Жеті атасын білген ер Жеті жұрттың қамын жер

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
“Қазақ тілінде оқытатын жанындағы интернаты бар
№ 3 Смирнов орта мектебі”
мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба тақырыбы: « Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер»
Орындаған:
4-сынып оқушысы Аскерова Алима
Жоба жетекшісі:
бастауыш сынып мұғалімі
Мейрамова Светлана Сейтжанқызы
Смирново 2011
Андатпа
Зерттеудің мақсаты : Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі : Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - . . . Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.
Зерттеудің міндеті :
«Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», - деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері : Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».
Зерттеу әдіс-тәсілдері . Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы : Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұра
Аннотация
Цель исследования : Сегодняшнее поколение должно хорошо знать историю своего народа, земли, предков и сделать выводы, что хорошо, а что плохо.
Актуальность: Основная цель - соединить знания по истории и воспитанию человека о том, кем он является и каковы корни его происхождения. Из светлых страниц истории наших предков можно взять события и те действия, которые дают достойный пример в воспитании патриотизма у защитников Родины. Я думаю, что в 21 веке на сегодняшний день каждый гражданин Казахстана, который считает себя представителем нашего суверенного государства, должен знать историю свою и своего народа.
Президент нашей Республики Н. А. Назарбаев так говорит: «Гражданин независимого государства должен осмыслить свою вековую историю «Кем мы были вчера? Кем мы сегодня являемся? Кем мы будем завтра?» Это значит, что история родной земли, народа и своя история не хуже других. Это значит, что каждый гражданин должен стремиться быть достойным наследником необъятной земли, которую нам оставили в наследство предки.
Учить детей знать своих предков до седьмого колена - это традиция казахского народа, передающаяся из поколения в поколение.
Задачи исследования : Раскрыть значение пословицы о семи поколениях.
Источники исследовательской работы : В качестве исследовательских материалов были взяты источники, анкеты, опросники, пояснения, учебники и художественные произведения.
Гипотеза : Если мы обратим внимание на пророческие слова наших предков, связанные с знанием своей родословной, то есть знанием своих предков до седьмого поколения, то мы сохраним и приумножим историю своей нации, языка, религии и предков - «мы будем не хуже других».
Методы исследования: В процессе исследования используются методы собирательные: сравнение, анкета, анализ и синтез.
Теоретическое и практическое значение исследования: Итоги, полученные в прцессе исследования, можно использовать при подготовке рефератов, научных трудов, при составлении схем, таблиц, диаграмм.
Новизна исследования: По мере узнавания истории своих предков, я пришла к такому выводу, к такой мысли, что я буду ученым-исследователем, который будет следовать по стопам предков и буду трудиться во благо земли и народа.
Содержание исследовательской работы: Научная работа состоит из введения, основной части, заключения, списка литературы и приложения.
An Abstract
The aim : Younger generation should know history of their nation, motherland, and take all good things from it, make right output.
The topicality : The main aim is to be able to combine historical knowledge of who are they and bringing-up. Our ancestors have events and experience from history and clear examples of patriotism that we can use in our life today. I think, that each person of 21 st century, who consider himself as real citizen of Republic of Kazakhstan must know their history. The President of our country N. A. Nazarbayev said: “Each citizen of independent Kazakhstan should search our history and answer the questions: Who we was? Who we are? And who we will be?”. That means, that the history of our country and nation is not worse than others. That means, that each person should seek to be dignified successor of country and land, that our ancestors leaved for us.
Teaching the seven ancestors is the bringing-up tradition of Kazakhs, that continue from father to son.
The objective : To describe the meaning of Kazakh proverb about knowing the seven ancestors.
The literature : Texts, interviews, interpretations, tutorial and bell-letters, research papers were used as the materials for the searching work.
The hypothesis : If we pay attention for sayings about the seven ancestors and how they spread, we will save and improve our nation, language, religion and history.
The methods of researching : The methods of collecting, comparative, interviewing, analyzing and synthesis were used in the work.
The theoretical and practical significances : Results of the work can be used in making tables and diagrams.
The novelty : When I explore wisdom of our ancestors, I decided that I will be a scientist who works to improve nation and motherland.
The content : The work includes introduction, main part, conclusion, list of literature and applications.
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 6
2. 1. Қазақтың туысқандық қатынастары
2. 2. «Жеті ата» ұғымның мәні
2. 3. Шежірем
2. 4. Өз жұртым
а. Сүлеймен Жанғұлұлы
2. 5. Әкемнің нағашы жұрты
а. Әмре
ә. Касеинов Әскер
б. Қасейінов Қуандық Әскерұлы
в. Гүлжихан Аймбетова
г. Жангулина Үкітай Әскерқызы
2. 6. Нағашы жұртым
а. Торсан Тлемисов
ә. Есілбай қажы Мәмекұлы
б. Ұмсын сұлу
в. Ғалауетден Мәмеков - Күләмай Бәкенқызы
г. Кәмалбек Ғалауетденұлы Мәмеков
2. 7. Менің отбасым
а. Әскеров Арман Әлімбекұлы
ә. Әскерова Әлия Камалбекқызы
б. Әскерова Әлима Арманқызы
3. Қорытынды бөлім . . . 18
4. Пайдалынған әдебиеттер . . . 19
5. Қосымша . . . 20
Кіріспе
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.
Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің - уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.
Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек қрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек. Үлкендердің мойнындағы бір міндет - туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу - бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік.
Жеті атамды зеттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбын «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер» деп алдым.
Зерттеудің мақсаты : Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
3
Жеті атаны білудің дәстүрі қалыптасуының себебі: ежелден қалыптасқан дала өркениетінің менталитетіне байланысты, яғни қанның тазалығы, келешек ұрпақтың жан-денсаулығына негізделген.
Өзектілігі : Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - . . . Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.
Зерттеудің міндеті : Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру, топтарға жіктей отырып зерттеу; «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз», - деген мақала арқылы әке, шешемнің шежіресін зерттеу, осы тақырыпқа байланысты демекші, тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерле біл деген мағынаны түсіндіру.
«Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын білер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», - деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері : Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер мен ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.
Зерттеу әдіс-тәсілдері . Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар, «Дерево жизни» бағдарламаны жасауда пайдалануға болады.
«Туысы бірдің - уысы бір» деген сөздің мағынасын ашып түсінік алдым.
Зерттеудің жаңалығы : Осы жоба арқылы мен өзімнің ата-анам, бауырларымды ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы
4
жұрты және қайың жұрты болатындығын түсіндім. Жеті ата шежіресіне кім жатады деген ұғым алдым. Менің әже-аталарым қарапайым адам болған жоқ. Өз заманында өз өңірдің, болыс көлемінде Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосқан адамдар еді. Және барлықтары білімпаз, білім жолын қуған адамдар еді.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.
5
Негізгі бөлім
2. 1. Қазақтың туысқандық қатынастары
«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.
Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.
Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады (1-кесте) .
Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. Ата-текті білу - біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату - әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ.
2. 2. «Жеті ата» ұғымның мәні
«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте) . Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені - ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» - деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.
«Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», - деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған. [13]
2. 3. Шежірем
Сонымен, мен орта жүзденмін. Руым: арғын, алтай тоқа. Жеті атам: Арман, Әлімбек, Сүлеймен, Жанғұл, Көшімбай, Молқы, Енен. (3, 4-кесте) . Ол мәліметтерді мен атамның қарындасы Рая тәтеден білдім. Өз жұртымен қатар менің нағашы жұртым да бар. Өз ата-бабаларымның шежіресін зертегеннен кейін, өз заманында өз өңір, болыс көлемінде қолында бар
6
билігіне қарай, қызметіне қарай Отанның тарихына үлестерін қосқан әже-аталарым туралы жеке тоқталғым келеді (5-кесте) .
2. 4. Өз жұрттым
Сүлеймен Жанғұлұлы
(арғы атам)
4 сынып білімі бар. ХХ ғасырдың 60-ншы жылдары: аудандық атқарушы комитетінің төрағасы. Смирново селосының әкімі.
ДЭу бастығы. “Еңбегі сіңген зейнеткер” атағының иесі.
2. 5. Әкемнің нағашы жұрты:
Әмре
ХХ ғасырдың басында (1917 ж. төнкерісіне дейін) қоғам қайраткері, Көкшетау облысының соңғы болысы. Өз мөрі болған. Руы қарауыл, жаулыбай. 1971 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Доңғылағаш ауылында дүниеден өтті. [3, 3]
Касеинов Әскер
Ұлы Отан соғысының ардагері (1-сурет) .
Мектеп-интернатының директоры. Көкшетау облысы Қызылжар селосында білім беру саласында 45 жыл қызмет етті. [4, 3]
Қасейінов Қуандық Әскерұлы
1948 жылғы қыркүйектің 10 жұлдызында, Түмен облысы Есіл ауданының Шаблыкино селосында дүниеген келді. Қызметкер.
Петропавл пединститутын 1971 жылы, Ауыл шаруашылығы техникумын 1975 жылы, Алматы жоғары партия мектебін 1983 бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы СМУ-да тас қалаушы болып бастаған. Кейіннен мектепте мұғалім, директор болып жұмыс істеген. 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданында Партия комитетінің нұсқаушысы, 1975-79 жылдары Қазақстан ЛКЖО Совет ауданында Комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1979-81 жылдары Совет ауданында Ленин кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1983-85 жылдары Совет ауданының Чапаев атындағы кеңшарда партия комитетінің хатшысы, 1985-86 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының нұсқаушысы, 1986-1991 жылдары Тимирязев ауданында партия комитетінің хатшысы, кейіннен Москва ауд. партия комитетінің бірінші хатшысы, 1991-92 жылдары Халық депутаттары Москва ауданының Кеңесінің төрағасы, Москва ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, 1992-94 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу аудандық әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. 2003-04 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004-2010 Солтүстік Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармасының бастығы. Қазақстан Компартиясы XVІІ съезінің және XІX Бүкілодақтық партия конференциясының делегаты.
7
«Құрмет Белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. [15, 374]
Жангулина Үкітай Әскерқызы
(әжем)
9 ақпан 1953 жылы дүниеге келді. . Аққайың ауданының Черкас орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде 26 жыл қызмет етті. 2003-2004 ж. Көкшетау қаласының Көкшетау университетінде математикадан дәріс берді.
2004 жылдың 18 тамыз күні дүниеден өтті. [3, 38]
Гүлжихан Аймбетова
Қазақстан Республикасының жазушылар Одағынының мүшесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті орыс тілі кафедрасының оқытушысы (2-сурет) .
«Родники жизни» кітабының авторы. [1; 2]
2. 6. Нағашы жұртым
Торсан Тлемисов
ГА ОО (госархив Омской области), 13 октября 1998 года.
Киргизская степная газета , №10 - 11 марта 1901г.
(А. Молдыбаев жеке мұрағатынан Ресей, Сургут қаласы, 2011-03-06)
Мектеп туралы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz