Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Онтонегездің негізгі кезеңдері

АСТАНА ҚАЛАСЫ

№51 ОРТА МЕКТЕП

Ашық сабақ

Тақырыбы: Онтонегездің негізгі кезеңдері.

Сыныбы: 8 «ә»

Биология пәнінің мұғалімі: Әмірова Айнұр Өскенқызы

2010-2011 оқу жылы

Химия – биология пәндері бірлестігінің

жоғарына сай берілетін ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Онтонегездің негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты: Онтонегезідің қалаптасуы және оның кезеңдері.
Герантология ғылымы жайында мәлімет беру.

1.Ғылымилық мәні: Герантология және гератрия ғылымдары туралы
түсінік беру. Адамның даму ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметпен
толықтыру.

2.Дамытушылық мәні: Бала оганизмінің даму кезеңдері, белгілері бойынша
ажырата алу қабілеттерін дамыту жас ерекшелік қасиеттерін анықтай алуға
үйрету.

3.Тәрбиелік мәні: Оқушылардың биологиялық ғылымына
қызығушылығын арттыра отырып, болашақ мамандыққа баулу. Өзара силастық,
қамқорлық, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: 8-сынып биологиядан электрондық оқулық , бейнефилм ,
биология, хрестоматия, түркі – түсті плакаттар , слайд-Онтогенез.

Халықтың педпгогика элементтері кезінде.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру,

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Жеке жұмыс ,жұптық жұмыс , топтық жұмыс,
әңгімелеу, баяндау,салыстыру ,қорыту,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Оқу ,құрал-жабдықтарын даярлату,

3.Сабаққа ынтысын аудару, түгелдеу,

4.Сабақ мақсатын таныстыру топтарға
бөлу.

1топ «Биолог- Анотомдар».

2топ «Дәрігерлер»

3топ «Журналистер»

Жақсарту шараларын ұйымдастыру ғылыми негізгізге сүйіне отырып жүргізе
асыру өте маңызды.

(журналистер тобы):

1сұрақ. Жаңа туған балаға қандай белгілері тән?

(дәрігерлер тобы ):

2 сұрақ. Жарым жан немесе жетілмей туған баланың себебі неде?

III Герантология –кезеңі «биолог анатомдар» тобы

Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылымды герантология (геркше «gегеntоs» кәрі
) деп атайды.

Бұл ғылым биологияның механизмінің маңызды заңдылықтарын зерттейтін
және қартаю құбылысының әсер ететін жағдайларды қарастырады.
Герантология гератрия ғылымы мен тығыз байланысты. Гератрия - мосқал
және қарт адамдардың ауруын зерттейтін және емдеуімен айналысатын ғылым
саласы.

(журналистер тобы )

1 сұрақ. Ұзақ өмір сүру неге байланысты?

(дәрігерлер тобы )

2 сұрақ. Ұзақ өмір сүру үшін неге байланысты?

Қорытынды:

Республика тұрғындарының бала саны артуы, оған қамқорлық жасау Елбасының
жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына желі болып тартылып келеді.
Сонымен бірге Республикада 2010-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама
таңдалып, жасалады. Мұндағы басты басым бағыттың бірі – ана мен бала қорғау
болып табылады.

Тест сұрақтары

1.Дене жасушасындағы хромосомалар саны:

А)26

Ә) 23

Б) 46

2. Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым:

А) онтогенез

Ә) эмбриология

Б) гератрия

3. Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуы:

А) шараналық

Ә) ұрықтану

Б )эмбиональдық

4. Ұрықтану қайда өтеді?

А)қынапта

Ә) жатырда

Б) жұмыртқа жолында

5. Ұзақ өмір сүру неге байланысты?

А) дұрыс тамақтану, гигиенаны сақтау

Ә) биологиялық режимде белсенділік таныту

Б) дене шынықтырумен айналысу

Сабақтың мақсаты:

Онтогенездің қалыптасуы және

оның кезеңдері.

Герантология ғылыми жайында

мәлімет беру.

АСТАН ҚАЛАСЫ

№51 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырып: «Өсімдік – өмір тірегі»

Сыныбы: 7 «ә»

Биология пәнінің мұғалімі: Әмірова Айнұр Өскенқызы

2010-2011 оқу жылы

Химия-биология пәндері бірлестігінің

Жоспарына сай берілетін ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік –өмір тірегі»

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер тарауының аяқталуына байланысты оқушылардың
алған білімдерін қорытындылау, жануарлар әлеміне кіріспе жасау, пән аралық
байланысты жүзеге асыра отырып білімді қорытындылау.

Ғылымилық- Дәрілік өсімдіктер, олардың шығуы
тарихынан,

медецинадағы атқаратын ролі, маңызы туралы

ғылыми түсініктер беру.

Дамытушылық- Оқушылардың дәрілік өсімдіктерді пайдалана

білудегі сауаттылығын дамытып, күнделікті

өмірде басқа өсімдіктерден ажырата алу

шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік- Оқушыларды қоршаған ортаны,
табиғатты

аялауға, мейірімділікке, инабаттылыққа,

еліміздің байлығына жанашырлық сезіммен

қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дәрілік өсімдіктердің газеті, буклеті, кітап

сөресі, бейне камера, қызыл кітап.

Халықтық педагогика элементтері кезінде.

Сабақтың типі және әдіс тәсілдері:

Өсімдіктер әлемі туралы білімді қорыту сабағы, жарыс түрінде

*жеке, топтың жұмыс түрлері.

*анықтау жұмыстары.

*салыстыру жұмыстары

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқу, құрал- жабдықтарын
даярлату.

3. Сабаққа ынтасын аудару,
түгелдеу.

4. Сабақ мақсатын таныстыру, топтарға бөлу.

1-топ « Қызғалдақ»

2-топ « Бәйшешек» деп аталады.

Гүл патшасы: Табиғаииың ажары көркелі бір

Шежіресі секілді ертегі жыр.

Ал тыңдар, гүлдерге сөз берейік

Өзі жайлы өздері шертеді сыр.

« Қызғалдақ» Кім білмес қыр аруы қызғалдақты

Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.

Сәні деп өміріңнің, көңілімнің,

Сый етіп мені жігіт қызға арнапты.

«Бәйшешек» Мен болам қырсарында текеметтің,

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыз ызғарын қаймықпай көтеретін.

1. Мәлімет беру

Блиц – турнир

1.Оңтүстік Қазақстанда өсетін дәрілік жусанның түрі. ( дәрумен)

2. Ерітіндісі иіссу ретінде пайдаланған жергілікті өсімдік( киікоты)

3. Ең тез өсетін өсімдік. (бамбук)

4. Пенецелин дәрісін қандай өсімдіктен алады? (пенецил саңырауқұлақ)

5. Дүниедегі ең биік ағаш. (эвкалипт)

6. Қар астында қандай гүлдер қыстайды?( қоғажайшатыр)

7. Өте ертеде барлық гүлдердің бұрын белгілі болған қандай гүл?

( хризантема)

8. Өсімдіктердің жаңа сортымен шығарумен айналысатын ғылым. (селекция)

9. Шымтезек түзетін өсімдік. ( ақ мүк)

10. Жабық тұқымдылар қандай өсімдіктер? ( гүлді өсімдіктер)

11. Майлы өсімдіктерді атаңыз. (мақта, күнбағыс, зығыр)

12. Гүлді өсімдіктер неше класқа бөлінеді? ( қос жарнақты, дара жарнақты)

13. Дара жарнақтыларға жататыен тұқымдастар. (астық, лалагүл)

2.Сарамандық жұмыс

Кеппе шөп арқылы гүлді өсімдіктерді анықтау.

А. Жүгері.

Жүгері өте ертеден егіліп келеді. Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері бір
жылдық астық тұқымды сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. 12-14
С-ті қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собын. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы
тамырлы болады. Жүгерінің маңызы сызба нұсқа арқылы көрсетіледі.

линолиум В,Е
дәрумені

желім Жүгерінің маңызы

мал азық тамақ

техникалық май медецинада өнеркәсібі

жасанды
жібек

Ә. Күріш.

Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20-ға жуық түрі бар. Оңтүстік-шығыс
Азия.

Қазақстанның суармалы жерлерінде ғана өсіріледі.

Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы – 6, жемісі – дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік
(суретпен жұмыс жасалады)

Мұғалім оқушылардан күріштен мол өнім алған атақты күріші Ы. Жақаев туралы
айтып берді.

Күріштің маңызы сызба-нұсқа бойынша көрсетілді.

спирт бұйым

Мал азық

қағаз Күріштің маңызы крахмал

азық В дәрумені

қатырма қағаз

Мақал – мәтелдер. Аңыз.

1. «Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады»

2. «Табиғатты жасыңнан сақта –өмірдің бар өзегі сонда»

3. « Са атасы-нан, нан атасы –дән»

4. «Орман ер дәулеті, жер сәулеті»

5. «Жер жүзін жер асырайды»

6. «Ерменді жерде ер өлмес»

7. «андыз жеген ат өлмес»

8. «Дәрісіз ем домды, дәрілік өсімдіктерден іздейді»

Қорытынды

Әй, табиғат!

Шеберсің-ау шеберсің

Ұлан ғайыр байлығынды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға недерсің?!

Ау, адамдар

Жетпей жатыр енді не?!

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын

Асырайды ол сені, мен, елді де.

М.Мақатаев

Астана қаласы

№51 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы
және оның тәжірибелері.

Сыныбы: 9 «Ә»

Биология пәнінің мұғалімі: Әмірова Айнұр Өскенқызы

2010-2011оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның
тәжірибелері.

Сабақтың мақсаты:

1. Ғылымилық мәні. Генетика- тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарының
және олардың өзгергіштігін зерттецтін ғылым екендігі туралы ұосымша
мәліметтер бере отырып, генетика ұғымы туралы толық мағлұматтар беру.
Осының негізінде оқушыларға генетика ғылымы жайлы жаңа ұғымдармен
таныстыру.

2. Дамутышылық мәні. Генетика ұғымын толық меңгеруде Мендель
заңдылықтарын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, теориялық білімдерін
бекіту.

Өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі. Адам өміріне белгілердің ұрпақтар
арасындағы сабаұтастыңын мендель тәжірибесіне сүйіне отырып анықтай алу
ұабілеттерін дамыту. Мысалдардан алынған нәтиже бойынша ой қорыта алу,
пікір алмасу, логикалық ойлау, сабаққа ұызығушылығын дамыту.

3. Тәрбиелік мәні. Ұрпақтар тазалығын салауатты өмір салтын насихаттай
отырып қазақ халқының салт дәстүрін әдеп-ғұрпын қастерлеуге
тәрбиелеу. Адамгершілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке баулу. Адам
экологиясы,қоршаған орта экологиясы негізінде адам бойындағы жат
қылықтардан алшақ болуға насихаттау,тәрбиелік мәні бар тыйым сөздер
мен нақыл сөздер жас ұрпаққа даналы тәрбие қалыптастыру.

Cабақтың көрнектілігі:9-сынып биологиядан электрондық оқулық, бейне
фильм,христоматия,түрлі-түсті плакаттар,слайд-Генетика.

Халықтың педогогигалық элементтері кезінде.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс тәсілдері:

Әңгімелесу,салыстыру,сипаттау,талдау,анықтау.

Жеке жұмыс-71,73,75сурет(анықтау, талдау) Жұптықжұмыс-сипаттау, аллень,ген,
гомозигота, гетерозигота, генотип, фенотип.

Топтық жұмыс-Мендельдің Басымдылық,Ажырау және Гомета тазалығы заңдарын
қорыту.

Шығармашылық жұмыс-жас Ғалымдар(Эвтаназия.Пеннет тор көзі арқылы 10 оқушы
ата тегіне талдау жасау.)

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқу,құрал-жабдықтарын даярлау.

2.Сабаққа ынтасын аудару,түгелдеу.

3. Сабақ мақсатын таныстыру,топтарға бөлу.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Фронтальді сұрау-«блиц турнир» ойыны бойынша 10 сұрақ.

2.Дидактикалық материал арқылы

III.Жаңа сабақ: 1-топ Ғалымдар. «Биолог-генетиктер».

2-топ Дәрігерлер.

3-топ Зерттеушілер:

А)Мендельдің бірінші заңы «Басымдылық»

Ә) Мендельдің екінші заңы «Ажырау» Б)
Мендельдің үшінші заңы «Гометалар тазалығы»

Генетика-тұқымқуалақшылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Тұқымқуалақшылық-ата аналардың өз белгілері мен қасиеттерін және даму
ерекшелігін келесі баққа беру қабілеті.Өзгергіштік-оргонизмнің жеке даму
процесіне гендер көрінісін өзгеруіне байланысты болады.

1. Зерттеушілер: «а» - Мендельдің бірінші заңы «Басымдылық» бойынша
оқып,анықтап, талдау жүргізіледі,топ жетекшісі ас бұршақты
будандастыру арқылы қорытады.

2. Зерттеушілер: «ә»-Мендельдің екінші заңы «Ажырау» бойынша дразофила
шыбыны арқылы талдау жасау. «Терінді өзгерте алсаңда,тегінді өзгерте
алмассын» «Жұртыңды ауыстра алсаңда,ұлтыңды өзгерте алмассын »
«Салтынды ауыстра
алсаңда,халықты өзгерте алмассын» Оқушы:Нұржан күнделікті өмірмен
байланыстырып ажырау заңын зерттей отырып өзінің түсінің белгісі қай
атасынан берілгендігін тақтаны пайдалана көрсетеді.

3. Ғалымдар: «биолог-генетиктер» Тақырыпты толықтыру.

4. Дәрігерлер тобы: Ата аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар.
Тәжірибелер және олардың нәтижелерінің барысын жазу үшін генетикалық
таңбалау пайдаланылады.Егер олардың шағылысу жазбаларын талқылап,
меңгергілердің келсе, төменде берілгендерді есте ұстаңдар:Р-ата-ене
дарықтыры (Латынша «(parento»(ата-ене)сөзінің бірінші әрпі .)

– еркек дарағы (әкесі) Марстың астрономиялық белгісі.

-әйел дарағы (шешесі). Шолпанның астрономиялық белгісі .

Х- дарақтар арасында шағылысты белгілемейтін белгі.

F – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (латыншы filii-
балалар) сөзінің бірінші әріпі:

F1 – балалар; F2 - немерелер; F3-шөберелер, тағы сол тәрізділері

А- басымдылық белгі немесе ген.

а – басымдылық белгі немесе ген.

5. Зерттеушілер тобы: «б»: Гамета тазалығы. Ген тазалығын талдау жасау
арқылы анықтау.

6. Ғалымдар: «Биолог-генетиктер»ген тазалығы бойынша толықтыру жасайды.

7. Шығармашылық жұмыс: Сатбаев Мақсат «Эвтаназия – дүние жүзілік
проблема»жұмысынан қысқаша мағлұмат.

8. Дәрігерлер: «Дәрілік өсімдіктердің экологияға әсері» тақырыбындағы
шығармашылық жұмысында насихаттау, алдын алу шараларын пайдалана
отырып өзінің профилактикалық жұмысын жүргізу. (дәрумендер кітапшалар)

9. Журналистер:

«Астана - хабар»телеарнасынан Жанықұлова Жанай.

«Хабар» телеарнасынан Кентаева Дидар.

V. Сабақты бекіту:

а) биологиялық диктант

ә) тест

VI. үйге тапсырма: тапсырманың орындалуына нұсқау беріледі.

$38 оқу, терминдермен жұмыс.

«Будандар» -

«Таза тармақ» -

Аллель –

Генотип –

Фенотип –

Гетерозигота –

Гомозигота –

Хромосома –

VII. Жаңа сабақ және үй тапсырмасы бойынша оқушылар білімін бағалау.
Қойылған бағаларға анализ жасау

Астана қаласы

№51 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жапырақтың суды буландыруы

Сыныбы: 6 «Б»

Биология пәнінің мұғалімі: Әмірова Айнұр Өскенқызы

2010-2011 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың суды буландыруы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жапырақтың суды буландыруы, су булануының
маңызы, жапырақтың ылғалды және құрғақ климатқа бейімделуі туралы теориялық
және практикалық білімдерін қалыптастыру. Теориялық материялдарды жүйелеу,
тиянақты баяндауға тәрбиелеу.

Табиғатты қорғауға, әсемдікті бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: инновациялық ақпараттық технология сабағы

Сабақтың типі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық

Пәнаралық байланыс: әдебиет, экология, информатика, психология

Көрнекілік: интерактивті тақта, құмсағат, тамыр, сабақ, жапырақ суреттері,
электронды оқулық.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды отырғызып сабақтың мақсаты,
міндетімен, жоспарымен таныстыру,

II. Топтарға бөлу:

Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.

- Табиғат дегеніміз не?

- Табиғаттың адам өмірі үшін маңызы қандай?

- Тірі ағзалар неден тұрады?

Жасуша-Ұлпа-мүше-ағза.

- өсімдік мүшелері неше топқа бөлінеді?

- Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелеріне қандай бөлімдері
жатады?

Олай болса бүгінгі жарыс сабағымызда «тамыр», «сабақ», «жапырақ» топтары
құрылады.

- Өздеріңіз қалаған топқа топқа отыруларыңызға болады. Сіздердің
осы таңдауларыңыз бойынша мынандай психологиялық мінездеме
айтып кетсем: (слайд)

Тамыр-істің нәтижелілігіне көп көңіл бөлетін адамдар

Сабақ-біреуге тірек бола алатын, өзіне сенімді адамдар

Жапырақ-шығармашылықты, әсемдікті сүйетін адамдар

Әділқазылар алқасын шақырып таныстыру (сынып оқушыларынан)

III. Таныстыру: «Бір көрген таныс, екі көрген біліс»- дегендей әр
топөздерін таныстырып өтсе. Әр топ өздеріне берілген өсімдік
мүшелерінің маңызы, қызметі туралы айтып өтеді.

IV. « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Әр топқа он сұрақтан қойылады. (қосымша 1)

(сұрақтарға 1 минутта жауап берген дұрыс жауабы саналады. Дұрыс
жауапты әділқазылар алқасы жариялайды. Әр дұрыс жауапқа топтың атына
байланысты суреттер береді, жауап бере алмаңан сұрақтарұа қарсылас топтарға
жауап бере алады.)

Ү. «Ізденген жетер мұратқа». Интерактивті тақтада берілген кестедегі
сөздерге байланысты жауаптың реттік санын қояды.

« Тамыр» тобы:

|жүйкелену |фотосинтез |қынап |
| | | |

1. Жапырақ қабаттарына су мен ондағы еріген минералды тұздарды жеткізеді;

2. Жапыраққа беріктік қасиет береді;

3. Күн энергиясының қатысуымен жүретін процесс;

4. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді
өусырылады.

5. Жапырақта қанттың түзілуі жүреді;

« Сабақ» тобы

|Жанаспалы жасуша |Өң жасушалары |Бағаналы жасуша |Борпылдақ жасуша |
| | | | |

1. Жарты ай немесе бүйрек пішінді

2. Жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астында орналасқан

3. Жасушалары арасында бос кеңістіктер болады

4. Жапырақ жүйкелері осы қабатта болады

5. Хлорофил болмайды, түссіз

6. Саңылауы арқылы жапыраққа ауа енеді

« Жапырақ» тобы

|тамыр |сабақ |жапырақ |
| | | |

1. Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырады

2. Өткізгіш бөлімі бар

3. Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше

4. Топырақтан минералды заттарды сіңіреді

5. Оймақшасы болады

ҮІ. Жаңа сабақ

-Фотосинтез құбылысы дегеніміз не? ( слайд)

-Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру

Фотосинтезбен тығыз байланысты. Жапырақ үш негізгі қызмет атқарады:

Фотосинтез, су буландыру және газ алмасу.

Жапырақтың ішкі құрылысын еске түсіру. (слайд)

Жанаспалы жасушалардың құрылысын еске түсіру. (слайд)

Су-жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалар арқылы буланады.

-жанаспалы жасушалар қай кезде жабылады.

Жапрақтың суды буландыруы процесін анимациялық көрініспен экраннан көрсету,
түсіндіру.

Өсімдіктің суды физиологиялық буландыруы транспирация д.а (латын тілінен
«транс» арқылы және « спиро» тыныс аламын)

Өсімдікке түсетін су шамадан тыс болғанда тамыр қысымы әсерінен өсімдік
жапырақтарында сұйықтық тамшыларының бөлінуі – гуттация д.а (латынша
«гутта» тамшы)

Жапырықтар тақтасы неғұрлым үлкен болса. Соғұрлым су көп буланады.
(тәжірибелерді көрсету)

Су булануының маңызы: (слайд)

-ыстық кұндері күн сәулесінен қызып кетуінен сақтайды.

-жапырақтардың жасыл күйін сақтайды.

-жапырақтардың климаттқа бейімделуін қамтамасыз етеді

ҮІІ. Қорыту. «Темірді қызған кезінде соқ»

Жаңа сабақтан алңан біліміңізді толықтыру үшін интерактивті тақтадағы
аяқталмаған сөздерді табады.

-...-жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалар арқылы буланады

-жапырақтың суды буландыруы... тығыз байланысты

-судың булануы жапырақты...

-ылғалы мол жерлердің жапырағы... болады

-жанаспалы жасушалар арқылы жапыраққа ... енеді

-шөл, шөлейтті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ..., ... болғандықтан
суды аз буландырады

ҮІІІ. « Бір тал кессең, он тал ек»

Слайд арқылы мектеп оқушыларының табиғатқа қосқан үлесін көрсету. Сендер де
бүгін білімдерің арқылы қаншалықты адам өміріне қосқан үлестеріңді білу
үшін жинаған өсімдік мүшелерін жинақтап, өсімдік отырғызамыз. Осы арқылы
қай топтың жеңімпаз болғаны байқалады.

-Өсімдік жапырағымен, сабағымен және тамырымен көрікті болса, адам да
білімімен, тәрбиесімен, әдебімен көрікті.

-Әр топтан бір оқушы бұл міндетті атқарғанша басқа оқушылар өз топтарының
аттары бойынша 4 жол өлең шумағын құрастырады.

Бағалау: Ең көп жауап берген оқушыларды әділ қазылар алқасына ұпай
сандарын жариялау.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.

1-топ

1. Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)

2. Жапырақ қандай бөліктерден тұрады? (тақтадан және сағақтан)

3. Өсімдіктің жер асты мүшесі. (тамыр)

4. Жапырақтың кеңейген бөлімі. (тақтасы)

5. Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін бөлімі (оймақшасы)

6. Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі (сағағы)

7. Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсетін мерзімі (көктем)

8. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі (сабақ)

9. Тамырсабақ өркен бе, жеміс пе? (өркен)

10.Бір сағақта 2 немесе одан да көп жапырақтары болады.

2 – топ

1. Өсімдікте қанттың түзілуі жүретін проццес

2. Нарғызгүлдің тамыры

3. Өркеннің орталық тірек бөлімі

4. Тыныс алуға қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсаған сабақта болатын
жасушаның атауы

5. Бір ғана тақтасы бар жапырақ

6. Тамырдың түктер орналасқан бөлімі

7. Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат

8. Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші атауы

9. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы

10.Тамырдың қарқанды өсу мезгілі

3-топ

1. Фотосинтез, газ алмасу, су булану, органикалық заттарды қорға жинау
процестері жапырақтың қай бөлігінде жүреді?

2. Жай жапырақтың тақта саны.

3. Ауа райы қолайлы болса сабақтағы жылдық шеңбердің ені

4. Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік

5. Майда жүйкелер торлап жатады

6. Жарты ай немесе бүйрек тәрізді бір – бірімен жанасқан екі жасуша

7. Сағағы болмайтын жапырақ

8. Жапырақ сағағында 3 жапырақшасы болады

9. Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады

10.Жапырақтардың сабақта орналасуы

Ұқсас жұмыстар
Амебаның негізгі билгиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Компьютерде модель жасаудың негізгі кезеңдері
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері
М.төрежанов, еркіннің еңбегі. әдебиеттік оқу, 2 сынып
Презентация жоспарын құру
Пәндер