Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

§11. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың тақырыбы: §11. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам
өміріндегі маңызы.
Мақсаты: 1.Білімділік: Елімізде кездесетін саңырауқұақтардың табиғаттағағы
және адам өміріндегі маңызы жайында жан-жақты түсінік беру.
2. Тәрбиелік:
3. Дамытушылық: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы туралы ой-өрістерін кеңейту, өз бетімен
жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: саңырауқұлақтың суреті, интерактивті тақта, кестелер.
Пән аралық байланыс: жаратылыстану, география, медицина
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу,түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын
тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
« Ия,жоқ »ойыны
1. Күздік бидай,қара бидай,арпада көбіне сабақтарын да жапырақтарында
ол мақта сияқты болып көрінеді. (ия)
2. Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара
түсті қастауышты көруге болады. Ол ақұнтақ саңырауқұлағы. (жоқ )
3. Ағаштардың сабағында өсетін діңқұлақ саңырауқұлағының пішіні
малдың тұяғына ұқсас. (ия)
4. Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды қамысты және басқа да өсімдіктерді
зақымдайды.
5. Паразит саңырауқұлақтарымен күресуде улы химикатткр пайдаланады.
(ия)
6. Зақымдалған дәнді қайта сепкенде,одан ауру өскін пайда болады. (ия)
7. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15 % -ға жоғарлайды. (жоқ)
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар
бірлесіп,өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын ыдыратып,
шірітеді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырамай, өңделмей,
топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар
еді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай.

Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады:

жеміс шырынының түсін өзгертеді

шикі заттарды өңдейді

нәруызды,крахмалды сұйылтады.

Зең саңырауқұлағынан пенециллен антибиотигі алынады.

Жеуге жарамды тағамға пайдаланылады

Саңырауқұлақтардың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір
жолға төселген, шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды бүлдіреді. Аспергилл
саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың
құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зақымдайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір
5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы
зақымдалған. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген
дәріні ішу арқылы емдейді. Тутанхомон фаронының қорымын ашуға қатысқан 21
адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымданғандықтан, өмірден
озды.
Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды
бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерінен арнайы зат бөліп,
зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай
антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және
саңырауқұлақтардын алынатын пенециллин жатады. Адам баласы бұл дәрілерді
күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция
жасап ауыстырғанд пайдалантын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп
алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат – гибереллин, зиянды
бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверин де саңырауқұлақтардан алынады.
Саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де
өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып,
қозықұйрықтың спораларын себеді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек
егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі.
Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге
асырылуда.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін саңырауқұлақтардан
алынатын пенециллин жатады? (Стрептомицин)
2. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, солардың бірі?
(Крахмал)
3. Адамдардың құлағын, көзін және т.б. зақымдайды? (Кеңсірігін)
4. Саңырауқұлақтар кездеседі? (Шалғындықта)
5. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат? (Гибереллин)
6. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді?
(Антибиотик)
7. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін, қазір (Орунгал) деген дәріні
ішу арқылы емдейді.
8. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тағамға пайдаланады. (Қалпақшалы)
9. Қазақстанда да жазғы түбіртекті және (Қозықұйрық) қолдан өсіру
жүзеге асырылуда.
10. Зең саңырауқұлағынан антибиотигі алынады? (Пенециллин)
11. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде (Аспергиллез)
ауруын туғызады.
12. Аспергилден қолданылады? (Лимон қышқылы)
V. Үй тапсырмасы:
1. §11. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

-----------------------

Тайгада

Тундра

Тау
ормандарында

Далалы
жерлерде

Шалғындықта

Қоймаларда

Құрылыстарда

Батпақта

Саңырауқұлақтардың
кездесуі

Аспергилдің қолданылуы

Медицинада

Лимон қышықылының өндірілуінде

Өнеркәсіпте

Ашытқы саңырауқұлақ

Қалпақшалы саңырауқұлақ

Ұқсас жұмыстар
Қына-ерекше тірі ағза
Саңырауқұлақтың өсімдіктерге тән белгілері
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы
Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер
Өсімдіктердің тіршілік орталары
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы
Пәндер