5-сынып информатика пәні: Блокнот пен Калькуляторға арналған сабақ жоспары

Күні: 14. 04. 2014 жыл

Сыныбы: 5 «a»

Пәні: Информатика Уақыты:

Тақырыбы: Блокнот. Калькулятор

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушыларға стандарттық бағдарлама құрамындағы блокнот және калькулятормен таныстыру, жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Оқыту әдісі: , тәжірибелік, тест, ойын

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, бейне баян, активойт

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру /1 мин/

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Сабаққа назарларын аудару;

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою /5 мин/

Электронды поштадан бейне сұрақ

Стандартты бағдарламалар құрамын атаңдар

/демонстрациялық көрнекілікпен таныстыру/

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /14 мин/

Блокнот - мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа .

Оның ерекшелігі - онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мұмкіндігі қарастырылмаған. \

Блокноттың қызметі - мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы - ол өте жылдам жүктеледі.

Калькулятор стандарттық программа - сандық ақпараты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі. Калькуляор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады. Сандық мәндерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

Дәптермен және кітаппен жұмыс «Түйін»

Блокнот - мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа .

Калькулятор стандарттық программа - сандық ақпараты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.

ІV. Бекіту кезеңі /15 мин/

№1 Оқушылар тапсырманы таратпа қағаз арқылы бөліп алып, компьютерде орындау

№2

  • Ботаның салмағы - 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?
  • Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

№3

  1. Калькуляторды іске қосыңдар: БастауБарлық программалар-Стандарттық-Калькулятор.
  2. Түр мәзірінде Инженерлік режимді таңдаңдар.
  3. Қарапайым режимге көшіріңдер.
  4. Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.
  5. Түр - Цифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар.
  6. Түр - Журнал таңдаңдар. 2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.
  7. Журалды тазалаңдар: Түзету - Журнал - Тазалау.

V. Қорытындылау кезеңі /8 мин/

Активойт құралымен тест жұмысын алу

  1. Мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым құрал?

А) Word B) Блокнот С) Калькулятор

  1. Сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі?

А) Word B) Блокнот С) Калькулятор

  1. Жеңіл, оңай есептеулерді қай режимде жүргізуге болады?

А) қарапайым B) инженерлік С) жалпы

  1. Цифрлық қосымшаны қай перненің көмегімен енгіземіз?

А) Word B) Num Lock С) Delete

  1. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы?

А) жылдам жүктеледі B) жылдам есептеледі С) өте баяу жүктеледі

  1. Қай редакторда әріпті және абзацты пішімдеу қарастырылмаған?

А) Word B) Блокнот С) Word Pad

VI. Үй тапсырмасын беру /1 мин/

§27. Блокнот және Калькулятор, бақылау сұрақтарына дайындалып келу

VII. Оқушыларды бағалау /1 мин/

Аты-жөні
№1
№2
№3
Тест
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:
Аты-жөні:
№1:
№2:
№3:
Тест:

Ұқсас жұмыстар
5-сынып информатика пәні: Блокнот пен Калькулятор бағдарламаларына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған ашық сабақ: Калькулятор және Блокнот (информатика)
Сандық ақпаратты өңдеу: блокнот пен калькуляторды оқытуға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-сынып информатика пәні: Ақпарат түрлері - сабақ жоспары
7-сынып информатикасы: Блокнот программасын оқытуға арналған сабақ жоспары
8-сынып информатика пәні: Инженерлік калькулятор сабақ жоспары
7-сынып: Блокнот қолданбасымен танысу және WordPad-пен салыстыру
Блокнот мәтіндік редакторын іске қосу және WordPad-пен салыстыру: сабақ жоспары
Файлдар, бумалар және жарлықтар: 5-сынып информатика пәні үшін сабақ жоспары
7-сынып информатикасы: Блокнот және Калькулятор бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz