Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт


Тәрбиелік шараның тақырыбы: Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт.

Тәрбиелік шараның мақсаты:
оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай
білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету,бабалар
тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін
түсіндіру,оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа,
парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді,
саналы,адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.
Түрі: теледидарлық бағдарлама
Әдісі: пікіралысу
Көрнекіліктері:
«Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт»
«Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.»
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Жақсы сөз – жан азығы.
Сөйлей білу де - өнер.
3. Қорытынды.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,ата-аналар! Бүгінгі «Дудар-
ай»
бағдарламасына қош келдіңіздер!
Профессор мырза,бүгінгі әңгімеміз не туралы болмақ.Кештің
тақырыбымен таныстырып жібермейсіз бе?
Профессор:
Жарайды,жарайды, таныстырайын.
Бүгінгі тақырыбымыз «Жақсы сөз –көңіл құлпын ашатын кілт» деп
аталады.Біздің негізгі әңгімеміз сөз өнері,сөйлеу мәдениеті
туралы болмақ.
Күлпаш: Ой,тағы да сөз бе! Сөйлей білу деген не өзі? Оны баладан
бастап үлкенге дейін біледі емес пе? Қалай сөйлеу керектігі
адамның өз еркінде. Профессор мырза, одан өзге ештеңе
таппадыңыз ба?
Шынар ханым. Жоқ,Күлпаш! Сен мүлдем қателесіп отырсың. Сөз адамның ақыл-
ойының,көзқарас көкжиегінің, парасат- пайымының деңгей- ін
көрсетеді.Сөз құдіреті шексіз.Сөз-адамның рухани дүниесінің
баға жетпес өлшемі.Сондықтан сөздің мағынасын түсініп,дұрыс
қолдана білу керек.
Күлпаш: Не деп кеттіңдер! Сонда әлдеқашан тілі шықан аспиранттарға
сөйлеуді енді үйретесіздер ме? Профессор мырза,сонда сіздің
жұмысыңыз сол болғаны ма? Онда таңның атысынан кеш батқанға
дейін сөйлеуден мен де алдыма жан салмаймын. Ендеше мен де
профессор болуыма болады екен ғой!

Профессор: Жоқ, Күлпаш,ханым! Сөз қадірі,сөз өнері дегеніміз – сөздің
киесін ұғынып,сөйлеу әдебі мен мәнерін сақтап сөйлегенде ғана
арта түседі. Оны түсіну үшін сен менің дәрістерімді тыңдап,
көңіліңе тоқи білуің керек.
Күлпаш: Тіпті басымды айналдырып жібердіңдер ғой!
Алдымен ән тыңдап, демалып алайықшы.
Ән: _____________________________________
Жүргізуші: Профессор мырза сөз құдіретін ұғындыруға арналған дәріс-
теріңізді тыңдауға асығып отырмыз!
Күлпаш: Сонда тыңдаған бойда сөз бен сөйлеу мәдениетін ұғып ала
қоямыз ба!
Профессор: Әрине,әрине! Сенбесең мына отырған аспиранттарымды тыңдай
ғой.Олар мұның бәрін жақсы біледі.
1- Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөзді мағынасына қарай дұрыс жеткізе
білу.Сөздің айту ерекшелігіне қарай мәні де мағынасы да арта түседі.
Жақсы сөз –адамдарға деген шын тілектестік пен адал ниеттен
туындайды.Жақсы сөз- жанды сауықтырады,көңілді тербейді,бойды
сергітеді.
2- Сөйлеу мәдениеті дегеніміз-сыйласымдылықты танытады.Сөйлеу мәдениеті
сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты.Бір сөздің мағынасы бір
болғанымен айтылу ерекшелігіне қарай түрліше болады. Мәдениетті сөйлеу-
адамгершілікті,әдептілікті,құрметтеуді білдіреді.
3- Сөйлеу мәдениеті- сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты.
Жалпы адамның мәдениеті оның сөзінен байқалады.Білімді адам күндей
күлімдеп,жарық дүниедей жарқырап сөйлейді.Сөзі арқылы да,өзі арқылы да
тыңдаушының көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп,жанына шуақ
сыйлайды.Өзінен кемшілік кеткен жағдайда кешіріңіз,ғапу етіңіз деген
сөздерді айтып,сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдаушының көңілін жадыратады.
4- Сөйлеу мәдениеті-әдепті сөйлеуге дағдылану.Әдепті сөйлеу адамның
адамгершілігін,қайырымдылығын,мейірімділігін танытады.Дөрекі сөйлеу
мен оғаш қылық арқылы өзіңнің беделіңді жоғалтасың.Өйткені,ол айнала
дағы дүниеден алыстатып,қадіріңді қашырады.Сондықтан мәдениетті
сөйлеуге дағдылану керек.
Профессор:
Енді көзіңіз жетті ме,Күлпаш ханым! Сөз өнері,сөйлеу мәдениеті
дегеніміздің өзі бір ғылым болып табылады.Оны меңгеру үшін әлі көп
оқуың керек.
Шынар ханым:
Әрине,профессор мырза! Бір ауыз сөзбен адамның көңілін жасытуға,
мерейін тасытуға да болады.Сөз құдіреті шексіз.Сөз сөзге жарығын
да,көлеңкесін де түсіреді.Халқымыз «Тәтті айтқанда бал тамған, ащы
айтқанда қан тамған» деп бекерге айтпаған.
Күлпаш ханым:
Сөйлеудің де жөні бар.Менің де сізге қарсы айтар сөзім
бар.
Профессор: Түсінбей қалдым.Нені айтпақшысыз.
Күлпаш: Оны түсіну үшін,алдымен әнді түсіну керек. Сондықтан
алдымен ән тыңдап алайық.
Ән: _________________________________
Жүргізуші:
Күлпаш ханым,жаңа нені айтпақшы болдыңыз!
Сіз сонда профессорды да мойындамайсыз ба?
Күлпаш ханым: Әрине, әрине! Сонда жақсы көрінем деп тек қана жақсы
сөздерді айта беру керек пе?
Профессор:
А,а – енді түсіндім.Ойды тура айту керек дейсіз ғой! Мұны
менің аспирантым Сымбат түсіндіріп береді.
Оқушы:: Турасын айтқанды қалаймын деп айта салмай сөзіңе есеп беріп
сөйлеу керек.Өйткені,келеңсіз әрекеттердің бәрі осы сөзден
туындайды.Жақсы сөз арқылы адамның жанына шуақ сыйлауға
болады.Мысалы,өзі сырқаттанып жүрген досыңа бұл аурудың зардабы
көп,сенің күннен-күнге халің нашарлап барады. Сырқаттан
жазылған күнде де,ағзада аурудың белгісі сақталады .... деп
айтсаң оның көңілін жасытасың,уайымға салынып,ауруы асқынуы
мүмкін.
Жақсы сөз – жаныңды жадыратады,
Жамансөз – уайымға салындырады.
Бір ауыз сөз жан жарасын жазып,өмірге құштарлығын
арттырады.
Шынар ханым: Күлпаш,өзің ештеңені түсінбейсің екен ғой!Әрқашан өзіңе есеп
беріп,ойланып,орынды сөйлей білу керек.Себебі,сөз дегеніміз
–ақыл-ой жәдігері.
Бабаларымыз «Сөздің оңы мен терісіне,өңі мен астарына айрықша
мән беріп сөйле» деп бекерге айтпаған. Бұл «сөздің сен
айтқан мағынасынан басқа белгілі себептермен тыңдаушыға
жағымсыз болатын қосымша мағынасы да болады» дегенді білдіреді.
Орынды - сөз абыройыңды асырады,
Құр сөз - құтыңды қашырады.
Жүргізуші:
Ой маржаны – сөз.Сөзді тыңдарманға жеткізудің жолы көп.Тура
сөйлеген дұрыс. Бірақ тыңдарманға айтылатын ойды жақсы сөзбен
жеткізген жөн.
Күлпаш ханым, Сіздің бүгінгі тақырыпқа әлі де көңіліңіз толмай
отырған секілді. Мен қазір Әди дегн досымды шақырайын.Ол - өте
білімді адам.Аудандық,облыстық «Абай-Шәкәрім оқулары- ның»,
аудандық пәндік олимиаданың жүлдегері,болашақ ғалым, филология
ғылымының зерттеушісі.
Әди,қош келдің! Біз сөз өнері туралы ой бөліспекпіз.Жауабын
таппай жүрген сауалдарымды саған қойсам деймін.Соған қалай
қарайсың.
Әди:
Жарайды, Өсетін жасқа,өнерлі жанға аталы сөз керек.Ендеше сөз
өнерін дәріптеуден қашпаймыз.
Жүргізуші: Адамзат үшін мұралардың ең қымбаттысы не?
• Мұралардың ең қымбаттысы –сөз.Өйткені,сөз күн шалмас қараңғы
көңілді шалады.Асылы,адам да,дүние де тозады.Тек асыл сөз ғана
мәңгі жасайды.
Жүргізуші: Ал адамның ең жоғарғы қасиеті не?
• Адамның ең жоғарғы қасиеті –ақылды ой,алғыр сөз.
Жүргізуші: Әлемде неге теңеу жоқ,неге өлшеу жоқ?
• Менің ойымша,әлемде тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу
жоқ!
Жүргізуші: Өмірде кімнің сөзі өтімді,кімнің сөзі өтімсіз деп білесің?
• Өмірде ойы мешеу,тілі доғал адамның сөзі адамның көмейінен
өтпейді,ойы-заңғар,тілі-балдай адамның сөзі естен кетпейді.
Әрдайым заңғар ойды көркем тілмен жеткізе білуіміз керек.
Шынар ханым: Мен де осы айтылғанға қосыламын.Әрине адам жанын тербей-
тін асыл сөздің салмағын саралай білу керек.
Жақсы сөз – жан азығы.
Жүргізуші: Бұл туралы аспиранттарымыз не дейді екен?
Аспиранттар:
5- Сөз құдіреті ғажап.Сөз алтынды мыс,мысты алтын етіп көрсете алады.Тас
жүректі қорғасындай балқытып,балқыған қорғасынды тастай ете
алады.Кірлі көңілді тазартып,кірсіз көңілді тазарта алады.
6- Сөз құдіретіне тереңнен ой жіберіп көрейікші. Көне замандардағы
мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарында былай деп
жазылған екен: «аузыңа абай бол,көкейдегі ойды айтуға асықпа», ал
мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн,асығып-аптығып
сөйлеген сөзің орында да ұрымтал болсын» десе,үнді заңында «қандай да
бір қиын жағдайда да балағат сөздерге тиым салынады,көкейге
қонымды,көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл - сөз
құдіретінен туған жауапкершілік.
7- Сөз сөйлеушінің ойын,сезімін білдіріп қана қоймайды,оның мінездемесі
болып табылады.Сондықтан адамды сөзіне қарап бағалауға болады. Халық
қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеушінің
парқына ерекше мән берген. «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі,, «Жанды
жаралайтын да,емедейтін де сөз», «оқ жарасы бітер,сөз жарасы бітпес»,
«тау мен тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар» деген мақалдар сөздің
қадір-қасиетін анық ұқтырғандай.
8- Адамдар сөз арқылы ұғынып,сөз арқылы табысады.Сөз –адам үшін тәрбие
құралы,ақыл-ой жәдігері,қымбат қазынасы. Сондықтан сөзді шашпа-төк
тегін дүние көріп,оңды-солды айта берсең,қадірі болмайды. Халқымыз
айтқандай, «сөз қадірі - өз қадірің», «сөзі құнсыздың - өзі құнсыз».
Күлпаш ханым: Сөз сөйлеу білу де -өнер.Ән айтып,өлеңді көркемдеп оқи білу
де өнер. Кезекті өнерге берейік!

Сөз. Күләш Ахметова.

Жүргізуші: Бұл көңілдегі ойды дәл басатын көркем сөздерді тыңдағаннан
кейін сөз құдіретін бағалайтын шығарсыз,Күлпаш ханым?
Күлпаш ханым: Мен өзім сөз қадірі мен сөйлеу мәдениетін сақтауды бұрын-
нан-ақ жақсы білемін.Бірақ,кейбір замандастарымыздың ойын
жеткізіп сөйлей білмейтінін байқап жүрмін.Сондықтан,соларға
арнап жақсы бір кеңес беріп жібермейсіз бе,жүргізуші мырза!
Жүргізуші: Жарайды,Күлпаш ханым! Сіздің айтқаныңыз-ақ болсын!
Жалғандағы ең көркем нәрсе – сөз.Сөз-көңілдегі көркем ойды
жеткізетін таптырмас құрал.Сөз-көңілдің бұлағы.
Тек қана көпті ұйытып,тебірентер ойлы да,
салмақты сөзді айта білейік!
Сөздің нарқын бағалай білетін достарымыз көбейсін!
Қорытынды ойымызды әнмен түйіндесек дейміз!
Ендеше ән тыңдайық!


Ұқсас жұмыстар
Президент болып халыққа хат жазу
Білім - ақыл-ой дариясы
Саябаққа саяхат
Зерттеушілік тапсырмалар
Қазақ тілі. Сын есімнен өткенді қайталау
"тапқыр достар" атты 5-7 сынып оқушыларына арналған интеллектуалды ойын
Қанадй сөз
Есептер сыры
Неліктен дауысты дыбыс
Сұрақтар мен жауаптар массивтерін жасау блоктары
Пәндер