Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі . TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар

«Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі».
TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар.
Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығын - ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алу керек. Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән қасиет. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану құр бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді.
XXI ғасыр - тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры.
Тәуелсіз туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт- бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуы мен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.
Қазіргі мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауына мүмкіндік бермей, шығармашылық арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрде, жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл баланың оқуға деген ынтасын жоятын кемістік болып табылады.
Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты - мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) »
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы бойынша жұмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек.
- Күнтізбелік жоспар
- Тақырыптық жоспар
- Жұмыс дәптері
1. Күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль 3 қорытынды сабақпен аяқталады : өзіндік жұмыс, коррекциялық жұмыс, бақылау жұмысы. Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталуы тиіс;
(3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша) . Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау тиіс: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.
Мысалы төменде 9 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар көрсетілген (қосымша 1)
2. Тақырыптық жоспар.
Тақырып « . . . »
Тақырыпты меңгертудің мақсаттары:
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік :
Тақырыпты меңгерудің алғашқы (1 кезең), келесі (2 кезең), соңғы (3 кезең) үш кезеңдерінің әрқайсысында Педагогикалық жүйенің сегіз компоненттері (маұқсаты, мазмұны, әдісі, формасы, құралы, оқушының танымдық іс-әрекеті, мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті, әр кезеңнің нәтижелері) жеке айқындалып төмендегідей жоспарланады.
І кезең «Ұйымдастыру» кезеңі (5-7 мин)
А) үй жұмысын тексеру, ашық журналға бал тіркеу
ә) «Көпір тапсырмалары» (үйге берілген болатын), өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар
ІІ кезең - технология бойынша синектикалық бөлім (20-25 мин)
А) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға зерттеушілік әдістің алгоритмі бойынша іріктелген сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Олар төмендегідей ретпен қойылуы тиіс:
Теорияны меңгеру үшін: 1. Білу - не? Қашан? Қайда? Қай жылы? . . . құрылымы қандай?
2. Түсіну - неге? Неліктен? Не себепті? Түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер
3. Талдау - талда, салыстыр, айырмашылығы, ерекшелігі неде?
4. Жинақтау - классификация жаса, қорытынды шығар
Практикада бекіту үшін: 5. Қолдану бекіту тапсырмалары
6. Баға беру бекіту тапсырмалары
Оқушының мазмұн жайындағы пікірін сұрау (сұрақтар параққа немесе тақтаға жазылады, әрбір оқушы оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа тапсырылады. ) сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша ) оқиды, жауап табады.
Б) жұмыс нәтижесін мұғаліммен талқылау
Негізгі мақсат - ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Жоғарыда айтқандай, мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей, оқушылардың өздері күш салыпқаншалықты меңгергендігін қадағалайды. Ол тек көмектеседі., қосымша фактілер береді., қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді.
В) алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау
Жаттығулар орындау, мысал есептер шығару (бірақ жаңа тақырып бойынша баға ешкімге қойылмайды, ол үшін төмендегі үшінші кезең ұйымдастырылады. Мұндай әрекет ешбір басқа технологияларда арнайы қарастырылмаған және осы ҮӘЖ технологиясының басты ерекшелігі болып табылады.
ІІІ кезең (кері байланыс) - технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады. )
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
- ші деңгей -оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік деңгей, мемлекеттің ең аз қажетті көлемін қамтиды. ) бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды. Екінші кезеңде қарастырылатын ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды т. б. фактілерді білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? . . . құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз т. с. с Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық, тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады, Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау орындау арқылы - біліктілігі анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы: зачет (есептелді) алады, ол 5 баллмен бағаланады.
2-ші деңгей де оқушылардан:
- 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап;
- өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? Түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса т. б.
3-ші деңгей де оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі:өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ма?, . . . дұрыс па? т. б.
