Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Дауыссыз Л мен Р әріптері. 163-167 жаттығу
А.С. Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Дауыссыз Л мен Р әріптері.
163-167 жаттығу.
Мұғалім: Баймбетова Жанар Әшімқызы
Шымкент
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Л мен Р. 163-167 жаттығу.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Л мен Р дыбыстарының ерекшеліктерін
меңгерту;
2. Оқушылардың тілдік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту; әдемі, көркем
жазу қабілеттерін, жазу дағдыларын қалыптастыра түсу;
3. Сауатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Л,Р фонемаларының артикуляциялық кескіні, таблица,
әріптер жазылған пирамидалар, шар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты қайталап, еске түсіру.
«Кел, балалар, ойнайық!
Тектен-текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Жолдастарға сыйлайық» - деп «Алма теру» ойынын бастайық. Алма жемісі бар
ағаштың суретін тақтаға іліп, әр алмадағы сұрақтарға жауап алу.
1. Дыбыс туралы не білесің?
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөз жаса.
Жүре ..., күре ..., көбеле ..., түлі ... .
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Үнді дауыссыздарды ата.
4. Қатаң дауыссыздарды ата? «Тақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
5. Ұяң дауыссыздарды ата. «Бота» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІІ. Ал, балалар! Енді көркем жазу ретінде мына сөздерді әдемі етіп,
дәптерімізге жазып шығайық.
Лақ, лай, рай, рахмет.
- Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Л, р.
- Ендеше келесі жолдың жартысына дейін Лл, жартысынан соңына дейін Рр
әріптерін әдемілеп жазып шығамыз.
3. Лл, Лл, Лл, Рр, Рр, Рр.
- Біз қандай әріптерді әдемілеп жаздық?
- Л, р.
- Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы л және р әрпі мен дыбысы
туралы тереңірек білу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын балалар, бірінші тыныс алу жаттығуларын жасап
алайық. Ол үшін алдымызда жатқан шарды үрлейміз – деп мұғалім өзі үрлеп
көрсетеді және оқушылардың да солай үрлеуін талап етеді.
- Балалар Л және р дыбысы туралы не білеміз?
- Л-да, р-да дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарына жатады.
- Бұл дыбыстар сөздің басында да, ортасында да, соңында да келе береді
екен.
Енді мына суретке назар аударайық – деп л және р фонемаларының
артекуляциялық кесінділерін көрсете отырып, л, р дыбыстарының айтылу
ерекшеліктеріне тоқталып кетемін.
-л-
- Тілдің ұшы қызыл иекке қарай жоғары көтеріледі, тілдің өзі қатыңқы,
арқа тұсы көтеріңкі;
- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
- Жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның
мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады.
- Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс
шығарады;
- Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын
қозғалтып, дірілдетеді.
ҮІІ. Р-Л дыбыстарына ортақ тілге арналған артикуляциялық жаттығулар.
-р-
Еріннің қалпы л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа байланысты өзгеріп
тұрады.
- Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге қарай көтеріңкі;
- Тілдің екі жақ шетімен азу тістердің арасында ауа жолы шығатындай
саңылау бар, тілдің түбір жағы көтеріңкі, л дыбысын айтқанда түсіңкі;
- Дауыс желбезегі біріккен және желбіреп тұрады;
- Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады;
- Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
- Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.
5) Таблицамен жұмыс.
Сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктеріне тоқталу, ережені оқу және
жаттау;
6) Оқулықпен жұмыс.
163-жаттығу. Сөздерді әр оқушыға жаздырта отырып, сөз мағынасын
түсіндіру.
Ү. Сергіту сәті. Үнтаспадан музыкаға ілесе отырып, өлең айтып, би билеу.
7) 164-жаттығу. Мақалды жаттау. Оны тақтаға жазып, сөз басында келген л,
р әріптерінің астын сызу;
ҮІ. Ойын: «Пирамида құрастыру».
166-жаттығуды ауызша орындату. Сөздерді салыстыра отырып, кейбір сөздер
буынға бөлінуіне орай і, ы әріптері сақталып жазылатынын ескерту, сөздерді
шапалақпен буынға бөлдірту.
ҮІІ. Сабақты қорыту:
1. – Л, р дыбыстары қандай дыбыстар қатарына жатады?
2. Осы дыбыстардың айтылу ерекшеліктерінің ережесін айт. Мысал келтір.
Оқушылардың жауаптарын бағалау.
ҮІІІ. Үйге: 165-жаттығу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz