алдымен, жаңа материалдарды меңгеру кезеңінде
табылады. Егер оқушылар сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін
қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорыту мен жалпылау
жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық
белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады.
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың бірі-оқушылардың
таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісінін, белсенділігінің,
іздемнімпаздылығының арта түсуі, олардың өздігінен іздеуін, ойлауын, өз
бетімен қорытындылар жасау қасиеттерін дамытады.
Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін
қалыптастыру проблемаларын іс – жүзінде шешудің әр түрлі жолдары бар:
- танымдық іс -әрекеттін дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттін тәсілдерін қалыптастыру;
- іс-әрекеттін бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер
еңгізу;
- оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін еңгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын анықтаудың негізі, мұғалімнің
білімділігі мен пәнге деген қызуғышылығы және педагогика мен психологияның
проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық
іс-әрекетінің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі
талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды
басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеру,
біліктілікке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсендігінен
арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.
Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-
тәжірбиесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік жұмыстарының әр түрлі
жүктеулерін келтіруге болады:
1. Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін, тексеретін, алынған
білімді баянды ететін және т.б.
2. Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілмен
орындалатын: мазмұндары әр түрлі және әр түрлі тәсілдермен
орындалатын.
3. Білім материалдары бойынша: оқулықпен және оқы әдебиеттерімен жұмыс,
есептерді шешу және салыстыру, зертханалық және графиктік жұмыстар.
4. Оқушылардың ізденімпаздың дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.б.
Оқу жүктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстың төрт түрі
қарастырылады. Олар мыналар: үлгі бойынша орындалатын, реконструктивті-
вариативті, жаңалық ашатын, шығармашылық.
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша,
белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі
формалар, теоремалар арқылы орындайды.
Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған
білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі.
Тапсырмалар тек жалпы принциптерін ғана көрсетеді. Мысалы: Бір килограмм
мақта ауыр ма, бір килограмм темір ауыр ма?, Әтеш бір аяқпен тұрса 2,5 кг,
егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?
Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың математика пәніне
деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді,
математикалық ой-өрісін дамытады: есепті шығару, теоремаларды дәлелдеуді
әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау, есепті бірнеше жолмен шығару,
оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құру, баяндамалар және басқа жұмыс
түрлері.
Мысалы: анықтаманы оқу, сұрақтарға жауап, текст бойынша жоспар
құру, материалдарды негіздей отыра таблица, схема, графиктер жасау.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты,
шеберлікті, жоғары методикалық дайындықты талап етеді. Өзіндік жұмысын
ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолдануы жөн.
Өзіндік жұмысы барысында орындалатын есептердің мазмұныны оқушы
түсінуі керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Г. И. Щукина. Педагогические проблемы формирования познавательных
интересов учащихся. М., Педагогика, 1998.
2. О.К. Тихомиров. Основные психолого- педагогические проблемы
компьютеризации обучения// Вопросы психологии, 73-74- б. №5,1986.
3. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс
жасаудың          әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
4.Оқыту –тәрбиелеу технологиясы  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал,
№3, 2010ж.

Ұқсас жұмыстар
Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерінен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды
Таным үрдістері
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Білімнің бағасын арттыру
2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. 5-сынып
Халықтық педагогика математика сабағында
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері
Пәндер