4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардың жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау т. б. )
Жоғарыда айтылғандай, деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:
1-ші деңгей - 5 бал «сынақтан өтті» - журналға «3» қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса; Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категориялырды қанағаттандырады.
2-ші деңгей - + 4 бал=9 бал - журналға «4» қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса; бұл жағдайда оқушының білім сапасы 1-деңгейдегі «дұрыс»-қа, «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлерін қосады.
3-ші деңгей - +3 бал=12 балл - «5»журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», . . . және «берік» деп саналады.
4-ші деңгей тапсырмалары стандарттан жоғары болғандықтан? Олар өзінше 12 балдық жүйемен ерекше бағаланады, және бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Демек, мектеп түлектерінің әр қайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналуын кепілдік бар.
Барлық оқушы міндетті түрде жұмысты 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға қойылмайды, «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» деп бағаланады. «Сынақтан өтпеді» деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып есептеледі. Егер бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептеліенбейді. Бұл жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орынгдалған тапсырмаларды ғана қайтадан орындайды.
Сонымен ҮӘЖ технологиясы бойынша «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға мүмкіндік береді. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған Ашық журналға + белгісін қояды.
Физика пәні бойынша 9 сыныптың ашық журналы І тоқсан
№1 тақырып «Кіріспе. Қозғалыс - материяның негізгі қасиеті»
3 деңгей
3 бал
ү- үйде орындаған тапсырмалардың белгісі
Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі туралы қорытынды жасайды.
Мұғалімнің жеке журналы
Модуль 1
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
1 тақырып
өзіндік жұмыс№1
Бақ жұм №1
Мұғалім өзіне де жеке журнал арнайды. Не үшін? Үнемі қол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгірмей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін. Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша төмендегі журналға әр оқушының әр тақырыпты меңгеру көрсеткішін бал түрінде, немесе дәстүрлі баға жүргізілетін ведомосқа балы қойылған дұрыс.
Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі «жеке журналға» және оларға сәйкес балдарды «Оқушының даму мониторингі»
А. Тургенбаевтың жеке журналы (жеке ведомосы)
3 деңгей
3 бал
TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар.
Алдымен TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері дегеніміз не және оның маңыздылығына тоқтала кетсек.
PISA - (Programme for International Student Assessment) . Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
TIMSS - (Trends in International Mathematics and Science Study) Математика және жаратылыстану білімдері аймағындағы халықаралық зерттеу.
PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал.
Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады.
PISA мақсаты: әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемелекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.
Құзырлылық дегеніміз - Адамның кіріктірілген сипаттамасы, PISA тестілері арқылы өлшенетін адамның тұлғалық сапасы, қабілеті, білімі, біліктілігі және дағдысы.
РISA есептерінің шарты: Өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;
Не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;
Есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген - ашық;
Әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады.
TIMSS - Математика және жаратылыстану білімдері аймағындағы халықаралық зерттеу.
Зерттеуге қатысқан елдердің орташа нәтижелері біріңғай халықаралық шкала бойынша есептелген балл түрінде беріледі. Әр ел үшін қосымша тестілеу уақытындағы мектепте оқу жылының саны, зерттеуге қатысатын оқушылардың орташа жасы, адам дамуынынң индексі беріледі.
TIMSS тест тапсыраларында жаратылыстану бөліміне Биология, Физика ғылымдары, География және астрономия мазмұнды блоктары бойынша және Білу, пайдалану, Ойлану үш оқу-танымдық әс- әрекет түрлері бойынша тапсырмалар кіреді.
Мазмұнды блоктар бойынша тапсырмаларды бөлу (%) :
Биология 45%
Физика ғылымдары 35%
География және астрономия 20%
Тест тапсырмаларының көп бөлігі негізгі жаратылыстану түсініктері бойынша білімдерін тексеруге бағытталады- 40%,
ал білімін пайдаланып, зерттеулер жүргізуге арналған тапсырмалар 35%-ды құраса,
ойлап, түсіндіріп, қорытынды жасайтын тапсырмалар 25%-ы құрайды.
Жаратылыстанудан барлық үш мазмұнды блок бойынша Қазақстан нэтижелері алдыңғы қатарда келс жатқан елдермен салыстырғанда біршама томен болғанымен, орташа халықаралық көрсеткіштен жогары. Біздің оқушыларымыз жоғары нәтижені География және астрономиядан (534) көрсетсе, томен нэтижелерді Биология (528) мен Физика гылымдары (528) бойынша алды.
Жаратылыстануға арналған тапсырмаларды орындау барысында окушылардан жаратылыстанудың тексерілетін бөлімдері бойынша нсгізгі түсініктсрді, заңдар мен ұстанымдарды білуін корсете алуы ғана емес, оларды мэсслелерді шешуде пайдалана алу қабілеттері, табиғат құбылыстарына түсінік беруі, қарапайым зерттеулер жүргізіп, олардың нэтижелерін үсынулары талап етіледі. Математикадағы сияқты барлық тексерілетін қабілеттер мен оқу-танымдық іс-әрекет түрлері үш блокқа бөлінді: Білу, Пайдалану, Ойлау.
Оқушылардың жаратылыстанудан дайындық деңгейлерінің сапасын бағалау тестілерді орындаудың арнайы бөлінген деңгейлерінің көмегімен жүргізілді.
Ол 4 деңгейге бөлінеді:
ілгері деңгейі (625 балл және одан жоғары) ;
жоғары деңгейі (550-624 балл) ;
орта деңгейі (475-549 балл) ;
төмен деңгейі (400-474бал) .
Ілгері деңгейге қойылатын талап: Тәжірибе және зерттеу жүргізу туралы бастапқы ұғымдардың болуы, жай ағзалардағы тіршілік үрдістер мен сипаттамаларын, сондай-ақ адам денсаулығына қатысты факторларды түсінуі, белгілі материалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері мен электрлік құбылыстар туралы білімдерінің болуы арасындағы байланысын, Жер мен Күн жүйесіндегі физикалық сипаттамалар мен үрдістерді түсінуі, зерттеу нәтижелерін түсіндіре алу және қорытынды жасай алу, бағалау пікіріне, олардың аргументацияларына және бастапқы түсініктеріне қабілеттерінің болуы тиіс.
Жоғары деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршіліек үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері, Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен құбылстар туралы білімдері, зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы түсініктерінің болуы, кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.
Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға танымал физикалық құбылстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.
Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы, нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс.
TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына
Мысалы:
1. Бірнеше оқушылар А амперметрдің көмегімен кернеудің мәні әр түрлі болған жағдайда тізбектегі ток күшін өлшеді.
2. Жердегі тау алқабында тұрып айғайлаған адам жаңғырықты естиді,
өйткені дыбыс айналадағы таулардан шағылады. Дәл осындай жағдайда
Айда жаңғырық естілмейді, өйткені:
A Айдағы тартылыс күші өте аз
B Айдағы температура өте төмен
C Айда дыбысты тасымалдауға қажетті ауа жоқ
D Айдағы таулардан дыбыс шағылыспайды
3. Суретте, Жердің Күнді айналу траекториясы және жер осінің орналасуы
көрсетілген. Төмендегілердің қайсысы жер осінің көлбеу болуының нәтижесі болады?
A жыл мезгілінің ауысуы
B күн мен түннің ауысуы
C жылдың ұзақтығы
D уақыт белдеулер
PISA тапсырмаларына мысал.
ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН
Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.
2002 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН
Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Австралияда - ең қысқа күнді атап өтеді.
Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, және толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды.
Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды.
Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер осінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты.
*Мельбурн - шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.
Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН
Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.
![]()
Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.
Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер және Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар.
Сұрақ 2: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН
Қай пайымдау Жердегі күн мен түннің ауысуын көрсетеді? Ал Жер өз осінен айналып тұрады.
А Жер өз осінен айналып тұрады.
В Күн өз осінен айналып тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz