Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ш. Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы

Н. Ақшабаев атындағы орта мектебі

Тақырыбы:

Тарих пәні мұғалімі: Айдабосынова Ж.Н.

Сабақтың тақырыбы: Ш. Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі,
шығармашылығы, саяхаттары мен ғылыми ізденіс
зерттеулерімен таныстыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, еркін сөйлеу дағдыларын одан әрі
дамыту.
3. Балаларды ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа, еліне, жеріне, халқына
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақ түрі: аралас

Методикалық әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, карта (қолдан салынған).

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу, түгелдеу;
ә) оқу құралдарын тексеру;
б) балалар зейінін шоғырландыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (қима қағаздар арқылы).
ІІІ Жаңа сабақ: (жоспары және мақсатымен таныстыру).
І. а) «Ой шақыру»
б) «Инзерт» топпен жұмысты ұйымдастыру.
ІІ. Картаны пайдаланып «Алты шаһар еліне саяхатын» әңгімелеу.
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу,
түгелдеу;
ә) оқу құралдарын
тексеру;
б) балалар зейінін
шоғырландыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Не себепті ХІХ ғ-ң ІІ жартысын «орыс демоктаратиялық мәдениетінің
көтерілген кезеңі» дейді?
2. Қазақ өлкесінің табиғатын, жерін, тарихын, әдеп-ғұрпын зерттеген орыс
ғалымдарынан кімдерді белесіңдер?
3. П.П. Семенов – Тян-Шаньский қай жерлерді зерттеді?
4. В.В.Радлов қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі қандай?
5.М. Красовский, Л. Мейер, А. Добросмысловтар қазақ жерін зерттеуге қандай

үлес қосты?
6. Украин ақыны Т.Г.Шевченко қазақ жерінде айдаудан болған кезеңде қандай
өлеңдер жазды?
7. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуге және қазақ мәдениетінің дамуына
не
әсер етті? т.б.

І. Жаңа сабақтынтақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстыру.
Жоспары:
1. Ш.Уәлихановтың өмірі.
2. Шоқанның саяхаттары, еңбектері.
3. Шоқанның орыс достары.

а) «Ой шақыру» Суретті (Шоқан портреті) пайдаланып, тұлғаны сипаттау.

б) «Инзерт» топпен жұмысты ұйымдастыру.

1- топқа – Ш. Уәлихановтың өмірі. 179 бет.
«Ш. Уәлиханов (1835-1865ж)... болып қайтқан»
2-топқа: Шоқанның саяхаттары, еңбектері
«1847ж. күзінде ... Шоқан еді». 179-181беттер.
3-топқа – Шоқанның орыс достары.
«Петербургте болған ... көзбен қарады». 181 бет.
4-топқа – Аққан жұлдыз.
«1861ж көктемінде ... қайтыс болды». 181 бет. Оқулықпен жұмыс.

ІІ. Картаны пайдаланып «Алты шаһар еліне саяхатын» әңгімелеу.

Қашғария – Қытайдың солтүстікте Тянь-Шань, оңтүстікте Куньлунь,
батыста Памир, шығыста Бэшань тауларымен тұйықталған батыс бөлігі.
Қашқарияның көп жерін Такла-Макан шөлі алып жатыр. Қала халқы ірі-ірі алты
қалада орналасқан. Сондықтан «Алты шаһар елі» деп те атаған. Қашғария аталу
себебі, хандықтың орталығы болған Қашғар қаласының атына байланысты.
Ежелден ұйғар халқы қоныстанған бұл өлкені XVIIIғ-ң ІІ жартысында
(1759ж) Қытай империясы басып алды да ұйғырларға қысым жасай бастаған.
Шоқанға дейін Қашғария орта ғасырларда Винеция саяхатшысы Марко Поло
XVII ғасырда барып, жартылай аңыз ертегіге айналған әңгімелермен ғана
шектелді. VXII ғасырда 1603ж. Португал саяхатшысы Гоес жазбаларында Шығыс
Түркістаның Қашғар, Яркент қаласының атауы ғана аталады. ХІХ ғ-ң ортасында
Еуропа елдері үшін жұмбақ әлем болып қалған. Жұмбақ әлемнің сырын ашу қазақ
ғалымы Ш. Уәлихановтың үлесіне тиді.
1858ж маусым айында Семей бекінісінен жеті бай саудагер жақсы
жабдықталып 101 түйе, 65 жылқы, 6 киіз үй, 41 қызметкер ертіп 20 мың сомға
(күмыс ақшамен) бағаланатын затар тиеп Қашғарияға бет түзеді.
Шоқан Әлімбай деген саудагердің атын жамылып, саудагер кісінің
кейпінде Қапал бекінісінің маңындағы Қарамола деген жерден саудагер
тобынакеліп қосылды. Шоқанның Қашғарияға саяхаты осы жерден басталды.
Олар Жоңғар Алатауынан өтіп, Іле өзеніне келгенде өзеннен өтудің өзі 3
күн уақытты алады. Іледен өткеннен кейін керуен Сөгеті, Торайғыр, Үш Мерке
асулары арқылы 17 күн жүріп Қырғыстан жеріне келеді.
Қытайлар Қашғарияға Ыстыкөл маңынан келген саудагерлерді тек қана
малмен өткізетін болғандықтан бұл өңірден айырбас сауда жасап мал жинайды.
Керуен (тамыз айы) 1 айдан қырғыздан 3 мың қой, 6 жылқы және біраз аң
терілерін жинап әрі қарй сапарын жалғастырды.
Қазан айының Зауқы аталатын шатқалға келіп кіреді. Зауқы шатқалы ең
қиын өткел болды. Шатқал 1500 метрлік қия өрмен аяқталады.
Жүк артқан ат –түйелер жылтыр тастан аяқтары тайып кейбіреулері құзға
құлап та жатты.
Зауқы асуының оңтүстігінде жолаушылар Ішкі Тянь-Шаньның «сырт» деп
аталатын бөлігіне көтерілді. Бұл тау жүйесінің алыс түпкірлері бұрын
ғылымға белгісіз еді. Шоқан осы жолда ғылымға белгісіз болған «сырттың»
табиғатын, оның ерекшеліктерін суреттеп жазды. Сондай-ақ бұрын белгісіз
болған бірқатар өзендерді ашты және аса ірі тау көлі- Шатыркөлді географ-
ғалымдардың ішінде бірінші болып көрді және сипаттады.
Шоқан көрген-білгенінің бәрін өз күнделігіне түсіріп отырды. Олар бар
қиындықтан өтіп, енді нысанаға жақындағанда Теректі шатқалында керуенге
қырғыз қарақшылары қауіп төндірді. Қарақшылар тұтқиылдан дүрсе қоя берді.
Керуен тоқтап қорғану қамына кірісті. Осы кезде Қашғардан хабар алып шыққан
әскер келіп те қалды да, қарақшылар екі жақты қыспақтан қашып құтылуға
мәжбүр болды.
Сөйтіп Теректі-Дауаннан өткенде Шоқан өз күнделігіне соңғы сөздерді
жазып, яғни, Теректі шатқалының табиғатын суреттеп күнделікпен қоштасты.
Себебі: Қашғарияға кірерде Қытай күзетшілерінің тексеруінен қауіптенді. §§
1858 жылы қазан айының соңына қарай саудагерлер Қашғарияға келіп
жетті. Шоқан-Әлімбай Қашғарияның сырын осылай ашты (Шоқанның Қашғариядағы
тарихи еңбектері туралы айту).

ІҮ. Сабақты бекіту:
«Бөіктің оң жағы, сол жағы» стратегиясы бойынша балаларға тапсырма
беру, жауаптарын толықтыру.

Ү. Қорытынды: Білімдерін бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы: 1. § 26 түсінік айту.
2. Ш. Уәлиханов туралы реферат
жазу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көрнекті ғалымы шоқан уалиханов. 5 сынып
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов жайлы ақпарат
Оқушыларды түгелдеу
Ш. Уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы жайлы ақпарат
Шығармашылық тапсырма. Үйге тапсырма
Шоқан Уәлиханов Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы
Ш.уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы
Құрмалас сөйлем
Шоқан мұраларын зерттеушілер
Қазақ тарихы туралы не білесін? 6 сынып
Пәндер