Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жас математик (7-8 сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Жас математик» (7-8 сынып)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған
білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін
нығайту.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
танымдық белсенділіктерін арттыру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,
зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Математикалық сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Бәйге
ІІІ. Полиглот
IV. Ғажайып үштік
V. Көкпар
VI. Жорға
VII. Қорытынды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 7-8 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жас математик»
сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі қатынасатын сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар
мүшелерін сайлап алайық.
Әділ қазылар мүшелері:
1. Математика пәні мұғалімі Сүгірова А.
2. Мектеп психологы Шелтеуова А.

І-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Жас математик»
ойынына қатысушыларды шақырамыз.

2-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І
бөлімін бастаймыз.
І. «Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты,
тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр
дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:
1) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
(жер өлшеу)
2) Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?
(«Әл-
жебр» деген араб сөзінен)
3) π-дің мәні неге тең? (3, 14-ке)
4) Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)
5) Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді
(медиана)
6) Шеңбердің ең үлкен хордасы. (диаметр)
7) Қабырғасы 6 см-ге тең квадратқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге
тең? (3 см)
8) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
9) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
10) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геметриялық фигура
(бұрыш)
11) Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
12) Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
13) Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)
14) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
15) Кез-келген сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)

І-жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Полиглот» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ,
мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға,
ағылшынға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап
берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

ІІ. «Полиглот»
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
2) Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама.
(кітап, книга, book)
3) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі
аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

2-жүргізуші:
«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп – қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп, ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп
аталатын ІІІ бөлімін бастаймыз.

ІІІ. «Ғажайып үштік»
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.
Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі. Ұпай аз
3 оқушы ойыннан шығады.

|20 |20 | |
| | |20 |
|30 |30 |30 |
|40 |40 |40 |

20 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1) Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар?

| |

2) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер
бөлікті кесуге 1,5 минут кесте, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6
минут)
3) 223 – қандай цифрмен аяқталады? (8-бен)
30 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.
1) Ұзындығы 135 см. Сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіп екі
бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап. (45 см, 90 см)
2) Шопанның барлық қойының 320 – сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр,
жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы
қанша қой бар. (400 қой)
3) |х-4|=7 теңдеуінің түбірін тап. (-3;11)
40 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.
1) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың
жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
2) Шахмат турниріне 7 адам қатынасқан әрбіреуі әрқайсысымен бір партиядан
ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай? (21)
3) Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта
жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта
жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді. Асхат неше тоқаш жеді? (М-2, А-3)

2-жүргізуші:
Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп, ойнымыздың «Көкпар» IV бөлімін
басталақ. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар
бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Логикалық есептер
1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады.
Ол қанша жаста? (үште)
2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың
жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы
қол алысу саны қанша? (10)
4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
5) Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр
бөліктің ұзындығы қандай? (1 метр)

Ғалымдар
1) «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» кімнің сөзі?
(М.В.Ломоносов)
2) Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған
шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)
3) «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика
патшасы» Бұл сөздің авторы кім? (К.Гаусс)
4) Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған
жоқ. (К.Сатпаев)
5) «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» - бұл кімнің сөзі

(С. Ковалевская)

Формулалар
1) (а+в)3=а3+3а2b+3aв2+в3 ненің формуласы?
(екі санның қосындысының кубы)
2) V=abc
(тік бұрышты параллелепипедтің көлемі)
3) (ab)n =anbn
(көбейтіндіні дәрежеге шығару)
4) у=ах+в фигурасының графигі (түзу)
5) (а-в) (а2+ав+в2) =а3-в3
(екі өрнектің кубтарының айырмасы)

Геометрия
1) Шаршының неше симметрия осі бар? (4)
2) Екі түзу қиылысқандапайда болған бұрыштардың біреуі 1300. Қалған
бұрыштарды табыңдар. (500, 500, 1300)
3) В

А Е Д С
А) Суретте тік бұрышты үшбұрыш нешеу?
Б) Доғал бұрышты үшбұрыш нешеу?
В) Сүйір бұрышты үшбұрыш нешеу?
А) 3; б)
1; в) 3
4) Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынын үш есе қысқа.
Үшбұрыштың периметрі 21 см. Қабырғаларын тап.
(3см, 9 см,
9 см.)
5) Е нүктесі ВС кесіндісінде жатыр, ВС-ның ұзындығы 12 см, ВЕ кесіндісі ЕС
кесіндісінен 6 см қысқа болса, ВЕ, ЕС кесінділерінің ұзындықтарын тап.
(ВЕ-3 см, ЕС-9 см)
1-жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей отырып, ойынымыздың «Жорға» V бөлімінде әрбір
ойыншыға жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

1-оқушыға сұрақ
1) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
2) Барлық қырлары тең тік бұрышты паралелипед (куб)
3) Санның жүзден бір бөлігі (пайыз, процент)
4) Үлкен хорда (диаметр)
5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)
6) Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)
7) Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)
8) Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі (стереометрия)
9) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
10) ІІ ширектің таңбасы? (-;+)
11) y=x3 функциясының графигі (куб парабола)
12) Жазыңқы бұрыштың шамасы (1800)
13) Ең кіші жай сан (2)
14) 25% - санның қандай бөлігі (1/4)
15) ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

2-оқушыға сұрақ.
1) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)
2) Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
3) Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
4) Пайыз (процент) дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)
5) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
6) Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (60)
7) Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)
8) Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең? (5 см)
9) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (аксиома)
10) ІІІ ширектің таңбасы (-; -)
11) y=x2 функциясының графигі (парабола)
12) Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)
13) Ең кіші натурал сан (1)
14) 75% - санның қандай бөлігі (3/4)
15) ОУ осі қалай аталады? (ордината)
Қорытынды.
Сайысты қорытындылау үшін сөз әділ - қазылар алқасына беріледі. Жеңіп
шыққан оқушыны дипломмен марапаттап, қатынасқан оқушыларға сыйлық
ұсынылады.

1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты,
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

2-жүргізуші:
Алдымызда жайнаған жүздер әні,
Сіздерменен кездесеміз біздер әлі
Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі
Осымен «Жас математик» атты сайысымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше
сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Жас математик
Математика пәнінен "жас математиктер" үйірмесінің жылдық жоспары
Кештің мақсаты
Білім мерекесі
Бір таңбалы сан
Үйірмеден ашық сабақ. 3-сынып
Көрермендер көмегі
Жас математик сайыс
"үздік математик" сайысы
Бағдарлама кезеңдері
Пәндер