Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқытуға арналған ашық сабақ

Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев. Қыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың «Қыс» өлеңімен таныстыру, мазмұнын аша білу, мәнерлеп оқи білуге үйрету.
Дамытушылық:ө з бетінше ойлау қабілетін, шығармашылығын, ойын еркін жеткізе білу әрекетін, қоршаған ортаны қабылдай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Белсенділікке өзгені тыңдай білуге, табиғатты сүюге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі : тірек-сызбалар, интерактивті тақта, қысты бейнелейтін суретті үлгілер.
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылығын ояту. Ұранымыз:
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап.
Түнді күндей ашатын.
II. «Ой қозғау» тренингі. Өткенге шолу.
Тарау: «Ата-бабам тарихы- менің тарихым».
1. Қазақ елі басынан қандай кезеңдерді басынан өткізген?
Жоңғар шапқыншылығы.
Ашаршылық.
Ұлы Отан соғысы.
Репрессия.
Желтоқсан оқиғасы.
III. Ой толғаныс. Сөзжұмбақ. .
1. Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам.
2. Сиырдың төлі қалай аталады.
3. Тұңғыш мектеп ашып, балаларды
білім алуға шақырған ұстаз?
- Қозының енесін ата?
«Күн шұғыласы». Абай атамыз жайлы не білеміз?
- Абай атамыздың шығармаларына тоқталу. «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппа мақтанба», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» т. б.
Ендеше бүгін біз «Қыс» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқу.
- тізбектей оқу.
- ызылдап оқу.
- хормен оқу.
- жеке-жеке оқу.
- іштей оқу.
- Абай атамыз сияқты өзіміз де мынажұмбақтардышешу арқылы қысты сипаттап көрейік.
1. Қыста бар да, жазда жоқ. . (қар)
2. Құлағы мен көзі жоқ
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды. (аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ.
Сіресіп тұр,
Қатты-ақ. (мұз)
4. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді.
Аузы жоқ ұлиды. (боран )
5. Таудан түссем тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (шана)
Ал, Абай атамыз қысты қалай суреттеген? Балалардың ойын тыңдау.
-Өлеңнің ішінен таныс емес сөзді тауып дәптерге көшіру.
Жаңа сөздік. Шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім.
- Қыс айларын ата?Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
1. Желтоқсан. 2. Қаңтар. 3. Ақпан.
Әр топқа тапсырмалар.
- «Желтоқсан». Өлеңнің үшінші шумағы.
- «Қаңтар» Өлеңнің екінші шумағы.
- «Ақпан» Өлеңнің бірінші шумағы.
Әр топ өз оқыған шумақтары бойынша талдау жасайды.
III. «Ойлан тап».
«Желтоқсан» . Өлеңде балалар туралы, малшы туралы не айтылған?
«Қаңтар». Қыстың күші қалай бейнеленген, ақын қысты кімге теңейді?
«Ақпан» . Қысқа дайындық жұмыстары қалай жүргізіледі?
IV. « Талдау жұмысы».
«Желтоқсан». «Егер мен ақын болсам» . . .
«Қаңтар». «Егер мен суретші болсам» . . .
«Ақпан». Егер мен жазушы болсам» . . .
Демалыс тренингі.
Боран соқты далада
Ал сен оған қарама.
Жылдамдатып сен жүгір,
Жылынуға ішке кір.
V. «Бәйге».
20 -Абайдың әжесінің аты ? 40- Бес балаға бес бешпент,
30 -Абайдың туған жерін ата. Бірге кіріп, бірге шешпек. (Қолғап) .
40- Табаныма байладым , 20 -Абайдың шын аты кім?
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы ) . 30- Қыс айларын ата.
Рефлексия. - Не білдім?
Білемін.
Білгім келеді?
Бағалау. Сабаққа ерекше қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен мадақтау.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, қыс суретін салып келу.