Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Төрт түлікті құрметтейік

Тақырыбы: Төрт түлікті құрметтейік.
Мақсаты: Оқушыларды төрт түлік малдың тарихымен
таныстыру, көшпелі қазақ халқының өмірі төрт
түлік малмен байланысты болғанын түсіндіре
отырып, малдың алатын орны мен пайдасын
түсіндіру.
Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, жұмбақтар, буклет.
Кіріспе сөз.
Халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп- ғұрыптары, жоралғылары,
рәсімдері, кәделері, салт-санасы, наным- сенімі, түсінігі төрт
түлік малға байланысты болған, себебі мал арқылы өмірін,
тұрмыс-тіршілігін айқындаған. Малсыз өмірді көз алдына
елестеу қиын болғандықтан шығар. Мал-жаның аман ба?
деп, амандық сұрауды малдан бастаған.
-Балалар төрт түлік малға нелер жатады?
-Төрт түлік малға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады.
Олардың төлдерін –құлыншақ, ботақан, қошақан, лақ,бұзау
дейміз. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп айтылады. Қазақ атамыз
малдың пірлеріне сыйына отырып, малдардың көп болып өсіп- өнуін
тілейді.Енді осы төрт түлік
малдың пірлерімен танысайық.

Жылқы атасы-Қамбар ата
Түйе атасы - Ойсылқара
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой атасы- Шопан ата
Ешкі атасы- Сексек ата
Көрініс Төлдер айтысы.
Мұғалім: -Сендер босқа айтысасыңдар, әрқайсыларыңның
өз орыңдарың бар, адам үшін барлықтарың да
пайдалысыңдар. Сендерді балалар күтіп отыр.
Сендерге арналған мақал- мәтелдер, тақпақтар
бар екен. Соны тыңдайық. Өздеріңнің адамға
қаншалықты пайдалы екендіктеріңді білетін боласыңдар.

Қазақ халқының негізгі тіршілігі малмен байланысты
болғандықтан, оның қасиетіне келешегіне назар аударып
көрейік.

Жылқы: жылқы қазақтың мінсе көлігі, жесе азығы, қымызы
сусын, терісі бағалы шикі зат. Көне тарих беттерінен небір
алапат жаугершілік замандарда ел қорғаған, жер қорғаған,
қалың жауға қарсы шапқан сарбаздардың бірден-бір сенімді
серігі жылқы екенін көреміз.
Жылқы біздің заманымыздан алты- жеті мың жыл бұрын қолға үйретіліп, адамға
серік бола бастаған. Сапалық ерекшеліктері сан алуан жүйрігі, жорғасы,
аяншылы, желгіші,
жүк тартқышы бар. Бұл өзі суыққа төзімді мал. Сондықтан сары аязда, қыс
бойы далада, қалың қарды теуіп жайыла береді.Өйткені жылқының майы суыққа
тез тоңбайды.
Еті де, сүті де басқа түлектерден өзгеше. Сонысы үшін де қазы-қарта, жал-
жая дегендер айтулы тамақ болып саналады.
Жылқының жаңа туған төлі құлын деп аталады.

Құлын,жабағы, тай , құнан , дөнен , бесті, бие,ат, айғыр

деп жасына қарай ажыратылады. Түйе:
түйе малы тұқымына қарай бір өркешті, қос өркешті
болып бөлінеді.Бір өркешті түйені нар деп дейді. Түйенің
сүті ежелден халқымыздың негізгі ас- тағамының бірі болып
саналады. Түйе сүтінен түрлі- түрлі дәмді тағамдар құрт, май,
ірімшік жасайды.
Шұбаты әрі сусын, әрі тамақ. Оның әсіресе емдік қасиеті күшті. Түйенің
жаңа туған төлін бота дейді. Бота өте сұлу болады.
Өсу жолдары:
Бота, тайлақ, буыршын, буырлы, інген, атан, бура.

Сиыр: сиыр малының да адамға көп пайда әкелетіні сөзсіз.
Ерте кезде сиырды күш көлік ретінде пайдаланған. Сиыр малы ет
пен сүті үшін өсіріледі. Сиыр сүтінен жасалатын тамақтың түрі көп-ақ: құрт,
май, ірімшік, кілегей,
қаймақ, айран, қатық, сүзбе, іркіт жасалады.
Сиырды жасына қарай:
Бұзау, баспақ, торпақ, тана,тайынша, қашар, құнажын, дөнежін сиыр, өгіз,
бұқа.

Жалпы сиыр 20-30 жас жасайды.

Қой: қой күйіс қайыратын аша тұяқты, жүні тығыз, уақ мал.
Төрт түлік ішіндегі аса жуасы, момыны. Қойдың етін, сүтін былай қойғанда
жүні де ең бағалы зат. Жүнінің ең пайдалысы
күзем жүн. Киіз үйдің есігі, туырлығы, түндігі қой жүнінен
басылған киізден жасалынады.Бұл киіз әрі жеңіл мықты, суыққа жылы, ыстыққа
салқын болады. Қойды жасына ,еркек
ұрғашысына қарай атаулары болады.
Өсу жолдары:
Қозы,көбеген, марқа, көрпеш, тоқты, бағлан, тұсақ, көбей, сек, саулық, қой,
қошқар.

Ешкі: ешкі қойға қарағанда жүрдек, қағылез келеді. Ешкі
Ыстыққа да, суыққа да шыдамсыз, қорқақ. Ешкінің мүйіссізі
де болады.
Ешкі сүті сиыр сүтінен сапалы болады.Ешкі жүні, терісі, сүті,
еті үшін өсіріледі.
Ешкінің өсу жолдары:
Лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке, теке.

Ешкінің елу-алпыс пайызы егіз туады. Ешкі төрт түлікке
қоймен қосылып, айтылатын мал. Бірақ адам үшін пайдасы
төрт түліктің ешқайсысынан кем емес.
Көрермендермен жұмыс.
Әдеби - музыкалық монтаж.
оқушы. Шөре-шөре ақ лақ,
Шұнаңдамай келе ғой.
Ақ мамасын анаңның
Шөмпілдетіп еме ғой.
Оқушы. Кіп -кішкентай момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді ана қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Ән: «Төлді шақыру».
Оқушы. Баптайын ылғи, бағайын,
Арқаңнан сипап қояйын
Мойныңа моншақ тағайын
Бәйгеге мініп шабайын
Тұлпар боп өсші құлыным.
Оқушы. Қыз үніндей жіңішке,
Дауысын-ай ботаның
Жүр енесі өрісте
Ар жағында жотаның.
Ән: «Қой мен ешкі».
Ән: «Төлдер».
Жұмбақтар жасыру.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
Қамыс құлақ тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті –дәрі, еті-тамақ.(жылқы)
Үстінде тауы бар,
Өзі қызық жануар.(түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.(сиыр)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.(ешкі)
Би: «Жорға»
Ән: «Айгөлек»
Би: «Вальс»
Қорытынды.

Ұқсас жұмыстар
Малдың төлін сүюі
Ғабит мүсірепов «ананың анасы»
Қойдың пірі
Қой қандай түлік
Төрт түліктің кеңесі . Төрт түлік туралы
Төрт түлікті қадірлеуге баулу
Ортақ тапсырма
Математика.2-сынып. сыйымдылық. литр
Мал шаруашылығы
Қой жайлы ақпарат
Пәндер