Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері

Балабеков А.Қ.
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы

Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері
Оқыту үрдісін оңтайландыру, соның ішінде тілді оқыту жұмыстарын
жандандыру тек бір күннің ғана емес, үнемі жалғасып, дамып отыратын жұмыс.
Тілді оқыту қазіргі кезде жан-жақты қарыштап дамыған кезде тілді үйретуде
жаңа технологияларды пайдалану маңызды болып табылады. Сол себепті де тілді
оқытуда тек жазба мәтіндермен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені адам баласы
өз өмірінде оқу әркетінен гөрі, тыңдау әркетінде көбірек болады. Тыңдау –
адам баласының тілдік қарым-қатынасқа түсу кезіндегі басты құралдардың
бірі. Біз тыңдау арқылы қоршаған орта, ондағы болып жатқан оқиғалар туралы
ақпараттарды ала отырып, дүниетанымымызды, тілдік қорымызды байыта отырып,
қабылданған ақпаратқа талдау жасап, өз пікірімізді білдіреміз. Сол себепті
де тіл үйренушіге тыңдау арқылы тіл үйрету жолы тиімді болып табылады. Тіл
үйренуші тыңдап түсіну үшін, оның белгілі бір дәрежеде тілдік білімі
(сөздік қоры) болуы керек. Демек, тыңдау әркетін тіл үйретудің кезеңдеріне
байланысты қолдану керек. Тыңдау әркеті сабақ үрдісінде төмендегідей
көрініс табады:

Жалпы алғанда бұл барлық сабаққа тән құрылым болып табылады деу артық,
себебі тыңдалымның жоғарыда көрсетілген 4 түрінің үнемі тек екеуі ғана
жүзеге асады.
Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда тыңдау процесі арқылы оқыту белгілі
бір жүйеге түсіп келеді. Әсіресе аудиомәтіндер арқылы оқыту. Өйткені,
мәтінді таспаға жазу бүгінде тіл үйрететін кез келген мұғалімнің қолынан
келетін іс. Алайда, мәтінді таспаға түсіру, яғни, жазу бар да, сол жазылған
мәтінді өңдеу бар. Міне, мәтінді өңдеу барлық оқытушының қолынан келе
бермейтін іс екенін мойындауымыз қажет. Бұдан шығатын қорытынды, тіл
үйретуші тек өз саласының, яғни, әдістеме саласының мықты маманы болып қана
қоймай, сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларды жетік меңгерген жан-
жақты маман болу қажет. Егер тіл үйретуші маман көтерілген мәселені
меңгерген болса онда ол:
• Кез-келген аудиомәтінге арнайы маманның көмегінсіз өңдеу жасай алады.
Өңдеу дегеніміз жазылған мәтінді өтілетін сабақ жоспарына сай кесу.
Мысалы, сіз 189 сөзден тұратын мәтінді таспаға жаздыңыз, алайда сабақ
жоспары бойынша сол мәтінді бірнеше бөлікке немесе сөйлемдерге бөлуіңіз
керек, не әр бөлік сабақ кезеңі бойынша дыбысталуы қажет. Егер мәтін
өңделмесе, сіз өзіңізге керек мәтін бөлігін тыңдату үшін, мәтінді қайта-
қайта айналдыруыңызға тура келеді. Әрине, бұл жағдайдан шығатын да жол бар,
ол о баста мәтінді оқыған кезде, бөлік-бөлігімен оқып жазып алу. Алайда,
бұл сіздің уақытыңызды алатыны сөзсіз. Енді мәтінді таспаға түсіру
кезіндегі жұмысты шартты түрде есептеп көрелік. (Бұл жерде аудиомәтінді өз
еркімен жаза алмайтын, арнайы маманның көмегімен жазатын оқытушы мысалға
алынып тұр)
189 сөз – яғни, бір А4 форматтағы толық мәтіннің жартысы. (толық мәтін
378 сөзді құрайды, стандарт )
1:21:81– 189 сөзді мәтіннің таспаға түскен уақыты (тіл үйретуге
арналған мәтіндер оқыту принципіне сай жазылуы керек. Яғни, интонация,
логикалық байланыс, сөз және сөз тіркесі, сөйлем т.б.). Бұл мәтін ешбір
үзіліссіз және қатесіз оқылды. Ал, енді жұмыстың мұндай түрімен бұрын
айналыспаған оқытушы мәтінді бірден қатесіз жазады деу артық. Егер қате
кетсеңіз мәтінді қайта жазуға тура келеді. Шамамен алғанда 3 рет
қателессеңіз сіздің 4:05:43 уақытыңыз тек мәтін жазуға кетеді, арасындағы
уақытты есептемегенде. Және сізге қол ұшын берген маман мәтінді өңдейді
және магнитофонда (компьютер барлық дәрісханаларда бола бермеген жағдайда)
тыңдауға болатындай етіп, арнайы бағдарламаға салып беретін уақытты да
естен шығармаңыз. Сонымен, сіз тек бір мәтінге орташа есеппен 10 минут
уақыт жібердіңіз. Ал, 10 мәтін болса ше? Және 189 сөз емес 378 не одан да
көп болса? Кейде тіпті мәтін жазу үшін бір күніңіз кетуі де ғажап емес.
Егер сіз мәтінді өзіңіз таспаға түсіре алмасаңыз, сізге:
• арнайы маманның көмегі қажет (егер ол сіз қызмет жасайтын оқу орнында
болса);
• маман іздеуге;
• маманмен уақытты келісуге;
• арнайы бөлме және құрылғы іздеуге;
• егер өз даусыңыз жазуға сай келмейтін болса, жазатын адам іздеуге, ол
адамның уақытымен келісуге
тура келеді. Мәтін жазу үшін бір күн емес апта керек болады. Міне,
оқытушының күнделікті сабаққа дайындалуынының өзіне біраз уақыт кететін
ескерсек және оған қоса жоғарыда келтірілген мәселелерді қосайық. Алайда,
шешімі табылмайтын шаруа болмайтынын естен шығармаған да жөн. Ол жоғарыда
атап өткендей жан-жақты оқытушы болу.
Сонымен сіз аудиомәтінді таспаға жазу, оны өңдеу, кесу секілді
жұмысты өзіңіз меңгерген болсаңыз, аталған мәселелерден құтыласыз. Ол үшін
сізге тек: Audacity және Movie Maker бағдарламаларын меңгеріп алу.
Көрсетілген бағдарламаларды меңгеріп алғаннан кейін сізге тек:
• микрофон және компьютер
ғана керек. Ал уақыт жағы өз қолыңызда.
Audacity бағдарламасы арқылы сіз:
• кез-келген көлемдегі мәтінді; таспаға түсіре, оны өңдей және бірнеше
мәтіндерді біріктіре ала ала отырып, жазылған аудиомәтінді кез келген
форматта сақтай аласыз.
Movie Maker бағдарламасы арқылы: таспаға түсірілген мәтінді қысқарта, кесе
аласыз және мәтіндер арасына тапсырма жазу, суреттер қою, видео материал
салу т.б. жұмыстарды жүргізе отырып, видосабақ дайындай ала алу
мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Енді Audacity бағдарламасы арқылы бір мәтінді жазу үлігісін беріп
көрелік. Ол үшін сіздің жеке компьютеріңізде осы бағдарлама орнатылған
болуы қажет және сізде микрофон (аудио тыңдайтын құлақшын микрофоны да
жарайды) қажет.
1 қадам: Бағдарламаны ашасыз. Экранның жоғары жағында бағдарламамен жұмыс
істеу бойынша сілтемелер және арнайы таңбалар орналасқан.
2 қадам: Аудио тыңдайтын құлақшынды компьютерге қосыңыз.
3 қадам: Экранның жоғары жағында - ОЙНАТУ; - ЖАЗУ; -
КІДІРТУ
- ТОҚТАТУ таңбаларын қызметі бойынша қолданасыз.
4. қадам: мәтін жазылып болғаннан соң сақтау үшін төмендегі қадамдарды
жасайсыз.
файлы MP3 экспорттау өзіңізге қажет жерге сақтайсыз.
Мәтін дайын енді оны тек өңдеу жұмыстары қалды. Өңдеу жұмыстары сабақтың
өтілуіне және сабақ үрдісінде мәтін үзінділері қай кезеңде қажет, соны
ескере отырып, мәтінді сөйлемге, абзацқа өз қалауыңыз бойынша бөлесіз.

-----------------------
Тіл үйренуші

Оқытушы сөзі

Аудиомәтін

Тыңдау әркеті

Тіл үйренушілер

Видео

Файлды өзгерту

Қысу

Қажет бөлігін алу

Өңделген аудио немесе бейне

Ат қою

Рет санын қою

Тапсырма жазу

Сервис * титр немесе атауы* басында/ алдында/ дәл үстінде

Өңдеу

Эффект

Дыбыс

Сервис * титрді соңынан жазу

Сақтау

Windows Movie Maker

Пуск

Бағдарламалар

Windows Movie Maker

А) 1. Бейне жазу
2. Фильмді өңдеу
3 . Фильмді аяқтау
4. Фильм жасау бойынша кеңестер

1. Мультимедияны импорттау

2 . Файл

Импорттау

Іздеу

Мультимедияны осында алып келіңіз

Ұқсас жұмыстар
ЖАСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру
Оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық -қатынастық технология
Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттырудың жолдары
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт
Информатика пәнінен электрондық оқулық асаудың тиімді жолдары
Тәжірибелік әдістер
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұны арқылы оқушылардың экологиялық құзырлығын қалыптастыру
Пәндер