Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы
: Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
білімділік
: Көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; қаныққан көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.
тәрбиелік:
Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге; тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділіктерін, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі:
Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері:
1. Интерактивтік тақта
2. Сабақ тақырыбы бойынша презентация.
3. Зертханалық құрал-жабдықтар.
4. Екі түсті карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару. Сабақ мақсатын түсіндіру (1-слайд) .
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сұрақ - жауап»
(2-11 слайдтар)
1. Органикалық химия қандай химия саласы?
2. Органикалық заттар дегеніміз қандай заттар?
3. Органикалық химияның негізгі элементі?
4. Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттігі?
5. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
6. Метан құрамындағы көміртектің, сутектің массалық үлесі?
7. Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
8. Метанның физикалық қасиеттері қандай?
9. Метанның химиялық қасиеттері?
10. Метан қандай газбен қопарылыс беретін қоспа түзеді?
2. Химиялық тәжірибе: метанның екі түрлі жағдайда жануы (12-13 слайдтар) .
3. Табиғи газды
тұрмыста қолданудың қауіптілі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру барысы : (14-слайд)
Көмірсутек молекуласындағы сутек атомының орнын басқа атомдар мен атом топтары басқанда көмірсутектердің туындылары түзіледі. Мысалы, метан молекуласындағы бір сутек атомын метил тобына -СН 3 алмастырса, этан түзіледі. Ал этандағы бір сутектің орнын тағы бір -СН 3 тобы басса, пропан С 3 Н 8 түзіледі. Сол сияқты пропандағы сутекті тағы бір метил тобына ауыстырса, бутан алынады, т. с. с. (15-20 слайдтар)
Осылайша әрі қарай жалғастыра берсе, құрылыстары мен қасиеттері метанға ұқсас көмірсутектердің тобы шығады. Оларды метан қатарының көмірсутектері немесе алкандар деп атайды. Алкандардың метан қатарының көмірсутектері деп аталатын себебі, олардың бірінші мүшесі - метан.
Енді алкандардың бірінші мүшесі - метан СН 4 мен екінші мүшесі - этанның С 2 Н 6 молекулалық формулаларын салыстырсақ, бір-бірінен СН 2 метилен тобына айырмашылығы бар екенін көреміз. Осы сиякты этан С 2 Н 6 мен пропанның С 3 Н 8 , пропан С 3 Н 8 мен бутанның С 4 Н 10 молекулалық құрамын салыстырсақ, яғни әр келесі көмірсутек өзінің алдындағы көмірсутектен СН 2 тобына айырмашылықтары болады (21-слайд) .
Құрылыстары мен химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН 2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады.
Грекше homologos - «ұқсас» деген мағынаны білдіреді. СН 2 тобы гомологтық айырма деп аталады. Метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы С n H 2n+2 , мұнда n - көміртек атомының саны, n ꞊ 1, 2, 3 . . . (22-слайд)
Алкандарды молекулалық массаларының өсу ретіне байланысты орналастырса, олардың гомологтық қатары шығады. Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массалары өсулеріне байланысты балқу және қайнау температуралары біртіндеп артады (23-слайд) .
Алкандардың гомологтық қатары
Алкандар қатарының алғашқы төрт мүшесі кәдімгі жағдайда - газдар, ал пентаннан бастап - сұйық заттар. Құрамында көміртек атомдары көп үлкен молекулалы алкандар қатты заттар болады (24-25 слайд) .
Газ тәрізді алкандарды табиғи және мұнайға серіктес газдардан, ал сұйық және қатты алкандарды мұнайдан алады. Алкандар отын, еріткіш, жағармайлар және әртүрлі органикалық заттарды синтездеуде қолданылады (26-27 слайд) .
IV. №11 зертханалық жұмыс (28-слайд) .
Тақырыбы: Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау.
Құрал-жабдықтар: түрлі түсті пластилин, шырпы (таяқша немесе сым) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz