Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Құмырсқаның қанағаты ертегі

Ана тілі 3 -класс

Сабақтың тақырыбы: «Құмырсқаның қанағаты»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегіні түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Өз
бетінше жұмыс істеу дағдысын, шығармашылығын қалыптастыру, сөздік қорын
молайту.

Міндеттері:
а) мазмұнға байланысты:
Мәтінді оқып танысады. Рөлдерге бөліп оқуға дағдыланады. Өз бетінше
мазмұнын айтуға машықтанады.
ә) сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: оқу мен жазу арқылы сыни
ойлауын қалыптастыру, ертегіні құрастыру, қиялын шарықтау, өз бетінше ой
түйіндеу.
б) топтық жұмыс үрдісіне байланысты:
1. Оқушылар өзара пікір алысады. Ортақ ой түйіндейді.
2. Өз пікірлерін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні:
Оқушыларды еңбекқор, қанағатшыл болуға, үнемшілдікке баулу. Басқаның
пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: мультипроектор, интерактивті тақта.
Стратегиялары: Б.Б.Ү., мінездеме, кейіпкерге хат, бес жолды өлең, сиқырлы
таяқша.
Түрі: дамытушылық
Тұрпаты: Жаңа материалды меңгерту.

І. Қызығушылықты ояту.
Берілген әр түрлі суреттер бойынша ертегі құрастыру, ауызша баяндау.

ІІ. Мағынаны тану.
а) Б.Б.Ү. кестесі бойынша жаңа сабақты меңгерту.
|Білемін |Білгім келеді? |Үйрендім |
|Құмырсқа кішкентай, |Тағы қандай түрлері |Жаңа білімді меңгерту|
|қызыл, қара болады. |бар? Неге ол тәттіге | |
|Олар илеулерде |жақын, болады? Оның | |
|болады. Үнемі |илеуі қандай? | |
|қозғалыста жүреді.т.б| | |

Оқушылар Білемін,Білгім келеді кестесін толтырады,ой бөліседі
ә) Мәтінмен жұмыс.
1. Оқушылар көзбен оқиды.
- Бұл мәтін не туралы екен?
- Кейіпкерлерін ата.

2. Рөлге бөліп оқыту. (Оқымысты, құмырсқа, автор)
3. Тапсырмаларды орындау (Сұрақтар)
Оқушылар 6 ұяшықтағы түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Оқымысты бақ ішінде нендей жайды көрді?
2. Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты барын қайдан білдің?
3. Оқымысты құмырсқаны неге, қалай сынады?
4. Құмырсқа бір жыл бойы дәннің неге жартысын жеді?
5. Құмырсқа бір дәнді бірде бір жылға азық етемін десе, екіншіде жарты
дәнді 4-5 жылға азық етемін дегені несі?
6. Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?
Сергіту сәті
Сонан соң таңдаған түстерінің сырын ұғады.
б) Интернет желісіне еніп көрейік.
1. Құмырсқа туралы мәліметті оқу, суреттерін көрсету.
в) «Үйрендім» кестесін толтыру, пікірлерін
айту.

ІІІ. Толғаныс:
1. Мінездеме.
2. Кейіпкерге хат.
3. Бес жолды өлең.
4. Егер мен құмырсқа болсам...
Өз қалаулары бойынша біреуін ғана орындайды. 4-5 оқушыға оқыту.

«Сиқырлы таяқша» арқылы Мен бүгін өзіме не алдым? Ой түйіндеу.

IV. Бағалау.
Оқушыларды мадақтау арқылы бағалаймын.
V. Үй тапсырмасы:
Мәтінді түсініп оқу.
«Қанағат қарын тойғызар» тақырыбына эссе жазу.

Ұқсас жұмыстар
Құмырсқаның қанағаты. жоспар
<<сары ләйлек>> қытай ертегісі
Қарлығаш әулие
Құмырсқаның қанағаты. 3 сынып
Алғырлық бекеті
Құмырсқаның қанағаты
Ертегі сабақ. Ашық сабақ
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 3-сынып
Құстардың королі (литван халық ертегісі)
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
Пәндер