Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Домбыра дастан

Батыс Қазақстан облысы
Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық
көмекші мектеп-интернатының музыка пәні мұғалімі Бакей Гулжамиш

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра дастан»

Мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін
түсініп,
бойына сіңіре білуге дағдыландыру.

Коррекциялық: Оқушылардың таным қызметін түзету, ой-өрісін
жетілдіру, эмоциялық-ерік саласын түзету;

Дамыту: Ырғақты сезіну, биік дыбысталуды есту, музыканы
еске сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастырумен қатар,
адам өміріндегі музыканың әсерін оқушы бойына
музыка
тілімен жеткізу;

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік құралдар: Аңыз кейіпкерлерінің декоративтік бейнесі,
карточкалар, күй таспа, музыкалық
аспаптар, плакат.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабаққа шолу
3. Жаңа сабақ:
а) Домбыра туралы аңыз
б) Сергіту сәті
в) Музыкалық сауат ашу
г) Музыка тыңдау
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Қорытындылау
6. Үй тапсырмасын беру

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
б) Психологиялық әзірлік.
Балалар сәлемдескеннен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұранын орындайды.
Мұғалім: Оқушылар, біздер қандай әнді орындадық?
Оқушылар: ҚР Мемлекеттік Әнұранын.
- Жақсы, балалар, Әнұранды білу – әрбір азаматтың міндеті, сол себепті
біздер әр сабақтың басында Әнұранды орындаймыз.
- Енді, балалар, денелеріңді көтеріңкі ұстап, дауыс жаттықтыруға
әзірленіңдер:
1. а, о, ү әріптерін созып дауыстап айту;
2. ля-ля-ля – буындарын қысқа әуенмен жылдам қайталап айту.

Дауысқа жаттығу жасалған соң, хормен «Ән сабағы» әні орындалады.

II. Өткен сабаққа шолу:
Балалар, енді біздер өткен сабаққа шолу жасаймыз.
М: - Ән дегеніміз не?
О: - Ән дегеніміз – музыкалық шығарма.
М: - Ән неден тұрады?
О: - Ән музыка және сөзден тұрады.
М: - Ән қандай тақырыпта жазылады?
О: - Әртүрлі. Мысалы: Отан, ана, мектеп, т.б.
М: - Ал, күй дегеніміз не?
О: - Күй де музыкалық шығарма, әнмен салыстырғанда, оның сөзі
болмайды.
-Ендеше, балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы осы күй
орындалатын музыкалық аспапқа байланысты болмақ.

III. Жаңа сабақ

а) (Жаңа сабақтың тақырыбы айтылып, мақсаттарымен таныстырылады.)
Тақтада қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының суреттері ілулі тұрады.

Оқушылар, біз бүгін сабағымызда қазақ халқының ұлттық музыкалық
аспапта-
рымен, соның ішінде домбыра аспабымен танысатын боламыз.
Қай ұлт болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық
аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал болып
табылады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір
сүр-
ген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен.
Ең алғаш пайда болған аспаптар – домбыра және қобыз аспабы. Уақыт өте
келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: сыбызғы, үскірік, тоқпақ,
дауылпаз,
сазген, жетіген, сырнай, сазсырнай және т.б.
Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы.
Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр,
толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.
Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар
ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген.
Жаугершілік соғыс кездерінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп,
еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те
домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал ұлы күйшілер, күй өнерінің негізін
қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттердің домбыра аспабында
ойнау шеберлігі туралы сөз басқа.
Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп
айтуға болады. Қазіргі заманда бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында
үйретеді.
Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра – ұлттық
болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.

Домбыраның құрылымы
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:
шанағы(кеудесі), мойны және басы;
-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып
тұратын түйме орналасқан ;
-Мойын пернелерге бөлінген;
-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек
тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.

- Балалар, енді осы домбыра аспабында ойналып қаралы қайғыны естірткен күй
туралы аңызды тыңдаңыздар.

Аңыз күй «Ақсақ құлан»
Ертеде ел билеген Хан өмір сүріпті. Бір күні оның жалғыз баласы
әкесінің тілін алмай, құлан аулауға шығады. Құлан аулап жүріп, хан баласы
ұзап кеткенін байқамай қалады.
Біршама уақыт өтеді. Жазық далада бір топ құлан жайылып жүр. Хан
баласының атқан оғы үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Жараланып
ызаланған құлан аңшыға қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді. Хан бір
сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның
көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын деп уәде береді. Халық не істерін
білмей қиналады. Сол кезде елге танымал күйші келіп, домбыраны алады да,
бір күйді ойнай жөнеледі. Күйді тыңдап отырғанда, аңшылық көрініс, ашулы
құландардың шабысы, хан баласының өлімі көз алдыңыздан өтіп жатады. Хан
болған жағдайды түсінеді. Күйші болған жағдайды күй арқылы жеткізеді. Хан
берген уәдесінен таймас үшін өзіне қайғылы хабар жеткізген домбыраға
қорғасын ертіп құйдырады... Міне,күй құдіреті деп осыны айт!
Домбыраның шанағындағы ойық осылай пайда болған екен деседі.
Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыра
туралы айтылар аңыз да, шертілер сыр да өте көп. Біз бүгін сабақта ол
туралы біраз мағлұмат алдық.
Енді осы күйді тыңдап көрейік. Күй «Ақсақ құлан» деп аталады.
(Үнтаспадан күй тыңдалады.)
б) Сергіту сәті: «Кім жылдам?» ойыны ойналады. Үш оқушы тақтаға
шығып қағаздан қиылып әзірленген домбыра суретінің
қиылған
бөлшектерінен домбыраны құрастырады.
в) Музыкалық сауат ашу: Балалар біздер өткен сабақтарда ноталардың
жазылуын үйренгенбіз. Бүгін сол ноталарды қайталай отырып До-мажор(C-dur)
гаммасын дауыстап айтып үйренеміз.
Оқушылар арнайы әзірленген сауытты тақтаға ноталарды орналастырады.
-До-дан басталып келесі –до-ға дейін қатарласқан дыбыс қатарын До-
мажор гаммасы деп атаймыз. Кез келген әнді, музыкалық шығарманы қағаз
бетіне түсіру үшін осы ноталарды пайдаланамыз.
г) Музыка тыңдау: Үнтаспадан Түркештің «Көңіл ашар» күйі ойналады.
-Балалар, күйдің мінезі қандай?
-Көңілді.
-Жоғарыда тыңдалған «Ақсақ құлан» күйі қайғылы болса, бұл күй
керісінше көңілді екен. Күйдің тақырыбы да, мінезі де әртүрлі болатынына
дәлел – осы.
IY. Жаңа сабақты бекіту
1. Қандай қазақ ұлттық аспаптарын білесіңдер?
2. Ең кеңінен таралған музыкалық аспап қалай аталады?
3. Домбыра аспабының құрылымын атаңдар.
4. Домбырада не орындалады?
5. Аңыз күй қалай аталады?
6. «Ақсақ құлан» мен «Көңіл ашар» күйінің айырмашылығы неде?
7. Жеті нотадан құралған музыкалық дыбыстардың қатары не деп аталады?

Y. Қорытындылау
Балалар, біз бүгін сабақта ұлттық музыкалық аспаптардың ішінде ең
танымал
қасиетті домбырамен таныстық, музыкалық сауатымызды дамыттық. Енді сабақ
соңында Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» әнін орындаймыз.
YI. Үйге тапсырма беру
Ән репертуарын қайталау

Ұқсас жұмыстар
Лексикадан өткенді қайталау. Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету
Домбыраны алғаш тартып үйрену
Анасы музыка пәнінің мұғалімі, талай талантты шәкірттерді тәрбиелегн жан
Оқушыларға музыкалық тәрбие беруде халық фольклорын пайдалану. баяндама
"еңлік-кебек" дастаны
Тәуеліздік - тұғырым
Бағдарлама тақырыбы
Тәуелсіздікке 20-жыл
Қош бол, сырлы көк сандық
Қазақтың киелі сандары
Пәндер