Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Калькулятордың көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді жүргізу

А.С.Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп

Тақырыбы:
Калькулятордың көмегімен
қарапайым және күрделі есептеулерді жүргізу.

Орындаған: Информатика пәнінің мұғалімі
Аяғанова Айнұр Тілеужанқызы

Үштөбе 2010жыл

Сыныбы: 7 а Күні:__________
Сабақтың тақырыбы: «Калькулятордың көмегімен қарапайым және
күрделі есептеулерді жүргізу»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Калькулятор бағдарламасының көмегімен қарапайым және
күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор
бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту
және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру
2. Дамытушылық:
Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып,
логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей
жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың
шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
3. Тәрбиелік:
Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу,
қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа
үйрету, информатика пәніне деген оң көзқарас пен
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.
Сабақтың әдісі: Алгоритмдік әдіс.
Көрнекіліктер: Дербес компьютер, электрондық оқулық, Интерактивті тақта,
тест тапсырмалары, ауызша сұрақтарға слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 13 мин.
ІІІ. Тест орындау 5 мин.
ІV. Қорытынды: Есептер шығару 18 мин.
V. Бағалау 2 мин.
VI. Үй тапсырмасы. 1 мин.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Калькулятор бағдарламасын іске қосу жолдары?
2. Қарапайым (кәдімгі) калькулятор батырмаларының сипаттамасы?
3. Калькулятордың ішкі жадысының батырмалары?
4. Үйге берілген есепті тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру
Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін,
калькулятордың инженерлік типін іске қосу жолдарын көрсету.
Инженерлік калькулятордың түрін көрейік:
Бастау - Бағдарламалар Стандартты Калькулятор

Түр Инженерлік

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ
оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.
Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге орта
мәндерді табуға, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды
қолдануға болады.
Инженерлік калькулятордың статистикалық есептеулер жүргізуге арналған
функционалдық батырмаларымен сендерді таныстырайын және әр батырмасына
түсініктеме берейік. (слайд 11)

Статистикалық есептеулерге арналған диалог терезесі

Осы батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге
болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының
қосындысын, арифметикалық орта мәнді т.с.с. есептеуге болады.
Мысал 1.
5 адамнан тұратын шағын бөлімнің қызметкерлерінің орта жалақысын есептейік:

1-ші қызметкердің жалақысы – 7500;
2-ші қызметкердің жалақысы – 6500;
3-ші қызметкердің жалақысы – 6000;
4-ші қызметкердің жалақысы – 4000;
5-ші қызметкердің жалақысы – 3500;
орта жалақыны есептеу үшін мына әрекеттерді орындау керек.
Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
1. Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
2. Sta батырмасын басу керек.
3. Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппайтындай
етіп тасымалдап, шетке шығарып қой.
4. Калькуляторға бірінші санды енгізіп, Dat батырмасын шертіп, берілген
сан Статистика терезесінде пайда болады.
5. Dat батырмасын шертіп отырып, қалған төрт санды кезекпен калькуляторға
енгіз.
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін
Ave батырмасын шерту керек.
Калькулятордың индикация өрісінде жалақының орта мәні 5500 теңге көрінеді.
Инженерлік калькулятордың функционалдық батырмаларымен таныстыру.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық,
сегіздік, екілік, он алтылық.
Hex (Hexadecimal) – он алтылық;
Dec (Decimal) – ондық;
Oct (Octal) – сегіздік;
Bin (Binary) – екілік.
Бұл санау жүйелерін біз 8-сыныпта қарастыратын боламыз.
• Инженерлік калькулятордың қарапайым калькуляторлардан айырмашылығы –
ауыстырғыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар.

• Inv (инверсия) терезесінің көмегімен жалаушаларды қойып, батырмада
көрсетілген функцияның кері мәнін есептеуге болады.
Мысал 2.
Санның квадрат дәрежесін және түбірін табайық:
• Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
• 3 санын енгізіп батырмасын шерткенде, индикация өрісінде 9
саны пайда болады (яғни, 3 санының квадраты есептелді).
• батырмасын шертіңдер.
• 25 санын енгізіп, Inv батырмасын, одан соң батырмасын
шертіңдер, индикация өрісінде 5 саны көрінеді (Ол 25 санының
квадрат түбірінің мәні).
• 6 санын енгізіп батырмасын шертсе, онда индикация өрісінде
216 саны көрінеді, бұл 6 санының кубы.
• 64 санын енгізіп Inv, одан соң батырмасын шертсе, онда
индикация өрісінде 4 саны көрінеді, ол 64 санының куб түбірінің
мәні.

Тапсырма №1.
1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына +
белгісін қою керек? (6)

9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99

2) Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
1 2 3 4 5 6 7 = 100
Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.

3) Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, бес
бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен
құрауға болатынын ескер.

1 1 1 1 1 = 100
5 5 5 5 5 = 100
5 5 5 5 5 = 100

Тапсырма №2
Калькулятордың ішкі жадын пайдалана отырып, келесі амалдарды орында (бір
ғана цифрлармен).
324 = 18 3*(2+4)=18
(2+7)*2*16=288 272+16=288

Тапсырма №3 Кестені толтыр.

|Батыр- |міндеті |Батыр-|міндеті |
|ма | |ма | |
|sin | |x^2 | |
|cos | |ln | |
|tan | |log | |
|x^y | |pi | |

IV. Бекіту (оқушылар дәптерлеріне орындайды).
№4 №5
37*(3+7)= 370 33+73=370
48*(4+8)= 576 43+83=576
147*(14+7)=3087 143+73=3087
148*(14+8) =3256 143+83=3256
111*(11+1) =1332 113+13=1332
12*3*(1+2+3)=216 13+23+33=36
1+3+3+1+3=11
V. Қорытындылау.
Қарапайым және инженерлік калькулятордың батырмаларын қайталап, оларға
түсінік беру.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 6.2-тақырыпты оқу.

-----------------------
Статистика терезесіне бейнеленген сандарды енгізеді.

Статистика терезесіндегі сандардың ығыстырылмаған стандартты ауытқуын
есептейді (бос дәреже саны (n-1)-ге тең)

Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді.

Статистика терезесіндегі сандардың орта мәнін есептейді.

Статистика терезесін ашады және “Ave”, “Sum”, “S”, “Dat” батырмаларын
белсенді (активті) жасайды.

Р-дің мәнін шығарады (р=3,14....).

Берілген санның ондық логарифмін есептейді

Берілген санның натурал логарифмін есептейді

Берілген санның квадратын табады.

Санның кубын табады.

Х-тің У дәрежесін есептейді

Берілген санның тангенсін есептейді

Берілген санның синусын есептейді

Берілген санның косинусын есептейді

Функционалдық батырмалар

Р-дің мәнін шығарады (р=3,14....).

Берілген санның ондық логарифмін есептейді

Берілген санның натурал логарифмін есептейді

Берілген санның квадратын табады.

Санның кубын табады.

Х-тің У дәрежесін есептейді

Берілген санның тангенсін есептейді

Берілген санның синусын есептейді

Берілген санның косинусын есептейді

Ұқсас жұмыстар
Калькулятор бағдарламасы
Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері
Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру
Mathcad бағдарламасы
Функционалдық батырмалар
Сандық ақпаратты өңдеу. калькулятор. 5 сынып
Конференция сабақ
Сабақтың түрі. Сабақтың мақсаты
Графикалық ақпараттарды ұсыну
Компьютерлік графиканың түрлері
Пәндер