Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні

Аты жөні:
Амиренова Асель Жумабаевна
Туған жылы, күні:
17 ақпан
1981жыл.
Ұлты: Қазақ
Қызметі:
Мұғалім
Мекен жайы:
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Еңбек өтілі: 9 жыл
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Құқық пәні мұғалімі
Қызмет ету орны: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №5 Қабден Шыңғысов атындағы орта мектеп.
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Білімдерін жан- жақты тексеру
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Конституциялық құқық.
- Конституциялық - құқықтық нормалар.
- ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.
Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы - басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.
Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз - ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
- құқық беру әдісі, яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;
- рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,
- міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
- тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
Конституциялық-құқықтық нормалар - мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:
- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;
- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда - мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
- тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз - конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.
- Заңдар - конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т. б. заңдар жатады.
- Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
- Жаңа материалды бекіту:Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
- Үйге тапсырма:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
- Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.
Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
2. Конституциялық құқық дегеніміз не?
3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.
3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.
4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.
Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі - адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.
«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;
- «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;
- егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
- тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру - Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы
-тумысынан
-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;
-«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;
- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса
- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;
- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;
- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша
- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;
- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;
- терорлық әрекеті үшін сотталған болса;
- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
- басқа мемлекеттің азаматы болса
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.
Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.
Жеке құқықтар мен бостандықтар - адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.
Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз - жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.
Саяси құқықтар мен бостандықтар - Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.
Жеке адамның конституциялық міндеттері - ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:
- әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;
- әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;
- әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін - Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;
- заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;
- Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;
- Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
- Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
- Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?
7. Жаңа материалды бекіту:
- Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?
- Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?
8. Үйге тапсырма: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
9. Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық мәртебесі, сайлану тәртібі және өкілеттігі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мызғымастығын және тұтастығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсендігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
3. Экономикалық және әлеуметтік құқықтарға қандай құқықтар мен бостандықтар жатады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Кестені толтырындар.
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
2. Қазақстан Республикасының Парламенті.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
4. Қазақстан Песпубликасының Конституциялық Кеңесі.
5. Қазақстан Республикасының сот билігі.
6. Жергілікті мемлекеттік басқару.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары органдары жүйесінде басты орын алды. Конституцияның 40- бабында сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, яғни Қазақстанда туған, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы өз қызметін тиімді атқару үшін Конституция мынадай талаптар белгілейді:
1) бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды;
2) Президенттің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігінің аяси өте кең. Олар: Үкіметпен қатысты өкілеттігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот және жергілікті соттарға қатысты ерекше өкілеттіктері бар.
Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы. Ол екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан (Алматы) және республика астанасынан екі адамнан және тиісінше облыстың және Алматы қаласы мен республика астанасының барлық өкілдік органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының өкілдік мерзімі - алты жыл, бірақ сайланатын сенаторлардың жартысы үш жылдан кейін қайтадан сайланады. Сонымен қатар он бес депутатты Сенат өкілеттігі мерзіміне республика Президенті тағайындайды және олар әр жыл сайын қайта сайлануға жатпайды.
Мәжіліс 107 депутатан тұрады, Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың аумағында, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған, Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған адам Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының жасы Жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарын өз депутаттарының арасынан сайланған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Сенат пен Мәжіліс төрағалары басқарады. .
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет мүшелерінің құрамына: Премьер-министр мен оның орынбасарлары, министрлер мен Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды адамдары кіреді. Үкімет құрылымын министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар құрайды.
Өз қызметінде Үкімет республика Президенті алдында жауап береді және оның өкілеттігі (жеті жыл) шегінде қызмет етеді, жаңа сайланған Президент қызметіне кіріскеннен кейін өз өкілеттігін тоқтатады. Өз қызметі мәселелері бойынша Үкімет елдің барлық аумағында күші бар қаулылар шығарады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - мемлекетіміздің барлық аумағында Конституцияның басымдығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Ол жеті мүшеден тұрады: Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен тағы ек мүшесін Республика Президенті; екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды және босатады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экс-президенттері құқықтары бойынша Кеңестің ғұмыр бойы мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімдері- алты жыл. Қазақстан аумағында тұруы; жасы отыздан кіші болмауы; жоғары заңгерлік білімі және заңгер мамандығы бойынша кем дегенде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының сот билігін тұрақты соттар, сондай-ақ заңда көзделген тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізетін алқа соттар арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Конституцияға және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңына сәйкес құрылатын Жоғары Сот пен жергілікті және басқа да соттар құрайды.
Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңмен судьялар мәртебесінің төмендегідей қағидаттары белгіленген:
- Судьялардың ауыспайтындығы;
- Судьялардың тәуелсіздігі;
- Судьяларға қол сұқпаушылық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 79- бабына сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған республика азаматтары судья бола алады.
Жергілікті мемлекеттік басқару ол тиісті аумақтағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар экономикалық-әлеуметтік және өзге де мәселелерді шешу жөніндегі жергілікті өкілетті органдар(маслихаттар) мен атқарушы органдар(әкімдер) жүзеге асыратын қызмет.
Маслихаттар - тиісті аумақтарда тұратын азаматтардың еркін білдіретін және мүдделерін қорғайтын халықтың сайланбалы органдары. Жасы 25-ке толған Қазақстан Республикасының азаматы маслихат депутаты болып сайлана алады.
Жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) - ол облыс, қала, аудан әкімі өз құзыры шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган.
Маслихаттар өз құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару - ол халқы ауылдық және қалалық қауымдастықтар мен олардың сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Конституцияның 89- бабында: «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін болып жергілікті өзін-өзі басқару танылады» деп жазылған.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қазақстан Республикасның мемлекет басшысы кім?
- Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады?
- Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органы қалай аталады?
- ҚР-да сот төрелігін қандай органдар іске асырады, ол қалай жүзеге асады?
7. Жаңа материалды бекіту:
- ҚР-сы Конституциясының үстемдігін қандай органдар жүзеге асырады? Кесте арқылы толтырындар.
8. Үйге тапсырма: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.
9. Бағалау:
Сыныбы
Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: § 4. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету, түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz