Монография мәтініндегі терминдердің анықтамалық сөздігі

Монографияның мәтінде кездесетін терминдердің анықтамалық сөздігі .

Агрегат- бірнеше түрлі типтегі машиналардың, апараттардың тұтас бір жұмысты атқару үшін біріктірілуі.

Акцентуация- сөзде немесе фразада жекелеген элементтерді екпін белгілері арқыы ерекшелендіру.

Аллергия - түрлі тітіркеніштердің қайта әсеріне организмнің реактивінің өзгеруі.

Альбумин - жай ақуыздар, немесе суда еритін протиндер; жұмыртқа ақуызында, қанда сүтте кездеседі; басқада еритін ақуыздармен бірге кондитер жұмыстарында, дәрілер, желімдік заттар жасауда пайдаланылады.

Альтернативный - екі немесе бірнеше мүмкін шешімдерден бірін таңдау қажеттігі.

Амбиция- өзін-өзі сүюшіліктің күшеюі.

Амортизация- негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшу.

Антидепрессант- - психикалық қынжылушылықтарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар.

Антипод -қарама- қарсы.

Антициклон- тұрақты доғары атмосфералық қысым аймағы. Антициклонның орталығында қысым жоғары, шетінеқарай төмен болады.

Арбитаж- кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасындағы шаруашылық дауларын шешетін орган.

Ассамблея- халықаралық ұйымдарда кейбір басшылық органдардың аталуы.

Ассортимен т- тауарларды, заттарды немесе олардың сорттарын таңдау.

Ассоциация- бірігу.

Атрибут - бір нәрсенің тұрақты сипаты, заттың ажырамас құрамы.

Аукцион - тауарларды бұқаралық саудада сату.

Банкрот - берерменнің дәрменсіздігі.

Бартер- ақшалай есептеулерсіз, бір ғана келісім шарт негізінде тауар алмасу.

Бройлер- өсімтал, етті балапан.

Буфер- екі жақтың арасындағы дау -дамайды, қарамақарсылықты бәсеңдететін аралық звено.

Вариант- нұсқа.

Вегетация -өсімдіктердің толық өсіп дамуына қажетті кезең.

Вектор- - даму кестесі.

Верификация - теориялық жағдайлардың ақиқаттығын тексеру, нақтылықты тәжірибе жолымен тианақтау.

Встречный- кездеспе.

Гармония- үйлесімдік.

Гастроль- келуші артистің ән орындауы.

Ген- ататегі; шығу тегі.

Геном- өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының біркелкі хросомдар терімінде ұсталған гендер жиынтығы.

Гетерозис - өзгеру. Өсімдіктермен жануарлардың ата-аналық формалармен салыстырғанда, будандардың бірінші нәсілінің өсуін жеделдету және мөлшерін ұлғайту, өмірге төзімділігі мен төлдегіштігін жоғарлату.

Горизонт- - қабат, көкжиек.

Гормон- басқаша айтқанда инкрет- тікелей қанда өңделетін ішкі секреция бездерінің өнімі.

Грунтовая вода - ыза су.

Гуманитарный - адам табиғаты; білімділік: рухани мәдениет. Адамға және оның мәдениетіне қатысты.

Дебит- уақыт бірілігі ішінде су көзі беретін су мөлшері. Деградация- біртіндеп төмендеу.

Дезинтеграция- бүтін бір заттың құрамдас бөлікткерге бөлініп кетуі.

Декларация- мемлекет, үкімет, партия, ұйым атынан хабарландыру.

Демрграфия- ел халқы және ондағы өзгерітер туралы ғылым.

Демпиговые цени -экспортқа шығарылған тауарлардың бағасын немесе волютаны жасанды жолмен арзандату; мұндай баға ұждансыздық тәсілді бәсеке деп саналады. Бұл кейбір елдердің заңына қайшы, өйткені түсім өндіруге кеткен шығындардан төмен болады.

Депрессия - дағдарыс.

Десертный - жеміс жидектер немесе тәтті тағамдар.

Диагностика- ауру-сырқаулардың белгісін, диагнозды анықтау қағидалары мен зерттеу әдістерін үйренетін медицина бөлімі.

Диверсификация - кәсіпорынның өндіріс тиімділігін арттыру және экономикалық

өз өнімдерініңтабыс табу мақсатында өз өнімдерінің түрін көбейтуі немесе өзгертуі

Диета- тамақтану режимі, белгілі рацион.

Диктат - өз шарттарын мойындату.

Дискриманиция- айыра тану.

Дистрибьютер - дистрибутор- тарату, үлестіру.

Дифференциация- бөлшектену.

Дотация- мемлекет бөлетін жәрдем ақша сомасы.

Идентификация- анықтау.

Иерархия - төменгі деңгейлердегілерге бағыну.

Имплементаци я- мемлекеттің халықаралық-құқықтық нормаларды орындауы, іске асуы.

Инвестиция- ел ішінде және онан сыртта экономика салаларына капиталдың ұзақ мерзімге қойылуы.

Индекс -көрсеткіш.

Индикатор - процес барысын немесе бақылау обьектісінің жағдайын, оның сапалық, әлде сандық әлде сандық сипаттарын бейнелейтін құрал жабдық, элемент.

Инициирование - қолға алу, бастау, түрткі болу

Инновация- жаңалық енгізу

Интенсивный- күшейту

Интерпретация- түсіндіру

Инфляция- ақшаның құнсыздануы

Инфраструктура - өндіріске қызмет жасайтын және қоғамның өмір тіршілігішарттарын қамтамасыз ететін өмір салалары кешені

Кадастр- жер меншігі, оны иелену және оған ақы төлеу туралы толық мәләметтер тіркелетін мемлекеттік тізілімі

Капилляр -жер бетінің тарту күші әсерінен тау жыныстарының қуыстарында сақталатын жер асты суының бір түрі

Каптировать- жер астынан бұрғы арқылы қазап алынған су көзін пайдалану

Квота -үлес

Кластер- мемлекет алдында бірмақсатты мәселелерді орындайтын тәуелсіз кәсіп орын

Коллапс- толықсу

Коммуникация- қатынау долдары

Компенсаци - орнын толтыру, өтем

Компонент- сыңанр, бір нәрсенің құрамындағы бөлік

Кондиция- кемел

Концерванты - микроорганизмді бактериясыздандыруға әсер ететін антисептикалық заттар

Контекст -мағынасы бойынша мәтін бөлігінің аяқталуы

Континентальный климат - тәуліктік және жылдық температурасында үлкен ауытқушылық бар, жауын -шашын аз түсетін, ауа райы құрғақ, жазы ыстық, қысы суық климат

Конфронтация- майдандасу

Коцентрация- топтау

Концепция - тұжырымдама

Корпорация -професионалдық мүдделер негізінде құрылған одақ бірлестік

Криминальный - қылмыстылық

Лактационны й период- сауын маусымы

Либерализация - экономикалық параметрлер мен экономикалық қызметтердің әрқилы түрлеріне мемлекеттік бақлауды болдырмау немесе жұмсарту

Лидер -басшы

Лизинг- жабдықты, машиналарды, өндірістік мақсаттағымерзімді жалға алу

Локальный - жергілікті

Лицензия- мемлекеттік органдардан тауарларды сыртқа шығаруға не әкелуге рұқсат алу

Магистрал ь-екінші дәрежелі тармақтары бар негізгі жол

Макроэкономика - жалпы елдің экономикасына қатысты процестер мен ірі масштабтағы экономикалық құбылыстарды зерттеуге арналған экономикалық ғылымның тарауы, бөлімі

Маневр- орағыту

Мелиорация- жерлерді жақсарту

Мигранты - көшіп-қонушылар

Миф- қиял

Мобилизация- қандай да болса мәселені табысты шешуді қамтамасыз ететін жағдайға келтіру

Мобильность- жинақылық

Модернизация- қазіргі талаптарға сай жетілдіру

Модификация- түрі өзгертілген, арнаулы бір заттар қосып дененің қасиеттерін өзгерту

Мониторинг - үнемі бақылау

Мотивация - адамның өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекеті

Негатив - жағымсыз

Неолит - тас ғасырының соңғы кезеңі

Норматив - экономикалық, техникалық және т, б. Сәйкес жұмыстар мен бағдарламалар атқарылатын нормалар көрсеткіштері

Нотариус- түрлі деңгейдегі құқықтық актлерді растаушы

Нутрионтология - тамақ туралы ғылым

Ордонанс - үкіметтің немесе мемлекет басшысының үкімі

Палата- заң шығаратын мекеме

Параметр - қандайда болмасын құбылысты сипаттайтын өлшем, белгісі

Паритет- теңдік

Партия - топ

Плантация - көлемді егіс алқабы

Плато - айқын байқалатын тік беткейлі, мұхит деңгейінен200 м жоғары орналасқан тегіс жазық

Плюрилатеральный - басқа мемлекеттің қосылуы үшін ашық келісім шарт

Позитив- жағымды

Позиция - ұстаным

Популяция - жеке түр

Пропорция- шамаластық

Раунд- келесісөздер туры

Рейтинг- дәргей

Реформа- өзгеріс

Рацион - белгілі мерзімге тамақ өлшемі

Саванна - арасында жеке өскен ағаштары мен бұталары бар тропиктік өсімдіктер типі

Синоптический - бәрін шола алатын

Социальный статус - әлеуметтік мәртебе

Синтез- жинақтау

Социум- айқын типтегі адамдар қауымы; жамағат

Стратегия- басшылықтың дұрыс және ұзақ мерзім жобаға негізделген жоспарлау өнері


Ұқсас жұмыстар
6 А сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің орта мерзімді жоспарлары: әдеби тіл мен мәтін, сөзжасам, морфология, сын есім, сан есім
Бояулар сыр шертеді: сурет пәні үшін сайыс сабақ жоспары
8-сынып үшін Қазақстанның климаты: 34 сағаттық таңдау курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
2013-2014 оқу жылына арналған мектептерде пайдалануға рұқсат етілген оқу-әдістемелік құралдар мен әдебиеттер тізімі (ҚР БҒМ бұйрығы №146, 22.04.2013, Қосымша 8)
Сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалану: кітапханалық-библиографиялық сабақ
7-сынып физика сабағының қысқа мерзімді жоспары: Заттың тығыздығы
2013-2014 оқу жылындағы 11 сынып оқушыларына арналған Тіл белесі арнайы курсының бағдарламасы
Диалогтік оқытудың сабақтағы тиімділігі: тілдік дағдылар мен сыни ойлауды дамыту тәжірибесі
2013-2014 оқу жылы 8-сыныпқа арналған биология емтихан билеттері (1-25): анатомия, физиология, гигиена және алғашқы көмек
6-А сынып қазақ әдебиеті: Жеті модульге негізделген орта мерзімді жоспарлар (Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір, XIX-XX ғасыр әдебиеті)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz