Математикалық ринг сайысының өткізу жоспары (7-8 сыныптар)

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі

Тақырыбы:

Математикалық ринг

(7 және 8 сыныптар)

Дайындаған: Асқарбекова Балымкүл

Дайрашқызы

Астана қаласы

Сайыстың тақырыбы: Математикалық ринг

Сайыстың мақсаты: 1) Оқушының математика пәнін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру;

2) Математикадан алған білімдерін, қабілет жігерлерін, әдіс тәсілдерін сайыс барысында көрсете білуі;

3) Оқушының математика туралы және оның тарихы туралы білімдерінің шекарасын кеңейту;

4) Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Көрнекілігі:

  1. Музыкалық қолдау
  2. Дербес компьютер (Презентация)
  3. Activote құралдары
  4. Таратпа материалдары
  5. Нәтиже таблосы

Сайыстың барысы:

Екі команда қатысады 7 сынып және 8 сынып (Әр командада 6 оқушыдан болады)

  1. Бірінші ринг: Сергіту(Математикалық тапсырмалар беріледі. Кім тез, әрі дұрыс жауап береді сол команда жеңімпаз атанады (5 мин) ) .
  2. Екінші ринг: Сардарлар сайысы(2 бөлімнен тұрады. 1) Экрандағы сұрақтарға ең көп, дұрыс жауап берген сардар жеңеді. 2) Жұмбақ беріледі. Егер сардар дұрыс жауабын бермесе, онда команда жауап беруге болады. Бірақ ол кезде 2 балл емес 1 балл қойылады. )
  3. Үшінші ринг: Білгірлер сайысы(Әрбір команда кезекпен қанатты сөз немесе даналардан қалған математикаға байланысты сөздер (сандар) айтып сайысады. (5 мин) )
  4. Төртінші ринг: Шығармашылық сайыс (Дәстүрлі емес тапсырмалар беріледі. Әрбір командадан шешен тілді, өткір көзді, зерек жады бар оқушы шығады (5 мин) )

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық!

Бүгін сайыс төріне,

Математика тілінде,

Есеп шешіп таласып,

Жұмбақ айтып аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Кең пейілді жігермен,

Келді міне көпбілген.

Демекші енді көпшілік қауым, сырта тұрып толқыған, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп, артынған екі топты ортаға шақырайық.

Әр сыныпта бар дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

« Пифагор» тобын халайық,

Құрметпен қарсы алайық.

Ілім-білім «Жеті қазына» бірі еді,

Үлкен-кіші мұны бәрі біледі.

Осылай деп өз топтарын атаған,

Шақырамыз, сегізінші сынып тобын жайнаған.

Алдымен әркоманда өз ұрандарымен сардарларын таныстырып кетсін:

І топ « Пифагор»

Ұранымыз:

«Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз»

ІІ топ «Жеті қазына»

Ұранымыз:

«Шаршы алаңда мүдірме,

Көп ойланып кідірме!»

Бірінші ринг: «Сергіту»

«Кім аз ойлайды, сол көп қателеседі».

І топ « Пифагор» тобына тапсырма

1) Екі бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң екі бөлмедегі адамдар саны бірдей болды. Алғашқыда бөлмелерде неше адамнан болған?

2) Қорада мысықтар мен торғайлар бар. Олардың барлығының басы 15, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше мысық, неше торғайлар болды?

ІІ топ «Жеті қазына» тобына тапсырма:

  1. Бірдей үш цифрмен жазылған, 3-ке және 37-ге қалдықсыз бөлінетін үш таңбалы санды табыңыз.
  2. Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай беріліп, содан соң қазанға ет салыныпты. Қонақтарға табақ тартылар кезде үй иесі әйеліне келіп: « екеуара бір табақ таратсақ, бір табақ жетпейді. Үшеуара бір табақ таратсақ, 1 табақ артылып қалады»-дейді. Сонда қонақ неше кісі, табақ нешеу болғаны?

Екінші ринг: «Сардарлар сайысы» (2 бөлімнен тұрады. 1 бөлім тест сұрақтарына жауап береді. 2 бөлімде жұмбақ шешеді. )

«Табиғат өзінің заңын математика тілімен қалыптастырады»

  1. бөлім: Тест сұрақтары.

Ұқсас жұмыстар
8-сыныптар арасындағы математика пәнінен Брейн ринг сайысының жоспары
9-10 сыныптар арасындағы пәнаралық Брейн-Ринг сайысы: мақсаттары мен өткізу жоспары
Жас Архимедтер математикалық сайысының бағдарламасы мен тапсырмалары (4-сыныптар арасындағы)
Менің отбасым және математика: 5-сыныптар арасындағы мектепішілік математикалық ойын сайысының сценарийі
Өтес орта мектебі: 5-6 сыныптар арасындағы математикалық сайыс - өткізу жоспары мен бағдарламасы (2012, Досмагамбетова А.А.)
2011-2012 оқу жылы 7-8 сыныптар арасындағы мектепішілік физикалық бәйге бағдарламасы мен өткізу жоспары
6-7 сыныптар арасындағы Біздің ойын атты математикалық сайыс
Талдықорған қаласы №16 орта мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына арналған математикалық Брейн-ринг сыныптан тыс ойын жоспары
6-9 сыныптар арасындағы Үздік биологтар интеллектуалдық сайысының ұйымдастырылуы мен өткізу тәртібі
7-10 сыныптар арасындағы Қолқа шешендік өнер сайысының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz