0-ден 10-ға дейінгі сандар қатары: бір және екі таңбалы сандар

Тақырыбы: «Сандар қатары»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Сандар қатары, бір және екі таңбалы сан туралы түсінік ұғымдарын қалыптастыру. Сандар қатары құрылуы заңдылықтарының анықталуының сандарды салыстыру үшін пайдалануын қалыптастыру, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы нақты білім қалыптастыру.

2) Дамытушылық : Оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеулерін дамыту.

3) Тәрбиелік: Достыққа, татулыққа, бір - біріне көмектесуге, сандарды әдемілеп жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі : анаграмма, плакат, сандар қатары, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі .

ІІ. Психологиялық дайындық.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз, әрдайым,

Тек көңілді бастаймыз.

Білім жолымен жүреміз,

Арасында ойнап та, күлеміз,

ІІІ. Өткенді қайталау. ( Миға шабуыл)

Қазір қандай мезгіл ?

Көктемде неше ай бар ?

Наурыз айында қандай мейрамдар бар ?

Бір аптада неше күн бар ?

ІҮ. Ережемен таныстыру.

Тыныштық сақтау.

Бір бірін тыңдау.

Қол соғу.

Ойын ашық айту.

Ү. Жаңа сабақ.

0 - ден 10 - ға дейін тура санау.

10 - нан 0 - ге дейін кері санау.

0 -ден 10 - ға дейінгі шашыраған сандарды орнына тізіп қою.

Түсіндірме жұмыс.

Бұл тізіліп тұрған сандар сандар қатары болады. Сол ретпен орналасады. Осы сандар ішінде тек бір цифрмен бейнеленген сандар қайсысы, атап жіберейік. ( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) Бұл сандар бір таңбалы сандар деп саналады.

Ал, сандар ішінде екі цифрмен белгіленген сан бар, ол қай сан екенін атаңдар.

--- 10 саны.

Дұрыс айтасыңдар. 10 саны қандай екі цифрмен белгіленіп тұр ? (1, 0 )

10 саны екі цифрмен белгіленгендіктен, екі таңбалы сан деп аталады. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз " 0 және 10 сандары". Енді осы сандарды қалай түсінгендерінді тексеріп көрейік.

І тапсырма. "Сандардың көршісін тап. "

Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда,

Қайда кеткен жан жаққа ?

0 2 4 6 8 10 . 1 3 5 7 9

ІІ тапсырма. " Венн диаграммасы".

( онға дейінгі сандардың ішіндегі тақ және жұп сандарды атаңдар. )

Тақ сандар Жұп

1 3 5 7 9 0 2 4 6 8 10

ІІІ тапсырма. Логикалық есеп.

Табақта 5 алма

Қолымда 3 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма ( 8 )

ә) Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді,

Жел соқтыда үзіліп

Ұшып кетті бесеуі ? ( 5 )

ІҮ тапсырма. Санамақ сұрау.

Ү тапсырма. "Геометриялық фигурадан ұя құрастыру"

ҮІ тапсырма. Ойын: " Кім жылдам"

Шарты: Мен бір балаға орамалды беремін, ол бала мына жердегі бір тапсырманы орындап, орамалды келесі балаға береді. Тапсырма біткенше ойын осылай жалғасады.

10 > 9 > 4 >

8 < > 7 10 =

< 2 0 < 3 >

ҮІІ тапсырма. "Есептеп тап. "

Қосу менен азайту

Ойды анық, таза айту.

Сөз қысқа да, ой нұсқа,

Нәтижесін дәл айту.

ҮІІІ тапсырма. Анаграмма шешу.

а х р е м т 0 у қ ы ш а л р

2 3 1 5 4 6 1 3 2 5 4 7 6 8

Ү Қорытындылау. Балаларға сыйлық беру.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Федоровка ауылы.

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

А. Н. Батырқайырова.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып математикасы: 0-ден 100-ге дейінгі сандар, екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы және ондықтан аттап қосу бойынша сабақтар жоспары
Мектепалды даярлық тобының математика сабақ жоспары: 1-ден 10-ға дейінгі сандар
0-ден 100-ге дейінгі сандар: ойын арқылы қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері және есептерді шешу
1-сынып математикасы: Натурал сандар және 10-ға дейінгі заттарды санау
1-сыныпқа арналған математика сабақ жоспарлары: 9 және 10 сандары, бір және екі таңбалы сандар, қосу мен азайту
1-сынып математикасы: 10-20 аралығындағы екі таңбалы сандар - сабақ жоспары мен оқу мақсаттары
Сайыс сабақ: Адасқан сандар - 10-ға дейінгі сандардың құрамын тереңдету
3-сынып математика сабағы: 0-1000 аралығындағы сандар, ауызша қосу-азайту және үш таңбалы сандардың разрядтық құрамы
1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау: ертегі арқылы есептеу және логикалық ойлауды дамыту
Сандар сыры: тарихы, символикасы және қазақ мәдениетіндегі киелі сандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz