Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Байланыс құралдарының дамуы

Педагогикалық шеберхана сабағы

Жаңаша инновациялық оқытудың (авт Т.Б.Казачкова, О.Л.Смирнова Санкт-
Петербург. Ресей) «Авторлық педагогикалық шеберхана» технологиясы бойынша
топтық жарыс сабағы. (Мақала республикалық «Математика және Физика» ғылыми
әдістемелік журналының №2 2008 жылғы санында жарияланған).

Шеберхана тақырыбы: Байланыс құралдарының дамуы.
Шеберхана мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға адамзат тіршілігімен бірге
жетіліп келе жатқан байланыс құралының ашылу тарихын, маңызын, ғылыми –
техникалық прогресс дамуындағы жетістіктермен таныстыру.
б) дамытушылық: алдын-ала тапсырмалар беру ізденіске құштарлықты дамыту.
в) тәрбиелік: ғылыми дүние танымдылығын арттыру, өз бетімен іздену
дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі, әдісі: Дәстүрлі емес топ аралық жарыс түріндегі
педагогикалық шеберхананың жеті кезеңін қолданатын қайталау-толықтыру
сабағы.

Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих, информатика, экология.
Сабақтың көрнекілігі: кодоскоп, Морзе әліппесінен бастап, байланыс
құралдарының түрлері, интернет желісіне қосылған компьютер ж.т.б.

Шеберхана барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын
топтарға бөлініп отырулары.
б) Жаңа сабақпен таныстыру.
Шеберхана кезеңдерін қолдану. Жаңа тақырыпты анықтау үшін І кезең
қолданылады.

1. Индукция кезеңі (ой бағыт)
Индуктор – столдарға байланыс құралдары түрлері қойылады. Тақтаға ағартушы
ғалым Ы.Алтынсарин портреті мен
...Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды. – деген
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінен үзінді жазылып ілінеді және байланыс
құралдарының электротехникалық шартты графикалық белгіленулері
көрсетіледі.
Тапсырма: а) бұл заттар және электротехникалық шартты графикалық
белгіленулер нені білдіреді. Ұлы дала ағартушысы Ы.Алтынсариннің бүгінгі
сабаққа қаншалықты қатысы бар және де бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай
болуы мүмкін.
б) Тақтаға сабақтың тақырыбы мақсатымен жазылады.

2. Өзіндік құрастыру (самоконструкция) Негізгі тапсырма жазылған
қағаздар шағын топтарға беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма
мәтінімен танысады.
І. Топ тапсырмасы.
Байланыс құралдарының түрлері, жұмыс істеу принцптері.
ІІ топ тапсырмасы.
Байланыс құралдарының ашылу, даму тарихы.
ІІІ топ тапсырмасы.
Қазақстанда байланыстың дамуы туралы не білесіз?
3. Топты құрастыру (социоконструкция)
Жұптаса отырып және шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне
айтып беруі, дайындығы.
4. Әлеументтендіру (социология) кезеңі.
а) оқушылардың алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.
б) әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, шағын топ ішінде толық
әңгіме құрастыру.
Жалпы «tele» - сөзі грек тілінен аударғанда «алыс» деген мағынаны
білдіреді. Сонда: телеграф – (tele- алыс, графе – жазамын) - әріп арқылы
цифр түріндегі хабардың және олардың қабылдау пунктіне міндетті түрде
жазылуы.
Телефон (tele – алыс, фоне – дыбыс) – электр қуатымен сым арқылы алыстан
сөйлесудің техникалық аппараты.
Радио – электромагниттік толқын тарату арқылы ара қашықтыққа сигнал беру
тәсілі.
Теледидар – электромагниттік толқын арқылы алыстағы бейнені көрсететін
радиотехникалық құрал.
Интернет – компьютер арқылы еларалық байланысқа, ақпаратқа шығу.
Телекс - абоненттің хабарласудың халықаралық желісі.
Телефакс – бейне хат -байланыстың автоматты, компютерлік (факсимельдік
фототелеграф) желісі.
Лазер – ғарыштық байланыс.
1 Елімізде тұңғыш радиостанция қай жерде салынды, қалай жұмыс істеді?
2 Қазақстанда радиорелелі желі қашан қосылды?
3 Теледидар хабары елімізге қашан жетті?
4 «Дүниежүзілік өрмек» деп нені білесің?
5. Жарнамалау (афиширование)
а) «Іскерлік ойын», оқушылардың Морзе әліппесінен бастап интернетпен
жұмыс істей алу машығынан жарыс.
б) жоғарғы жиілікті электромагниттік толқынның биологиялық әсері және
олардан қорғану туралы қысқа мерзімді пікір алмасулары.
1. компьютер алдында қанша уақыт отырамыз?
2. теледидарды дұрыс көре білесіңдер ме?
3. ұялы телефон –кішкентай радиостанция екенін есте сақтаңыздар
ж.т.б.
6. Үзіліс (разрыв) кезеңі
Әр оқушы бір сәт ойға кетіп бүгінгі алған білімін бұрынғы білімімен
салыстырады.
7. Ойтүйін (рефлекция) кезеңі.
Бүгінгі сабақ және тақырып бойынша қорытынды жасау.
а) нені бұған дейін білдім
б) нені бүгінгі сабақта білдім
в) нені әлі де білемін.
8. Үй тапсырмасы.
Тапсырма деңгейлік түрде беріледі. Негізгі топтағы оқушыларға жаңа
материалдармен қосымша деректер төмендегі әдебиеттерден ұсынылады.
«Чудо книга» І-ІІ-ІІІ томдық балалар энциклопедиясы.
«Зерде» журналдары, «Зерек» танымдық кітабы.

-----------------------
Байланыс құралдары

телефон

телеграф

радио

теледидар

интернет

лазер

Ұқсас жұмыстар
Технология пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі
Ағзаның жеке дамуы
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Туризм теориясының заманауи философиясы
Кесене қай жерде
ТАС ДӘУІРІ
Көлік құралдарының тоқтау жолы
Информатика сабағында акт-ны пайдалану
Химиялық қару
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Пәндер