Адам. Оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру

Аты жөні:
Амиренова Асель Жумабаевна
Туған жылы, күні:
17 ақпан
1981жыл.
Ұлты: Қазақ
Қызметі:
Мұғалім
Мекен жайы:
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Еңбек өтілі: 9 жыл
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Құқық пәні мұғалімі
Қызмет ету орны: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №5 Қабден Шыңғысов атындағы орта мектеп.
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: §1. Адам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Білімдерін жан- жақты тексеру
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Адам мәселесі.
- Адам ұғымы.
- Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар.
Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде Homo sapiens (саналы адам) түрінің өкілі пайда болған.
Адам мен оның тегі туралы аңыздық түсініктер де алуан түрлі.
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды.
Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен - жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен және саналылығымен ерекшеленеді. Адам - Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі, қоғамдық- тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.
Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында адам ғарыштың бір бөлігі, өзінше кіші әлем- микрокосм, үлкен әлемнің- макрокосмның бейнесі және символы ретінде сипатталады.
Адам - тәнилік пен руханилықты, табиғилық пен әлеуметтік, мұраға иеленгені мен өмірден қабылдағандарын бірлікте алып жүретін пенде. Тірі организм ретінде адам қоршаған құбылыстармен табиғи байланыста болады және биологилық (биофизикалық, биохимиялық, физиологиялық) заңдылықтарға бағынады. Сондай-ақ адам саналы психикасы деңгейінде және тұлға ретінде өзіндік ерекше заңдылықтары бар әлеуметтік болмыстан да тысқары қала алмайды. Адамның тәни, морфологиялық ұйымдасуы- әлемнің бізге мәлім бөлігіндегі материя ұйымдасуының ең жоғары деңгейі. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаған ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ататегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.
Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемі мен әлеуметтік жағдайларға тап болады.
Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол - әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш - қоғам ғана.
Мәдениетпен қауышу үдерісінде адамда өзінің қалауынан және түйсіктің ерік күшімен реттей алуынан көрінетін өзін-өзі бақылау тетігі қалыптасады. Мұндай өзін-өзі бақылау, шын мәнінде, әлеуметтік бақылау болып табылады.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қоғамнан қол үзген ересек адам қандай күй кешуі мүмкін?
- Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстыр?
- Жаңа материалды бекіту:
- Адам мәселесімен айналысатын ғылым салаларын атаңдар.
- Адамның бойындағы нышандарға сипаттама беріңдер.
- Саналы адамдар қашан пайда болды?
- Үйге тапсырма:§1. Адам
- Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 2. Әр адам - қайталанбас тұлға
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға даралық, жеке адам, тұлға ұғымдары туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Адам мәселесімен айналысатын ғылым салаларын атаңдар.
- Адамның бойындағы нышандарға сипаттама беріңдер.
- Білімдерін жан- жақты тексеру
- Тірек сызбамен жұмыс.
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Даралық
- Жеке адам
- Тұлға және оның қалыптасуы.
Табиғаттың сырына үнілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар.
Даралық (лат. Individuum - бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінің өзінше үйлесіп келген, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.
Даралық - адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үдерісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.
Даралық - адамзаттың прогрес жолымен дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Жеке адамның даралануы мен жетілуі қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға қарсы күресте манызды рөл атқарады, адамдардың өздерін-өздері, қоғамды және қоршаған ортаны үнемі жасампаздықпен өзгертіп, жетілдіріп отыруының кепілі бола алады.
Жеке адам деп адамзаттың жеке өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.
Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Даралық оның өзіндік әлемін айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді. Адамның өмір жолы мазмұндық жағынан әлеуметтік жағдайлармен айқындалғанымен, оның тегі, құрылымы және формасы дара сипатта болады.
Әр жеке адам -қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи субъекті ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.
Тұлға (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады.
Философияда тұлға - әлеуметтік даралық сапасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.
Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ықпалымен өтеді.
Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үдеріс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бақыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастас, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қоғамда адамның мәнін ашуға көмектесетін қандай ұғымдар бар?
- Даралық латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
- Жеке адам немен тығыз байланыста болады?
- Жаңа материалды бекіту:
- Даралық ұғымына сипаттама беріңдер.
- Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
- Үйге тапсырма:§ 2. Әр адам -қайталанбас тұлға
- Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 3. Адамның қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамның қызметі, қызметтің тұрпаттары мен түрлеріне түсінік беру және оның қоғамда алатын рөлін ашып көрсету.
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Даралық ұғымына сипаттама беріңдер.
- Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
- Қоғамда адамның мәнін ашуға көмектесетін қандай ұғымдар бар?
- Даралық латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
- Жеке адам немен тығыз байланыста болады?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Қызметтің сипаты.
- Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар.
Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет - адамның өмір сүруінің формасы.
Қызмет қоғамның қозғаушы күшіне, прогрес факторына, қоғамның өзінің өмір сүру шартына айналады. Адам қызметінің жануарлар әрекеттерінен мәнді айырмашылығы - оның мақсаттылығында және құралмен орындалатындығында. Мақсатсыз және құралсыз, тек түйсікпен істелетіндіктен, жануарлардың әрекеттерін қызметкотегориясына жатқызуға болмайды.
Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз.
Қызметтің көптеген тұрпаттары мен түрлері бар.
Мақсат - қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдарын сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.
Мақсат - түрлі актілер мен операциялардың сипатын, жүйелік тәртіптерін айқындайтын қызметтің жобасы. Мақсат айқын болғанда - қызметтің нәтижесі де белгілі. Ал қызметтің өзі - мақсатты жүзеге асырудың балама жолдары мен жоспарларының арасынан тиімдісін таңдап алып әрекет етудің күрделі үдерісі болып шығады.
Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті мотив деп атайды.
Мотив (франц. Motif - себеп, себепке итермелеу) дегеніміз - субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қызмет дегеніміз не?
- Қызмет қоғамның қозғаушы күші дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қызмет етуге құлшыныс тудыратын қандай фактор бар?
- Жаңа материалды бекіту:
- Қызметтің түрлері мен тұрпаттары қандай?
- Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты көрсет.
- Мотив дегеніміз не?
- Үйге тапсырма:§ 3. Адамның қызметі.
- Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 4. Адамның қабілеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қабілет, дарын және зият ұғымдарына түсінік қалыптастыру және олардың арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсету.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: хрестоматия.
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қызмет дегеніміз не?
- Қызмет қоғамның қозғаушы күші дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қызмет етуге құлшыныс тудыратын қандай фактор бар?
- Білімдерін жан-жақты тексеру
- Қызметтің түрлері мен тұрпаттары қандай?
- Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты көрсет.
- Мотив дегеніміз не?
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
- Қабілет.
- Дарынның сипаттамасы.
- Жад.
- Зият.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үдерісінде қалыптасады. Қызметтің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады.
Қалыптасқан қабілеттерді диогностикалаудың кәсіптік бағдар үшін үлкен практикалық маңызы бар. Кәсіптік іріктеу мен спортта қабілеттерді қалыптастыру мүмкіндіктері оларға сандық баға бере алатын тестілер арқылы жүзеге асырылады.
Психологиялық және педогогикалық зерттеулерде қызметтің нақты түрлеріне қабілеттілікті қалыптастыру проблемалары үлкен орын алады. Қызметтің осы түрін игеруге бағытталған әрекет бағдарламасының ғылыми саралануының маңызы ерекше. Адамның қабілетін дамытудың түрлі бағыттарына арналып жасалған арнайы бағдарламалармен жұмыс жүргізіп, елеулі жетістіктерге жетіп жүргендер аз емес.
Мысалы, сазды есту қабілеті жоқтарға оны дамыту әдістемесі жасалған. Осы әдістеме бойынша бұрын сазды түсіне бермейтін балалардың өздері аспаптарда едәуір шебер ойнай алатын болады.
Қабілетті дамытудың сапалық деңгейі дарын және даналық ұғымдарымен беріледі. Дарын деп жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.
Дарынның жүздеген тұрпаттары мен түрлері болады. Азамат үшін олардың бәрі қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушілік, жылдам реакция немесе көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік болуы мүмкін. Мақсат осындай дарынды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай әуестікті дарытуда болса керек.
Жад - қызмет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үдерісі.
Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту мен оқытуға негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.
Адам зымырап бара жатқан өмір көшінде санасында сәуле қалдырған, өзін толғандырған, өмірде болғандарымыз бір оқиғаларды, сөздерді, дыбыстарды, белгілі бір кештегі батып бара жатқан күннің бояуларын есінде сақтайды. Қазіргі заманғы ірі математик және кибернетик Джон фон Нейманның есептеуінше, адамның миы мөлшрмен 10 20-не тең ақпараттар бірлігін сақтай алатыны көрінеді.
Зият (интеллект; лат. Intellectus- тану, түсіну, талқы) - адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі. Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады.
Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның дара типологиялық даму ерекшеліктерін зерттейтін тоерияда қолданылады. Адамның зияттылығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффиценті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша- IQ) делінеді. Көпшілік психологтердің пайымдауынша, негізінен, IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
- Жаңа сабақты меңгергеңдігін тексеру:
- Жад қандай функциялар атқарады?
- Жаңа материалды бекіту:
- Қабілет, дарын және зият ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды атап көрсетіндер.
- Баланың бойындағы қабілетті қалай ашуға болады?
- Үйге тапсырма:§ 4. Адамның қабілеті.
- Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 5-6. Өмір және оның мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өмір және оның мәні туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адами құндылықтарға - мінез құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерге, бірін -бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: осы тақырыптың мәнің аша отырып, махаббат, бақыт тақырыптары туралы ой қозғау.
Көрнекілігі: хрестоматия.
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қабілет дегеніміз не?
- Жад дегеніміз не?
- Жад қандай қызмет атқарады?
- Білімдерін жан-жақты тексеру
- Мектеп баланың бойындағы қабілетті қалай ашады?
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
- Өмірдің мәні.
- Бақыт түсінігі.
- Адасу.
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтан, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», -деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Адам өмірінің мәні оның қызметінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады.
Тарихтаң түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы-сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз - адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы бағытты қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, өнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ.
Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардың өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді.
Коптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға да дайын еді.
Шын махаббат екі жақтың психологиялық үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат - адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысты бір маңызды қыры.
Бақыт деген - адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау - адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу - әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
Еңбекпен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Адамның өзін -өзі іштей тоздыруы осылай басталады.
Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі - бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі - қоғамдағы әділетсіздіктің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz