Тақырыптық күнтізбелік жоспар. Алгоритмдеу негіздері

Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Сағат саны
1-тарау. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
6/5
7/6
8/7
9/8
9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков,, Г. Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
№ 1 сабақ
Күні Сыныбы
Тақырыбы: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік : Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : Компьютер, тақта,
Сабақтың өту барысы :
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
.
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
- Жалпы
- ДК-де жұмысты бастау алдында
- Жұмыс істеу кезінде
- Авариялық жағдайларда
- Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
- Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
- Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнешежаттығу орындау керек.
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
- Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру) ;
- Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
- Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмеккөрсету;
- Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежакын жердегі емдеу мекемесінен) .
Күйгенде көмек керсету:
- Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка) ;
- Күйген жеріне май жағу (винилин) ;
- Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежақын жердегі емдеу мекемесінен) .
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) .
Демі токтағанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалғанболса. қолмен орнына келтіру;
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежакын жердегі емдеу мекемесінен) .
- Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмандар.
- Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.
№ 2 сабақ
Күні Сыныбы
Тақырыбы: Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгоритм, программа ұғымдарымен танысады. Алгоритмнің орындалуы, алгоритм қасиеттері туралы түсінік алады. Оқушылар тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі : жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы :
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
- Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
- Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
- Тапсырмаларды орындау (15-минут)
- Сабақты бекіту (6-минут)
- Оқушыларды бағалау (2-минут)
- Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы тексеру: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы тақырыбы бойынша .
Проблеманың шешімін табу:
«Алгоитм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоитм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algoritmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Сонымен: алгоитм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмді орындаушының ролін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот атқарады. Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгоритм қасиеттері:
- Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, анықталған болу керек.
- Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үгкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.
- Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.
- Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
- Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындаушы өз әрекеттерінің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып, белгілі бір нәтиже алады.
Үйге тапсырма.
- Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі бірнеше алгоритмдерден мысал келтіріңдер.
- Берілген формула бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар:
y= (5х 2 -4) (х 2 +7) .
№ 3 сабақ
Күні Сыныбы
Тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгоритмді жазу жолдарымен танысады. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі туралы түсінік алады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі : жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы :
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
- Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
- Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
- Тапсырмаларды орындау (15-минут)
- Сабақты бекіту (6-минут)
- Оқушыларды бағалау (2-минут)
- Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Т-кестесі:
Проблеманың шешімін табу:
Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
- табиғи тілдегі жазыуы;
- белгілі бір түйінді сөздер - терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды;
- графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
- программалау тілдеріндегі жазылуы.
Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп аталады.
Алгоритм схемасын оның блок-схемасы деп атайды.
Мектепте оқып үцренуге арналған алгоритмдік тіл деп- орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды
Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын
Үйге тапсырма.
у=(ах 3 +b) / (cх 3 +d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құру керек.
№ 4 сабақ
Күні Сыныбы
Тақырыбы: Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезедері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерде есеп шығармас бұрын оның мазмұнына қалай талдау жасайтынымызды үйрете білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту .
Сабақтың түрі: практикум
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар : компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
2. Алгоритмдік тіл деген не?
3. Кодтар тілі дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс және ол төмендегі кезеңдерден тұрады:
- Есептің берілуін ауызша сипаттау.
- Есепті математикалық түрде өрнектеу, (есептің берілісін жазу)
- Есеп шығарудың компьютерде ыңғайлы сандық тәсілін анықтау.
- Есеп шығарудың алгоритмін құру.
- Есепті компьютерде шығарудың программасын құру және оның қатесін түзету.
- Есепке керекті мәліметтер дайындау.
- Компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
Берілген есепті матиматикалық түрде өрнектеу дегеніміз-есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды, өрнектерді анықтау болып саналады.
Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есеп шығарудың сандық тәсілін табу не анықтау болып табылады. Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген сандық тәсілі белгілі. Соның ішінен өзімізге тиімдісін таңдап алуымыз керек. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін, нәтижені жылдам табу мүмкіндігін, мәлімет дайындау мен есеп шығару құнын салыстыра отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін құрғанда, оның шығару жолы тізбектелген іс-әрекеттердің схемасы түрінде кескінделеді.
Сонымен есеп шығаруда жоғарыда айтылған әрекеттер тізбегін орныдау ұсынылады.
Есепті мәселе ретінде қойғаннан кейін, оны ықшамдап, шығару алгоритмін құру керек. Ықшамдау кезінде белгілеу таңбалары енгізіледі де, яғни айнымалылар, тұрақтылар белгіленіп, есептеу формулалары, теңдіктері айқындалады.
Сабақты бекіту:
1 . Алгоритмдердің қасиеттерін ата.
2 . Алгоритмнің жазу жолдарын ата.
3 . Алгоритмнің график түрінде кескінделуін ата.
4. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
5 . Программалау тілінің жалпы ережесі.
ЕСЕП: Центрі координаталар басында жататын шебер радиусы берілген. Координаттары (бүтін) белгілі А(х, у) нүктесінің шеңберге тиістілігін анықтайтын алгоритм жазыңыз. Нүкте шеңбер сызығының бойында жатса тиісті болады.
алг шеңбер мен нүкте;
арг бүт А, Х, У: бүт R: нақ S;
нәт лит Z;
басы
;
eгер R<=S
oнда Z:= «нүкте шеңберге тиісті»
әйтпесе Z:= «нүкте шеңберге тиісті емес»
бітті;
соңы .
ЕСЕП: Барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табатын алгоритм жазыңыз.
Алғашқы екі таңбалы сан 10 соңғысы 99.
алг екі таңбалы сан;
арг бүт max: бүт i:
нәт нақ S;
басы
i:=10; S:=0;
әзір i<=99
цб
S; =S+i;
цс;
соңы.
Үйге тапсырма беру: 1. 10 тақырыптарын оқу, 32 беттегі тапсырманы орындау.
№ 5 сабақ
Күні Сыныбы
Тақырыбы: Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы.
Мақсаты:
Білімділік: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.
Дамытушылық: Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.
Тәрбиелілік: Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.
- Паскаль тілі
ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ . . . т. с. с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.
Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:
Түйінді сөз - мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2. 2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор - айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар) .
Мыс:
x=9, y01:=0. 1, y02:=0. 5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.
2. Тілдің алфавиті.
Паскаль - тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.
Барлық латын әріптері - A … z;
Сандар: 0 . . . 9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F) ;
Арифметикалық амалдар: +, -, *, /
Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:
div - бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.
10 div 3 = 3
mod - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
and - және (логикалық көбейту) операциясы;
or - немесе (логикалык косу) операциясы;
x and y > 0
not - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
true - ақиқат
false - жалған
div - бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.
mod - қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.
And - және (логикалық көбейту) ;
or - немесе (логикалық қосу) ;
not - емес (терістеу) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz