Өткенді пысықтау. Математикалық диктант

Математика.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.
2. Ауызша, жазбаша есептеу дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі :қайталау
Типі: білімді пысықтау.
Әдісі: талдау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қималар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Ұранымыз:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
II. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
1. Екінші кластың 70 бірлігі және бірінші кластың 690 бірлігі бар санды жаз.
2. Алтыншы разрядтың 9 бірлігі, бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі санды жаз.
3. Тіктөртбұрыштың ауданы 63 см 2 , ал ені 7 см. Ұзындығы нешеге тең?
4. 3 сағ 20 минутта қанша минут бар?
5. Екі жүз бес мың алты жүз санын цифрмен жаз.
III. Оқулықпен жұмыс.
- «Өз орнын тап».
5-ке бөлінетін, 2-ге бөлінетін, 10-ға бөлінетін сандарды табу.
2. Мағынаны тану.
I нұсқа. II нұсқа.
30 660:420 25 200 :560
221 130:630 132 300:540
430 500:3500 993 300:4300
3. Есепте, тексер.
I қатар. II қатар. III қатар.
6009х34 2403х93 38 208:96
56х1230 2020х22 351 456:84
4. «Өрнек құр».
5. «Есепте». Бөлінгішті тап.
: 80 =60 (қалд. 53) : 50 = 29 (қалд. 15)
6. «Ойлан тап». Есептемей-ақ салыстыр.
5 604х21 * 84 504
9803-703 * 8 804 -603
284 208 : 28 * 284 208 : 48
7. Есептерды шығар.
А) . Жүк кемесі 160 км қашықтықты бірдей жылдамдықпен қозғала отырып, 8 сағатта жүзіп өтті. Жүк кемесінің жылдамдығын тап.
Ә) . Жүк кемесі 20 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, 320 км қашықтықты жүзіп өтті. Жүк кемесі неше сағат жүзді?
Б. ) Екі машина бір- біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші машинаның жылдамдығы 60 км/сағ, ал екінші машинаныңжылдамдығы 80 км/сағ. Авто көліктердің бір-біріне жақындау жылдамдығы қандай?
В) в) Арақашықтығы 280 км екі елді мекеннен екі машина бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Бірнші машинаның жылдамдығы 60 км/сағ, ал екінші машинаның жылдамдығы 80 км/ сағ. Машиналар неше сағаттан кейін кездесті?
(сызбаны толықтыр) .
IV. Қорытынды. Тест тапсырмасы.
1. Жетінші разрядтың атауы.
А) Миллион Ә) Жүз мың Б) Он мың В) миллиард
2. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. Жаяу адам
3 сағатта неше километр жүреді.
А) 18 км Ә) 15 км Б) 2км В) 8 км
3. Өрнекте: 3 т 256 кг
А) 3526кг Ә) 3256 кг. Б) 30256 кг. В) 3652 кг.
4. Ең кіші санды белгіле.
А) 60 085 Ә) 600 085 Б) 600 058 В) 80 605
5. 6 000 саны 1 000 - нан неше есе артық?
а) 5 000 ә) 600 б) 7 000 В) 6
V. Бағалау.
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.
VI. Үйге тапсырма.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі.
Тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
(ашық сабақ)
4 «а» сыныбы.
Өткізген:Абдуллина А. Қ.
2011-2012 оқу жылы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz