Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы

Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы

Египетте мемлекеттің пайда болуы шамамен б. э. д. V мыңжылдықта рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектерінің бөлініп шығуы (көсемдер, ақсақалдар) және құлдықтың пайда болуы нәтижесінде жүзеге аса бастады. Б. э. д. V мыңжылдықта Египетте бірнеше құрылымдар - номдар пайда болды, олар IV мыңжылдықта екі патшалыққа - жоғарғы Египетке және Төменгі Египетке бірікті, ал содан кейін, IV мыңжылдықтың соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды. Бүл таптық бөліністің дамуымен және орталықтанған басшылықтың қажеттігімен байланысты болды.

Ежелгі Египеттің мемлекет және құқығының тарихының кезеңдері:

1 кезең - Ерте патшалық (б. э. д. 3110 - 2880 ж. ж. ) . Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуінің нәтижесінде пайда болды. Оған тән сипат болып елдің біртүтас мемлекетке айналуы табылды.

2 кезең - Ежелгі немесе Ескі патшалық (б. э. д. 2880 - 2550 ж. ж. ) . басты ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын көрініс тапқан орталықтануы жүзеге асты.

1 Бұл пирамидаларды салу уақыты.

1 ауыспалы кезең. (б. э. д. 2160 - 2134 ж. ж. ) . Египет бірнеше өзара қас номдар мен ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Бүл кезеңнің соңында, Фива қаласының билеушілерінің жеңісі нәтижесінде Египеттің бірігуі жүзеге асты.

3 кезең - Орта патшалық (б. э. д. 2050 - 1700 ж. ж. ) . Египеттің әрі қарай бірігуі жүзеге асады.

2 ауыспалы кезең - (б. э. д. 1700 - 1530 ж. ж. ) . Мемлекет қайтадан ұсақ мемлекеттерге бөлінді, ал оның басым көпшілік бөлігін гиксостар тайпасы жаулап алды.

4 кезең - Жаңа патшалық (б. э. д. 2575 - 1087 ж. ж. ) . Ерекше белгісі болып Египеттің ХҮІІІ династия перғауындарының билігі астына бірігуі табылады. (барлығы отыз перғауын) . Египет ірі империяға айналады.

Бүл кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырай бастайды. Оны парсылар, одан кейін Александр Македонскийдің әскерлері жаулап алады, ал б. э. д. 30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.

Қоғамдық құрылым

1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен әскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі әртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Әрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған.

2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық - тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары әскери және азаматтық шенеуніктері жатқан.

3. Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан.

4. Еркін шаруалар - олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды және сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе әскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған.

5. Қолөнершілер - мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан туратын топтарға біріккен.

6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін әскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нәтижесіндегі құлдық табылған.

Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға - патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жөне бір-бірін тақты мұрагерлікпен иемдену тәртібі нәтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы - патша-перғауынның діни культы табылатын.

Лауазымды тұлғалар:

1) перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уәзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы өте кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, әскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;

2) келесі лауазымды тұлға - мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы - табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;

3) барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы және сәулетшінің лауазымын орындаған.

Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген, олардың басында перғауынға тәуелді лауазымды тұлғалар - номархтар басқарған. Номарх жоғарғы сот және әкімшілік билікті иеленген. Әкімшілік өкілеттіктерді, сонымен катар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған.

Әскер. Алғашқыда тұрақты әскер перғауынның жеке күзетімен және мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Соғыс болған жағдайда рекруттың жүйе бойынша жинақталған әскер жиналатын. Жаңа патшалықта жалданбалы әскер жүйесі кеңінен дамыған.

Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын. Жаңа патшалық кезеңінде 30 судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын. Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленген қалалардың кенбеттері енгізілген.

Ежелгі Египеттегі сот әкімшіліктен бөлінбегендіктен. лауазымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын. Жоғарғы сот инстанциясы перғауын болатын.

Құқықтың негізгі сипаттары


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі египеттің әдебиеті мен өнері
Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Ежелгі Египеттің сурет үлгісі
Шумер және Аккад
Батый хан
Математикалық білімдер
Ерте орта ғасырлардағы славяндар
Пирамиданың бүйір жағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz