Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Баекеева Шарбану Толыбайқызы
№8 кәсіптік лицейдің физика-информатика пәні оқытушысы
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың
жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті
жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. [1]
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы
білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін
қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану,
инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы
әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге
көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші
кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер
енгізу қажеттігін баса айтты. [2]
Ал өткен жылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып
кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп,
іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша
қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері
белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. [3]
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта
2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта
ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру
үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз
ету. [4]
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі
- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен
модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Кәсіптік лицейде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман
талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және
Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық
қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі
атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен
құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның
инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Жаңа ақпараттық технологиялар
Кәсіптік лицей оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысына;
• уақытын үнемдеуге;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру
арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
(би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс
деп ойлаймын.
Лицейімізде жаңа заманға сай жабдықталған 2 информатика кабинеті бар.
Информатика кабинеттеріне локальді желі орнатылған. Онда лицейдің оқушылыры
мен оқытушыларының ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік
ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай
жасалған. Қазіргі таңда лицейде 7 оқушыға 1 компьютерден келеді. Қазіргі
таңда кәсіптік мектепте болашақ мамандарға 66 инженер-педагогтар мен
өндірістік оқу шеберлері сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.
Лицейдің әдістемелік қызметінің негізгі мақсаты – “Оқу жүйесіне жаңа
технологияларды енгізу - әдістемелік қызметтің өзегі”. Осы мақсатта жаңа
технологияларды оқу үдерісіне енгізуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Лицей
оқытушылары жаңа заманға сай оқыту технологияларын пайдаланумен қатар,
пәндеріне сәйкес келетін электрондық оқулықтарды алып, оларды сабақ
барысында кеңінен қолдануда. Оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің
көпшілігі дербес компьютерді меңгерген, арнайы білім курстарының
сертификаттарына ие болған. Әдістемелік кабинетте “Жаңа формация мұғалімі -
педагогикалық жаңалықтарды тұрақты қолданатын рефлекцияға қабілетті
шығармашыл ұстаз”, “Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері және оны
сабақта қолдану жолдары”, “Өндірістік оқу сабақтарында инновациялық
технологияны ендіру жолдары” тақырыптарында семинар сабақтары өткізілді.
Сабақ – мұғалім мен оқушының біріккен ой еңбегі
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа
оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман
талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану
және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап
айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын
арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін
қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай
туғызып отыр.
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін,
сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық
және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын
электрондық оқу құралы.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар
мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика
тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі
суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға
ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды
даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім
мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.
Қазіргі таңда әдістемелік кабинетте медиотека жасалып, онда
оқытушылардың 30 электрондық сабақтары бар.
Жаңа ақпараттық технологияларды кәсіптік білім беруде пайдаланудың тағы
бір ерекшелігі – бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын
ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары
енгізіліп, бітіруші түлектер бітіру емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше
дайындалу мүмкіндігіне ие болды. 2008-2009 оқу жылында лицейдің бітіруші
түлектері тәуелсіз білімді бағалау тестіне қатысып, орташа көрсеткіш 76
ұпайға жетті. Әрине, бұл да ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
пайдаланудың жемісі.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет -
оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау,
табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың
түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға
келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды
ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана
алу қабілеттерін қалыптастыру.
Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында
кәсіптік лицейдің оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге
ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және
өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы
қалыптасқан тұлға болуы қажет.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби
бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте
көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Күтілетін нәтижелері ретінде лицей түлегінің негізгі құзыреттіліктері
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты мақаламды
қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
• кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа
ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен
мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық
оқулықтармен қамтамасыз ету;
• кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын
пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға
сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық
білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен
байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,
Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы
зор.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде
қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық
шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып,
еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, 2007 жыл
3. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 жыл
4. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
5. “Информатика негіздері” журналы №1, 2007 жыл
6. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл
Аннотация
В этой статье излогается применение в профессинальном образовании
информационных технологий и формирование информационной компетентности
учащихся, а также применение инновационных современных технологий и
использование электронных учебников, развитие возможносностей учащихся для
творческой деятельности в учебном процессе.
-----------------------
Күтілетін нәтижелері ретінде
лицей түлегінің негізгі
құзыреттіліктері
Мәдениет-танымдылық
Оқу-танымдық құзыреттілік
Комуникативті құзыреттілік
Ақпараттық – технологиялық құзыреттілік
Әлеуметтік еңбек құзіреттілік
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік
Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік
Өндірістік оқу шеберлері
(3 электрондық сабақ)
Арнаулы пәндер әдістемелік комиссиясы
(7 электрондық сабақ)
Жалпы білім беретін пәндер әдістемелік комиссиясы
(21 электрондық сабақ)
Электрондық
сабақ
Мультимедия
Интернет
кеңістігі
Электрондық
оқулық
Интерактивтік
тақта

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz