MS Word-та мәтінді енгізу

Сабақтың тақырыбы: MS Word-та мәтінді енгізу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 мин
Оқыту орны: 315 компьютерлік технология кабинеті
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: үш деңгейлі әдістемелік жүйе(ТВL), (CBL), ақпараттық, интерактивті технологиясы.
Білімділік: Жаңа сабақты меңгерту барысында студенттерге компьютер жайлы жалпы мағлұмат беру. Студенттерді MS Word-та мәтінді енгізу жолдарымен таныстыру. Студенттердің өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Студенттерді өз мамандығына деген қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауға баулу. Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасауға, тиімді пайдалануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Техниканың заман талабына сай қажеттілігін түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау.
Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру
1 кезең
6 кезең
4 кезең
5 кезең
4 кезең
5 кезең
Сабақтың жабдықталуы:
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:
- Слайдтар;
- Электронды оқу құралы;
Үлестірме материалдар:
- Интерактивті тақтадан тапсырмалар;
- Компьютерден тапсырмалар;
Оқытудың техникалық тәсілдері:
- Компьютер;
- Интерактивті тақта;
- CD, DVD дискілер.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Симоновича С. В. 2-е издание 2004 г.
- Рапаков Г. Г. Ржеуцкая С. Ю. «Программирование на языке паскаль» 2005 г.
- Салливан Ф., Уайт Дж. С. Основы медицинской информатики
- Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995 ж.
Қосымша:
1. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б. « Новые информационные технология» - Алматы-2003 г.
2. Голобуцкий О., Шевчук О «Электронное правительство».
3. К. Б. Есекеева, Г. К. Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению население компьютерной грамотности» Алматы 2007 г.
4. Макарова Н. В., Матвеев А., Бройдо В. Л. и др. Информатика -2003 г.
WEB сайттар тізімі
1. google. kz
2. google. ru
3. ustaz. kz
4. sabaktar. kz
5. youtube. com
6. savefrom. net
Кәсіптік модуль білімін игеру нәтижесіне қойылатын талаптар
Студент білуі керек:
- Мәтінді енгізу ережелерін;
- Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелерін;
- Емле ережесін тексеруді.
Студент істей алуы керек:
- Мәтінді енгізу ережелерімен жұмыс істеуді;
- Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелерін;
- Емле ережесін тексеруді.
Пәнішілік байланыс:
- Тақырып 4. 1 MS Word текстік редактор туралы негізгі мағлұматтар;
- Тақырып 4. 2 MS Word-та құжатты әзірлеу.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
Қамтылатын пәндер:
- Математика, геометрия.
Тәжірибе сабағын жоспарлау кезеңдері
Уақыты
Жабдық
талу
Ұйымдастыру сәті
Студенттермен амандасу.
Аудиторияның дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін тексереді сабақтың жабдықталуын, оқулық, жұмыс дәптерлердің түгелдігін тексереді келмеген студенттерді белгілейді.
2 мин
Топша журналы, студенттер
дің оқулықта-
ры, дәптер-лері, сабақ-қа қажетті көрнекі құралдар, техникалық құралдар
1. Студенттерді сабақ жоспарымен таныстырады.
2. Сабақ мақсаттарын анық хабарлайды, сабақ барысында студенттер нені білуі, игеруі қажеттілігін түсіндіреді
3. Пәнаралық бай-ланыстарға көңіл бөледі.
1. Оқытушыны тыңдайды.
2. Сабақтың тақырыбы, мақсаттары-мен танысады.
3. Тақырыптың өзектілігін, маңыз-дылығын анықтайды.
3 мин
Қосымша
№1
1. Студенттердің білімін ауызша сұрау.
2. Студенттердің білімін тестілеу арқылы бағалайды.
1. Ауызша сұрақтарға жауап береді.
2. Тест сұрақтарын жауап береді.
15 мин
1. Тәжірибелік тақырыптың терминдерімен таныстыру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Ақпарат көздерімен жұмыс жасауға бағдар беру.
1. Оқытушы-ны тыңдай-ды, пысық-тау мақса-тында бірігіп орындайды.
2. Қажет ақпараттар-ды дәптер-леріне жазады.
15 мин
1. Интерактивті тақтада дайындал-ған тапсырма береді.
2. Оқулықтан тапсырма береді.
3. Тапсырмаларды орындау жолын түсіндіреді.
45 мин
5 мин
Қосымша
№7
/интерак-тивті тақта/
5 мин
№1 Қосымша
Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру, студенттерді сабақтың жоспары мен мақсаттарымен таныстыру
Мәтіндік құжаттардың құрамында, негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі, кестелік, программалақ мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда мәтіндік файлдарға жатпайтын және енгізілген объектілер: сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер болуы мүмкін.
Мәтіннің жоғарыда аталған түрлерінен басқа тағы бір түрі гипермәтін болады, ол, негізінде Internet-те электрондық оқулықтарда, анықтамалар мен энциклопедияларда қолданылады.
№2 Қосымша
Студенттердің теориялық білімін бақылау
Студенттердің білімдерін тест тапсырмасы арқылы бақылау
Тест сұрақтары:
I - нұсқа
1. Microsoft Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
- сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту
- файл - Бөлектеу әмірін орындау
- сөздің алдын үш рет шерту
- сөзді шерту
- тінтуірді бос орынға шерту
2. Құжатқа мәтінді енгізу кезінде < Enter> пернесін қашан басу керек ?
- әрбір жолдың соңында
- әрбір сөзден кейін
- әрбір беттің соңында
- әрбір сөйлем соңында
- әрбір еже соңында
3. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?
- көк
- жасыл
- күлгін
- қызыл
- қара
4. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін . . . керек.
- құжатты жабу
- компьютерді қайта қотару
- құжат аймағының кез келген жерінде шерту
- құжатты сақтау
- құжатты ашу
5. Сөздегі қателерді түзету үшін . . . керек.
- Бас мәзірдің көмегімен Анықтама және қолдау қызметіне қатынау
- сөзді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту, мәтінмәндік мәзірде ұсынылған нұсқаны таңдау
- ақаулық туралы есеп жөнелту
- компьютерді қайта қотару
- компьютерді өшіру
6. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?
- Файл
- Өңдеу
- Көрініс
- Пішім
- Құралдар
7. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша көрсетіледі?
- жасыл
- көк
- күлгін
- қызыл
- қара
8. Қателерді тексеру және түзетудің қанша тәсілі бар?
- 5
- 2
- 3
- 4
- Дұрыс жауап жоқ
9. Қателерді тексеру және түзетудің тәсілдері?
- негізгі және қосымша
- негізгі және фондық
- монохромды және түрлі - түсті
- өздіктік, қолдан және өзауыстырғыш
- матрицалық, шектік және лазерлік
10. Мәтінді түгелдей бас әріппен теру үшін қай пернені басамыз?
- Esc
- Caps Lock
- Shift
- Enter
- Backspace
II - нұсқа
1. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін . . . керек.
- құжатты жабу
- компьютерді қайта қотару
- құжат аймағының кез келген жерінде шерту
- құжатты сақтау
- құжатты ашу
2. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша көрсетіледі?
- жасыл
- көк
- күлгін
- қызыл
- қара
3. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?
- көк
- жасыл
- күлгін
- қызыл
- қара
4. Microsoft Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
- сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту
- файл - Бөлектеу әмірін орындау
- сөздің алдын үш рет шерту
- сөзді шерту
- тінтуірді бос орынға шерту
5. Мәтінді түгелдей бас әріппен теру үшін қай пернені басамыз?
- Esc
- Caps Lock
- Shift
- Enter
- Backspace
6. Қателерді тексеру және түзетудің қанша тәсілі бар?
- 5
- 2
- 3
- 4
- Дұрыс жауап жоқ
7. Қателерді тексеру және түзетудің тәсілдері?
- негізгі және қосымша
- негізгі және фондық
- монохромды және түрлі - түсті
- өздіктік, қолдан және өзауыстырғыш
- матрицалық, шектік және лазерлік
8. Құжатқа мәтінді енгізу кезінде < Enter> пернесін қашан басу керек ?
- әрбір жолдың соңында
- әрбір сөзден кейін
- әрбір беттің соңында
- әрбір сөйлем соңында
- әрбір еже соңында
9. Сөздегі қателерді түзету үшін . . . керек.
- Бас мәзірдің көмегімен Анықтама және қолдау қызметіне қатынау
- сөзді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту, мәтінмәндік мәзірде ұсынылған нұсқаны таңдау
- ақаулық туралы есеп жөнелту
- компьютерді қайта қотару
- компьютерді өшіру
10. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?
- Файл
- Өңдеу
- Көрініс
- Пішім
- Құралдар
Тест эталоны:
I - нұсқа II - нұсқа
- a 1. c
- e 2. a
- d 3. d
- c 4. a
- b 5. b
- e 6. c
- a 7. d
- c 8. e
- d 9. b
10. b 10. e
10 дұрыс жауап «5»
9 - 8 дұрыс жауап «4»
7 - 6 дұрыс жауап «3»
5 және ↓ дұрыс жауап «2»
№3 Қосымша
Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру
Сабақтың тезистері:
- Мәтінді енгізу ережелері;
- Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелері;
- Емле ережесін тексеру.
1. Мәтінді енгізу ережелері
Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік процессорлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа еже бастау үшін Enter пернесін басу қажет.
Мәтіні түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, Caps Lock пернесін басу қажет. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.
Сөзді бас әріптен бастап теру үшін Shift пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет ( Caps lock пернесін режимы қосылып тұрмаса) .
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде тыныс белгілерін енгізу ерекшеліктерін де есте ұстау қажет.
Мәтіндегі қос нүкте белгісі сөзден кейн бос орын қалдырмай, бірден жазылады, ал одан кейін міндетті түрде бос орын қойылады.
Мәтіндегі жақшалар ондағы ұғымға жабыстырыла қойылады. Жақшадан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.
Тырнақшалар ішіндегі ұғыммен бірге жазылады. Тырнақша ашылар алдында және жабылғаннан кейін еш қандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.
Тырнақша жабылар алдында нүкте, үтір, қос нүкте және сызықша қойылмайды. Бұл таңбалар тырнақша жабылғаннан кейін қосымша бос орын қалдырылмай қойылады.
Леп белгісі, сұрақ белгісі және көп нүкте тырнақшаға алынған сөздерді қамтитын сөйлемге тұтастай қатысты бола алады. Бұндай жағдайда олар тырнақшадан кейін қойылады.
Көп нүкте де ортақ ереже бойынша жазылады: оның алдында бос орын қалдырылмайды, ал соңынан бос орын міндетті түрде қажет. Егер көп нүкте леп белгісімен не сұрақ белгісімен бірге келсе, бұндайда белгі мен екі нүкте жазылады.
2. Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелері
Мәтінге қатысты қандай бір әрекетті орындар алдынды мәттінің қажетті болігін- сөз, сөйлем, еже, т. б. бөлектеп алу керек.
Бөлектелген мәтін үзіндісі
Мәтін үзіндісін бөлектеудің бірнеше ережесі де бар:
- Мәтін үзіндісін бөлектеу үшінтінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, тінтуір жүгіргісін үзіндінің басынан айағына дейін жылжыту керек.
- Сөзді болектеу үшінжүгіргіні оның үстіне қойып, тінтуірді екі рет шерту қажет.
- Жолды бөлектеу үшіноның сол жағындағы бос орынды шерту керек.
- Бірнеше жолды бөлектеу үшінтінтуірмен бірінші жолды шертіп, сол жақ пернені басып ұстап тұрып, жұгіргіні жолдың соңын дейін апарып, содан кейін қажетті жолдың соңына дейін сүйреу қажет.
- Сөйлемді бөлектеу үшінCtrlпернесін басып ұстап тұрып, сөйлемді тінтуірмен шерту керек.
- Ежені бөлектеу үшінтінтуірмен еже басындағы бос орынды шерту немесе бөлектейтін ежені үш рет шерту керек.
- Бірнеше ежені бөлектеу үшінтінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, бірінші еженің басынан сол жақ шетпен сонғы еженің аяғына дейін жылжу керек.
- Тік төртбұрышты үзіндіні (кесте емес) бөлектеу үшінAltпернесін және тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, жүгіргіні бөлектенетін үзінді бойымен жылжыту қажет.
Мәтінді бөлектеп алғаннан кейін сіз оған қатысты қарапайым амалдарды, мысалы көшіру, жою, жылжытуды орындай аламыз. Бұл үшін мәзір жолағында орналасқан Өңдеу мәзірінің әмірлерін немесе Стандартты құралдар үстелінің батырмаларын қолдануға болады.
Мәтінді көшіру үшін
Көшіру
әмірін тандау қажет.
Ал егер мәтін үзіндісін бір бөліктен екіншісіне ауыстыру қажет болса, дәл сол қосымшада орналасқан Қиып алу деген әмір бар. Мәтін бөлігі аралық сақтағышқа салынады да, басқа Көшіру немесе Қиып алу әмірі орындалғанға дейін сонда жатады, содан кейін басқа мәтін бөлігіне ауыстырылады. Аралық сақтағышқа соңғы рет қандай мәтін бөліктері салынғанын көру үшін, Өңдеу қосымшасын ашып, Office аралық сақтағышын шертіңіз.
Көшірілген немесе қиып алынған мәтін бөлігін кірістіру үшін алдыңғы екі әмір сияқты
Өңдеу
қосымшасынан табуға болатын
Қою
әмірін
пайдалануға болады.
Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін:
- Мәтінді бөлектеп алыңыз.
- Жылжыту үшінҚиып алунемесеКөшіруәмірін орындаңыз.
- Жүгіргіні мәтінді қию қажет жаңа орынға апарыңыз. Егер ол орын басқа құжатта болса, сол құжатты ашыңыз.
- орындаңыз.
Word-та жұмыс істеу кезінде қандай да бір әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекетті болдырмай тастайтын Болдырмау әмірі атқарады.
Егер сіз қандай да бір қате әрекет жасап, нәтижелеріне көңіліңіз толмаса, мысалы өзіңізге қажетті мәтін бөлігін жойып жіберсеңіз, осы қызметті пайдалануыңызға болады. Бұл үшін
Өңдеу
мәзірін ашып
,
Енгізуді болдырмау
әмірін таңдаңыз немесе құралдар үстеліндегі
Болдырмау
батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы
<Ctrl>+<Z>
пернелер тіркемесін пайдаланыңыз.
3. Емле ережесін тексеру
Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіктік тексеру, қолдан тексеру және өзауыстырғыш.
- Өздіктік тексеру. Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өздіктік бақылау жасалып отырады. қателерібар сөздердің астынжасыл, алорфографиялық қателерібар сөздердің астынқызылтолқынды сызықпен сызады
![]()
Өздік тексеру
![]()
Қатесі бар сөзді ауыстыру
нұсқалары
- Құжатты қолдан тексеру. Қолдан тексеруді жүргізу үшінЕмле құралдарысұхбат терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үстеліндеЕмле тексеру грамматикаәмірін орындау қажет.
Сөздегі немесе сөйлемдегі қатені түзету үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертуі қажет, сонда қатені түзету нұсқалары ұсынылатын мәтінмәндік мәзір қалқып шығады.
Word бағдарламасы құжатындағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін тексеру қажет, өйткені жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Осы мәтінмәндік мәзірдің көмегімен сөзді сөздікке қосуға немесе осы сияқты сөздерді өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.
Емле және граматика сұхбат терезесі
- Өзауыстырғыш. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді ( қате терілген сөздерді ) өздіктік түзетуге арналған. Microsoft Word - та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа элемент үстеу параметрлеріәмірін орындау қажет, осының терезесі ашылады.
№4 Қосымша
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы
Қауіпсіздік техникасы ережелері
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
- Жалпы;
- ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
- Жұмыс кезіндегі;
- Апатты жағдайдағы;
- Жұмыс аяқталғандағы.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
- Компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте сақтаған дұрыс;
- Мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;
- Монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;
- Тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;
- Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты оқытушының рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- Арқаңызды тік ұстаңыз;
- Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын;
- Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз;
- ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық кемінде - 50 см;
- Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
- ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек;
- Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек;
- Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
1. Оқытушының айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек;
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек;
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
№5 Қосымша
Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz