Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бірінші байлық-....

Батыс қазақстан облысы.Теректі ауданы.
Подстепный ЖОББ қазақ мектебі.
8 сынып жетекшісі:Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы

«Бірінші байлық-....»
Мақсаты: 1) Оқушыларға салауатты өмір салтын

насихаттай отырып , денсаулығын сақтау және аурудың
алдын- алу жолдарын үйрету.
2.)Оқушыларға жақсы,саналы,білімді азамат болу
үшін,мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын,басты
байлық-денсаулық екендігін түсіндіру.
3.)Оқушылардың күнделікті денсаулығын
шынықтыру,күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамиамасыз ету.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар,( «Денсаулық-зор байлық»,Тәні сұлудың
–жаны сұлу»)
1) Бірінші байлық-(денсаулық)
2)Денсаулық болу үшін-(салауатты өмір)
3.)Салауатты өмір дегеніміз не? (жан тазалығы,тән тазалығы)
1.топ. Денсаулық
2.топ.Салауаттылық
3.топ Тазалық
Сонымен балалар! Бүгін «Бірінші байлық-денсаулық» деген тақырыпта тәрбие
сағатын өткізгелі отырмыз.Тәрбие сағатымызда өзіміз білетін
тақпақтар,өлеңдер,мақал-мәтелдер айтып,сұрақтарға жауап береміз.
Балалар 1)Денсаулық деген не, қалай түсінесіңдер?
2)Дені сау,денсаулығы мықты деп қандай адамдарды айтамыз?
3)Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?
Енді балалар ұстазымыз П.К.Иванов 1898 жылы 20-ақпанда Украйнада дүниеге
келген.Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына
арнады.Жер тұрғындарына,көптеген қолжазбалармен бақылауларын
қалдырды.Қазіргі уақытта ұстазымыздың табиғи шынығу идеясы өмір сүріп
отыр.П.К.Ивановтың балаларға ұсынған 12 нұсқауы мен танысамыз.
1.Күніне 2 рет табиғи суға шомыл,бойындағы теріс энергияны жерге ала
кетеді,денеңді ұйқыдан оятады.
2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық
тіле!
3.Темекі шекпе,ішімдік ішпе!
4.Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт.Асқазаның демалады.Тамақты
уақытында іш.
5.Жексенбі күні сағат12-де далаға шық,таза ауада қыдыр,қалауыңша тамақтан.
7.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге,
мүгедектерге,кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.
8.Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы
жалқаулықты,көрсеқызарлықты,қорқақтықты,жалған намысқойлықты таста!Өтірік
айтпа! Жаман ойдан аулақ бол.Төңірегіндегі адамдарды сүй
9.Амандасып жүр,баршаға саулық тіле!
10.Ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама, бұл сенің –жемісің!
11.Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр
12.Білген,оқығандарды,өзгелерге айт,тарат.Бірақ мақтанба.Қарапайым бол.
Енді балалар
1.топ «Жерден- нәр»
2. топ «Ауадан- дауа»
3. топ «Судан- күш» тақырыптарына шағын эссе жазыңыз.
Балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтыңыз.
1.Тазалық-саулық негізі,
Саулық –байлық негізі.
2.Ауру болып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
3.Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың.
4.Тыста ұзақ жүргенсің
Ұзақ өмір сүргенсің.
Еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты,салауатты азамат болып
өсіңдер.
Енді үш топ бір-біріне жақсы тілектер айтыңыз.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Денсаулық тірегі
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Зиянды әдеттерден сақтан тәрбие сағаты
Денсаулық әліппесі. 1 сынып
Байлықтың мәні - қазынаға ие болуда емес, оны пайдалана білуде
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Денсаулық- зор байлық
Тері аурулары. 8 сынып
Бейорганикалық химия
Ең тату отбасы
Пәндер