Құстар - біздің достарымыз: балабақшадағы оқу-тәрбие сабағы

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№12 балабақша

Байсейтова Сәния Жалғасбайқызы

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз

Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Ертегіні рөлдерге бөліп беріп ойнату арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: дискі, атрибуттар

Сабақтың барысы:

  • Балалар қазір қай мезгіл?
  • Көктем
  • Көктемнің қанша айы бар?
  • Үш
  • Олар қандай айлар?
  • Наурыз, сәуір, мамыр
  • Қазір қандай ай?
  • Сәуір
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

Келді көктем қалаға,

Келді сұлу шағалы.

Аспандағы көп құстар,

Ауылымды арала

А-ай келді көктем,

А- ай сүйді беттен,

Сол көктемді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

Слайд қарау

Қазір балалар осы көктем айындағы бау-бақшамызда, төбемізде ұшып жүрген құстармен теледидардан қарап танысайық. Бәріміз назарымызды теледидарға қояйық.

Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін кім табар екен.

Су бетін сызып,

Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)

Мойын сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (аққу)

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп

Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (жарқанат)

Жарайсыңдар. Енді балалар осы құстар туралы білетін тақпақтарымызды еске түсірейік.

Көлге келіп қонады,

Көлдің көркі болады.

Аңшы бірақ атпайды,

Аққудың бар обалы.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырады.

Сауысқан, сауысқан

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан

Қырда жауыр көрінсе

Қиқаңдатқан сауысқан.

Бір қонып, бір секектеп,

Менің атым көкек деп

Мен ғой келген жетектеп,

Қорықпаңдар жаз өтеді деп,

Тұрады жаз тамылжып,

Десем болды «көкек» деп

Ойын: «Ұшты-ұшты»

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегіні оқып беру

Ертегіні балаларға рөлдерге бөліп сахналату.

Сабақты қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған интеграциялық сабақ: ана тілі, математика және дүниетану - Құстар біздің қанатты достарымыз
№35 Шұғыла бөбекжайы тәрбиешісі Татпанова Жадыра Тұрарбекқызының Құстар - біздің достарымыз тақырыбындағы аралас жобасы
Құстар - біздің достарымыз: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары (табиғатты қорғау және Қызыл кітап)
Мектепке дейінгі тәрбие: Құстар - біздің досымыз (ашық сабақ)
Құстар - біздің досымыз: экологиялық тәрбие мен тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Ашық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз (балабақша)
Ашық тәрбие сағаты: Біздің еңбегіміз - оқу
Құстар - біздің досымыз: мектептің білім беру-тәрбиелік сайыс бағдарламасы
1-сынып Тіл және оқу сабағы: зат есімдерді таныту (құстар тақырыбы, Келіңдер, құстар әні)
Балабақшадағы Біздің отбасы осындай отбасылық спорттық сайысын ұйымдастыру және өткізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz