М.өтемісұлы «қызғыш құс»

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «№ 19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»
Әдебиет пәнінен ашық сабақ. 5 сынып .
Мұғалім: Калиева Толқын Райхановна
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;
өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын
түсіндіру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
- Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуларын, талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу, өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру, ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ассоциация, топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды
өлең, ой толғау, инсерт кестесі.
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих, биолигия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын
тексеру.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
А) «Ой шақыру» . Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп, топта ой бөлісіп, оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .
Ә) «Өлеңім- қаруым» ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.
Б) Топтастыру «Махамбет кім?»
ІІІ. Жаңа тақырып : М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».
1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;
а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;
ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.
2. «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»
а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру
ә) Сөздік жұмысы
Көл қорыған - көлді мекендеген
Лашын құстың тепкіні - көлге жолатпау
Құсалықпен өту- уайым, қайғыға түсу, өкінішпен күн өткізу
3. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан туралы дерек. (слайд көрсету)
4. Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.
5. Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.
6. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім
жылдам? » ойыны ұйымдастырылады.
Тапсырма:
І топ: «Махамбет - Қызғыш құс» Венн диаграммасы.
ІІІтоп: «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.
1. Зат есім (1 сөз) -
2. Сын есім+зат есім (2сөз) -
3. Етістік (3 сөз) -
4. Тұрақты сөз тіркесі -
5. Түйін (сөйлем) -
ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?
ІV. Сабақты бекіту: «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.
V. Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.
VІ. Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам . . . » деген
тақырыпта шағын ой толғау жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz