Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Баяндама

Тақырыбы:
Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид.

Дайындаған:
педагог-психолог: Г.Ш.Утембаева

2016-2017 оқу жылы

Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид.

Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің
қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға
бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы
қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші
алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады.
Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл,
жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты
қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай
тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған
жеткіншектік ұл - қыздардың арасында кездеседі.
Жеткіншек кезеңде  суициалдық  мінез-құлықтың  кейбір өзгешеліктері болады.
Жеткіншектер арасында  ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау
жиі кездеседі. Бірақ олардың  азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына 
жетеді. Суициалдық мінез-құлық  бұл жаста көп жағдайда   демонстративтік
сипат, сонымен бірге байбаламдық  сипат алады. Психолог-ғалым
 А.Е.Личконың  көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы
өлгісі келетін  ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы
болып есептелінеді.
Міне, осы жағдайлардың  барлығында психолог пен отбасының көмегі
қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін  және оның
не үшін  қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен
шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға  ұялады. Ал бұл екеуінің
арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен  айтқанда, психиатр ауруларды
емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарға кеңес беріп
кезікке мұқтаждықтан шығуға көмектеседі. Дегенмен, депрессиялық жағдайда
адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы,
түсіністігі мен демеуі қажет. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі
агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның
агрессиясы  бірінші кезекте өзіне, содан соң  жақынына және қоршаған
ортасына бағытталады. Көп жағдайда  жақындары немесе қоршаған ортасы  оның
бойындағы өзгерістерді  түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны
көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан,
жеткіншек шақтағы жастарға, оқушыларға кез-келген жағдай жайменен түсіндіру
қажет. Және ата-ана өз балаларының жағдайларына жеткіншек шағында көбірек
көңіл бөлуі қажет.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын
қоғаммен  байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз  рухы әлсіз, қорқақ және
мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид
ешкімді де сырт айналып кетпейді екен.  Кейбіреулерінде суицид тұқым
қуалайтын ауру болып саналады.

Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін
кешенді ем-дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық келесі сатыларда
психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті
суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар  жүргізіп, арнайы
жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі  иманда - дейді  діндарлар, бұл
пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі  өзіне өзі қол жұмсау - күнә
болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам  үшін ғана емес, жалпы
мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының
азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық  шығынға да
батырады
Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған
оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырдан бері келе жатқан
«құдай өзі берген жанын өзі ғана ала алады» деген ежелгі қағидасына қарсы
шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, қоштасуының сыры неде? Медициналық -
психологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда, оның сыры да, себептері де
көп көрінеді. Ал, жалпы адамның өзіне өзі қол жұмсауы ғылымда «Суицид» деп
аталады. Суицид - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі
өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп
қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру,  рухани азап және
психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып
аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. Өз-
өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем
мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденді. «Сәуір - ең қатыгез ай»- деген
американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы
көрсеткіштен 120% жоғары болатын көрінеді

Суицидтік әрекеттерге ұшыруадың мынадай факторлары бар:
1.   Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге
деген құштарлықтың төмендігі;
2.   Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;
•         Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;
•         Келешекке деген жоспардың болмауы;
•         Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.
1.   Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера
•      Жұмыссыздық, кедейшілік ( материалдық жағдайдың жетіспеуі);
•      Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;
•      Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара
жиі конфликт, ұрыс-керіс);
•      Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б.
Өзіндік «менінің» төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.
Адам уақытта өмір қағидаларына мойынсұна бермейді. Өзін-өзі
өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі.
Өмір сүру жауапкершілігінен қашып, суицидтік іс-әрекеттің шырмауына жүрген
жандарды қалай анықтай аламыз?
•      Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш, монотонды дауыс;
•      Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;
•      Іс-шарасыздық, қарым-қатынастан қашқақтау.
Психикалық бұзылыстар көріністері:
•      Жылауықтық;
•      Ауыздың кебуі;
•      Тахикардия;
•      Демнің жетпеуі;
•      Бас аурудың жиілігі;
•      Дене салмағының түсуі;
•      Тәбеттің қашуы;
•      Кеуденің ауырлығы.
Демонстрациялық мінез-құлық көріністері:
•      Өз-өзіне қол жұмсау қорқыту;
•      Қан тамырларын кесу;
•      Дәрі-дәрмек ішу;
•      Өзіне назар салуды талап ету.
Адамның түйсігі өте нәзік демекші, суицидтің жоғарыда
аталғандай көріністері байқалған жандармен сөйлескенде, қарым-қатынас жасау
барысында сауысқандай сақ болу керек. Өйткені әлденелердің онын «апатты
жағдайда» тұрған көңіліне зақым келтіру мүмкін екендігін ескерейік.
Суицидиалдық әрекет мүмкін болған жағдайда, оны жалғыз қалдырмаған дұрыс.
Оны қинаған ойларды ашып алғаннан соң, оған үміт беріп, қиындықты шешу
жолдарын айтқан дұрыс. Оларға бір эмоцияның жетегінде кетпеуге көмек беріп,
қиындықтар уақытша, өтпелі екенін түсіндіруіміз керек. Оны ешкіммен
салыстырмаңыз, сенің іс-әрекетің ұят деп айтудан аулақ болыңыз. Саналы адам
жоқ қоғам, қанатынан айырылған құстай. Жағымсыз себептердің адамдардың
ойларын дауылдай әр жаққа ұшырып әкететіні рас қой. Өмір онсызда күрмеуге
келмейтін жіптей қысқа. Өлімде аңсамау керектігін түсінейік.
Сонымен, суицид немесе өзіне - өзі қол жұмсау, адамда ауыр хал
немесе қауіпті жағдайлар туғанда, жан дүниесіндегі күйзелістерде, шамадан,
шыдамнан тыс ашулағанда пайда болады. Қоғамда өлім жайындағы тыйым салынған
тақырыптар қатарында мазасыздану, алаңдау, кернеу сезімдері туындайды.
Жеткіншектік кезеңдегі суицид бұл көмекке шақыру, жан айқайы,
өзінің ситуациясына өзгелердің назарын аудартуға тырысу. Бұл жерде шынайы
өлім тілегі болмайды, өлім туралы ойлары анық емес, инфантильді түрде
болады. Жеткіншектік кездегі суицидті мінез-құлық өмірлік тәжірибенің
жеткіліксіздігімен байланысты болады.

   Жеткіншектік кезеңдегі тағы бір  суицидке әкелетін мінез-
құлықтың қалыптасуына ісер етуші келесі фатор – нашақорлық. Есірткі
препараттарын қолдану тұлғаның өзінің іс-әрекетін мотивациялық тұрғыдан
қадағалауын  әлсіретеді, депрессия күйін күшейте түседі немесе психоздың
пайда болуына себепші болады.
Суицидті мінез-құлыққа бейім жеткіншектерге тән  ішкі қобалжу
сипаттамалары:
•      Үмітсіздік, тығырыққа тірелу сезімдерінің болуы. Бұл жағдайда
жеткіншектер проблемаларының шешімдерін табуға қабілетсіз болады.
•      Әлсіздік, өзінің жеке өмірінің құбылыстарын бағдарлай алмауы. Оның
өмірін басқа  адамдар мен түрлі жағдайяттар бағыттап отырады.
•      Жалғыздық пен оқшаулану сезімі: «Маған ешкім көмектеспейді, мені
ешкім түсінуге қабілетсіз»
•      Толымсыздық, мәнсіздік сезімі;
•      Жеткіншектер арасындағы қарама-қайшылықтар, өлуге деген тілек пайда
болады, бірақ бұл көмекке шақыру әрекеті болуы мүмкін.
•      Сезімдердің, көңіл-күйдің тез ауыспалдығы.
•      Апатия, қызығушылықтарының жоғалуы. Уақытты бос, еш пайдасыз
өткізуі, депрессия, ерік-жігердің төмендеуі;
•      Ағымдағы қызметтің атқару мен іс-әрекетті жоспарлауға қабілетсіздік.
Шынайы өмірден қашып аутистикалық қиялдар әлеміне өту.
•      Дау-жанжалдарға қарсы тұрудың төмен деңгейі, түрткісіз агрессияның
күшейюі, сәтсіздіктерге жоғары  сезімталдықпен күшті реакция таныту.
Жеткіншектік кезеңде суицид мінез-құлық белгілері көрінген балалармен
психологиялық профилактикалық жұмыстар мен коррециялық жұмыстарды үйлесімді
жағдайда жүргізу керек.
Біздің кеудемізде жанымыз болғанымен оны өз еркімізбен қиюға
хақымыз жоқ. Өмір Аллаһтың адамдарға берген аманаты. Шариғат заңдары
адамдарға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ол туралы хадисте: «Егер кісі
өзін өлтіру үшін нені қолданса, қиямет күні сонымен азапталады» деген Ислам
дінінде жасаушылардың күнәсі адам өмірінен де ауыр.

Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің өзіне - өзі қол салу мәселесі
Жасөспірімдік кезең
Жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез–құлықтың себептері және болдырмау жолдары
Біріншісі - шынайы суицид
Интеграциялық сабақ - пәнаралық байланысты жетілдіру
Қоғамдағы өзекті мәселе суицид
Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы
Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары
Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат
Тұтқын бала әңгімесі
Пәндер