7-сынып Информатика: Есептеуіш техниканың даму тарихы (жоба қорғау сабағы)

7 сынып Информатика пәні

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.

Сабақтың түрi: жоба қорғау сабағы

Әдіс-тәсілдері: Жоба дайындау, оны қорғау, дәлелдеу, салыстыру, талдау, зерттеу.

Сабақтың көрнекiлiктерi:

интерактивті тақта, слайдтар, буклет, үлестiрмелi карточкалар

Оқыту түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың екі топ бойынша сабаққа дайындығы. Сабақ тақырыбы мен түрі, мақсатын айқындау. )

Кіріспе сөз: Бүгінгі сабағымыздың түрі - жоба қорғау сабағы.

Жобамыздың жалпы тақырыбы-есептеуіш техниканың даму тарихы. Жоба қорғауға дайындық барысында бірнеше кезең бойынша ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақпарат құралдарын пайдаландыңдар. Оның нәтижесін бүгінгі күнгі жоба қорғау сабағында ортаға салмақпыз.

Сонымен, бүгінгі жоба қорғау сабағымыздың мақсаты - е септеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында әр топқа алдын - ала жобалау тақырыптары ұсынылған болатын. Арнайы жобалау әрекеті жоспары және технологиялық карта негізінде, әр топ тақырыбы анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді, бағыт- бағдар айқындалды.

Соның нәтижесінде бүгінгі сабақта мынадай бағыттар бойынша жоба қорғаймыз:

1 топ: « Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы»

2 топ: « ЭЕМ буындары»

Осы тақырыптар төңірегінде өз жобасын қорғауы үшін, әр топқа сөз береміз. (15 мин . уақыт беріледі) .

ІІ. Жаңа сабақ

І топ. (өз тобымен жобасын қорғайды) .

  1. Қол - б. э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап.
  2. Механикалық құралдардың даму кезеңі.
  3. Электр механикалық құралдардың даму кезеңі.
  4. Электрондық құралдардың даму кезеңі.

Мұғалімнің сөзі: І топтар өз жобаларын қорғады. Енді бірінші топқа сұрақтары бар ма? Екен?

І топ: бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалған? (Марк -1, 1944 жылы)

ІІ топ: Электрондық құралдардың дамуы кезеңі. «ЭЕМ буындары».

(топ жетекшісі ) .

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955) .

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965) .

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980) .

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970- ) .

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955) .

  • электронды шамдармен жұмыс істеді
  • есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция
  • әр машинаның өз тілі болды
  • операциялық жүйелер болған жоқ
  • енгізу және шығару: перфоленталар, перфокарталар, магнитті таспалар

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965) .

  • жартылай өткізгіш элементтер -транзисторлар(1948, Дж. Бардин, У. БрэттейниУ. Шокли)
  • жылдамдығы секундына 10-200 мың операция
  • алғашқы операциялық жүйелер
  • алғашқы программалау тілдері:Фортран(1957), Алгол(1959)
  • мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер
  • интегралды микросхемалар(1958, Дж. Килби)

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980) .

  • есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін
  • жедел жад - жүздеген мың байт
  • операциялық жүйелер - жадты, құрылғыларды, процессор уақытын басқару

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970- ) .

  • үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан

(ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлер

  • дербес компьютерлер
  • қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі
  • әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары
  • оперативті жад - бірнеше гигабайт
  • көппроцессорлық жүйе
  • компьютерлік желілер
  • мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)

Мұғалімнің сөзі ІІ топ өз жобаларын қорғады. Енді екі топқа сұрақтары бар ма? Екен?

ІІ топ: «Марк -1»машинасы қандай элементтерге негізделген?(Релелік және механикалық элементтерге негізделген. )

ІІІ. Тапсырма

  1. Не? Қайда? Қашан? Кестені толтыру.
Не?
Қайда?
Қашан?
№: 1
Не?:
Қайда?: Барлық жерде?
Қашан?:
№: 2
Не?:
Қайда?:
Қашан?: 2000-5000 жыл бұрын
№: 3
Не?: Паскаль машинасы
Қайда?:
Қашан?:
№: 4
Не?:
Қайда?:
Қашан?: 1694 ж
№: 5
Не?: Логарифмдік сызғыш
Қайда?:
Қашан?:
№: 6
Не?:
Қайда?: Англия Чарльз Бәббидж
Қашан?:
№: 7
Не?: Бәббидждің машинасына арналған бағдарлама
Қайда?:
Қашан?:
№: 8
Не?:
Қайда?: Герман Холлерит Америка
Қашан?:
№: 9
Не?: «Марк-1»электро-механикалық машинасы
Қайда?:
Қашан?:

Жауабы:

Не?
Қайда?
Қашан?
№: 1
Не?: Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншіктер
Қайда?: Барлық жерде?
Қашан?: Көне заманда
№: 2
Не?: Абак
Қайда?: Ежелгі қытай н/е Египетте
Қашан?: 2000-5000 жыл бұрын
№: 3
Не?: Паскаль машинасы
Қайда?:

Франция

Блез Паскаль

Қашан?: 1642ж
№: 4
Не?: Арифмометр
Қайда?:

Германия

Лейбниц

Қашан?: 1694 ж
№: 5
Не?: Логарифмдік сызғыш
Қайда?:

Англия

Робертсон

Қашан?: 1761ж
№: 6
Не?: Аналитикалық машина
Қайда?:

Англия

Чарльз Бәббидж

Қашан?: 1833ж
№: 7
Не?: Бәббидждің машинасына арналған бағдарлама
Қайда?:

Англия

Ада Лавлейс

Қашан?: 1846ж
№: 8
Не?: Есепші -перфорациялық машина
Қайда?: Герман Холлерит Америка
Қашан?: ХІХ ғасырдың аяғы
№: 9
Не?: «Марк-1»электро-механикалық машинасы
Қайда?:

Америка

Говард Айкен

Қашан?: 1944ж

2. Сәйкестендіру тапсырмасы
(ЭЕМ -ның негізгі элементтік базасына қандай негізгі сипаттама сәйкес келетінін көрсет) .

Жауабы:

3. Сөзжұмабақ шешу.

1: 1
:
:
1: 2
:
:
1: 3
:
:
1: 4
:
:
1: 5
:
:
1: 6
:
:

Ұқсас жұмыстар
7-сынып информатика сабағы: есептеуіш техникасының даму тарихы
Информатика пәні 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Есептеуіш техниканың даму тарихы мен ЭЕМ буындары
Есептеуіш техниканың даму тарихы: сабақ жоспары мен оқу-әдістемелік материал
Есептеуіш техникасының даму тарихы: 7-сынып информатика пәнінің қысқа мерзімді жоспары
7-сынып информатика пәні: Есептеуіш техникасының даму тарихы - қысқа мерзімді жоспар
6-сынып: Есептеуіш техниканың даму тарихы - Компьютерлік жүйелер мен желілер бөлімінің ұзақмерзімді сабақ жоспары
Есептеуіш техникасының даму тарихы: сабақ жоспары
Электронды есептеуіш техникасының даму тарихы мен негізгі кезеңдері
Есептеуіш техникасының даму тарихы, ЭЕМ-нің қоғамдағы рөлі және қолдану аймақтары
Компьютер: ақпаратты өңдеу құралы және есептеуіш техникасының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz