Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен!

Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп - лицейі.
Тақырыбы :
Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен !
Өткізген : Досанова Сәуле Молдабекқызы .
2009 - 2010 оқу жылы
Мақсаты : Оқушыларға А. Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Өз халқының салт - дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, Абай Құнанбаевтың суреті
Кіріспе .
Мұғалім : «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген ұлы ғұлама әл - Фараби .
Олай болса, білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін отыз баланың артында, алпыс ата - ана бар екенін ұмытпауымыз керек .
1 - кезең . Балам - менің болашағым .
- - Бала деген кім ?
* Ата -аналар жауабы :
“Ертеде бір адам ғұламаға келіп :
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? - деп сұрапты .
Ғұлама :
- Балаңыз қаншада ? - деп өзіне сұрақ қояды .
- Бес - ақ ай толды, - дейді анау . Сонда ғұлама басын шайқап :
- Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен “. Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .
Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен - ата - ана .
2. Сұрақ - жауап.
1
. Отбасының қорғаны кім?
2
. Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3
. Отбасыңызда ұлттық салт - дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5
. Балаңызға кімді үлгі тұтасыз ?
6
. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
Ата - аналардың пікірі тыңдалды .
2 - кезең . Аталар сөзі - тәрбие көзі
- Ата сәлеметсіз бе ? Айтыңызшы жақсы деген немене ?
- Амансың ба, балам ? Жақсы дегеніміз мыналар :
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам - жақсы адам, балам . Жақсы дегеніміз осы .
- Ассалаумағалейкум, ата !
- Айтыңызшы, жаман дегеніміз не?
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, бес дұшпаның білсеңіз . Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның, балам .
Қане енді оқушылардан сұрап көрейікші . Абай атасының өсиеттерін білер ме екен ? Жақсы дегеніміз не, балаларым ?
1- оқушы . Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады .
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады .
2 -оқушы . Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық .
Тап - таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3 - оқушы . Жаман бала құрысып,
Өз - өзінен тырысып .
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып
4 - оқушы . Жақсы бала әрдайым,
Деп «Ұятқа қалмайын »
Сабағына барады,
Күнделікті дап - дайын.
5 - оқушы . Үлкенді де сыйлайды,
Достарын ол жинайды
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа қимайды
6-оқушы . Анау бала, қолын қара,
Кір қожалақ қап -қара .
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты -ау масқара!
7 -оқушы . Мына бала, бұған да қара,
Ұқыпты ол тап-таза .
Ерте тұрып, бетін жуып,
Ұялмай шығар тақтаға.
8- оқушы : Түйіп зерде, ойыңа
Жастайыңнан ұғып қал .
Үйлеспейтін бойыңа
Қандай жаман қылық бар ?
«Бес нәрседен қашық бол!»
Деген Абай атамыз .
Әдепсізге машық сол
Бес жаманды атаңыз.
9 - оқушы : Өтірік, өсек, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ .
Сақтандырған атамыз,
Бес жаман іс аңғарсақ.
Тамсандырып баршаны,
Аңыз болған көп елге,
Айтындаршы, ал қане,
Әдептілік деген не?
10- оқушы : Әдептілік -бұлақтай
Тазалығы арыңның .
Өлшемі - ол сынаптай
Бойыңдағы барыңның .
Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен . Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз . Жақсы бала осы қасиететтерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады . Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек ?
1. Білер қазақ баласы :
Сәлем -сөздің анасы .
11 - оқушы .
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен :
«Қайырлы таң !» - деймін мен .
Күндіз де елді елеймін :
«Қайырлы күн !» - тілеймін .
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін :
«Кеш жарық !» - деп кіремін .
(Е. Өтетілеуұлы )
12- оқушы .
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем .
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем .
(Ә. Асылбеков )
13- оқушы .
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз .
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
- Сәлеметсіз бе, ағай ! - деп,
- Сәлеметсіз бе, апай ! - деп,
- Есенсіз бе, әжей ! - деп,
- Амансыз ба, атай ! - деп
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі ұланбыз .
Ән : «Болайықшы осындай »
2. Тазалық пен ұқыптылық .
Мұғалім: «Тәні саудың дені сау » - дейді халық . Әрқашан да мұнтаздай таза да сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек ?
14- оқушы .
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі - жиі жуын сен .
Таңертен де, кеште де,
Жуын күндіз, түсте де .
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде .
Су мен сабын - бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас .
(Е. Өтетілеуұлы )
3. Бәрін өзім жасаймын .
Мұғалім : Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де, күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет .
15 - оқушы . Ата - анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек . Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет .
16- оқушы . Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн . «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
4 . Ас үстінде .
17- оқушы . Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек . Кір қолмен тамақ ішу - тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті . Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама . Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма .
18- оқушы . Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс . «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар .
19- оқушы Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек . Нан турасып, ыдыс - аяқ қойысуға көмектесуге болады . Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды .
5. Телефонмен сөйлесу .
20 - оқушы . Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес Егер нөмірді дұрыс термесең кешірім сұра .
1. Көрініс
Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға отырды . Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді . Әке -шешесі баласына өздерін жоқ деп айтуды өтінді.
Ата -аналар пікірі тыңдалды .
2. Көрініс
Таңертеңгі мезгіл . Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді . Әкесі баласын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды . Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды .
Ата-аналар пікірі тыңдалды .
3. Көрініс
«Жақсыны үйрен, жаманнан жирен»
(6-7 бала футбол ойнап жүреді . )
Мұғалім : Балалар жүр көшеде
Естіледі шу - айқай .
Ербол шықты елеңдеп,
Қағып кетті көршіні
Қапылыста байқамай .
Мұндайда не деу керек ?
Оқушылар : «Кешіріңіз» деу керек .
(Мұғалім мен Ербол оқушы . )
Мұғалім : Ерте тұрып, мектепке
Ербол келді сабаққа .
Қарсы алдынан кезігер
Ұстазы оның әр уақытта .
Ұмытты Ербол бұл кезде
Ұстазына не дейді ?
Мұндайда не деу керек ?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу керек.
Мұғалім : (Ауыр сумка арқалап әже өтіп келе жатады . )
Ауыр сумка көтеріп,
Белі кеткен иіліп,
Келе жатты қарт ана .
Ербол қарсы кезікті,
Өте шықты жанынан .
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар : «Көмектесейін» деу керек.
Мұғалім : (Апасы базардан келе жатыр, Ербол қуанып алдынан шықты )
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді .
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді .
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар : «Рахмет»деу керек.
Мұғалім : Сыйлап үлкен адамды, сәлем берген баланы «Кім дейміз?»
Оқушылар : Әдепті екен бұл дейміз .
Мұғалім : Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
«Кім дейміз?»
Оқушылар : Ұқыпты екен бұл дейміз .
Мұғалім: Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
«Кім дейміз?»
Оқушылар : Үлгілі екен бұл дейміз .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz