Ортаңғы топқа арналған Ақшақар достарын күтеді жаңа жылдық сахналық қойылым сценарийі

«Ақшақар достарын күтеді»

(ортаңғы топ)

БҚО, Орал қ. №35 «Шұғыла» бөбекжайының

музыка жетекшісі: Бірмұқанбетова Анаргүл

Нариманқызы

(Үнтаспаға жазылған дауыс немесе жүргізуші )

«Алыста, алыста, тұрыпты Аяз-атамен Ақшақар. Ақшақар күн ұзақта аңдармен орманда ойнағанды жақсы көрген оларға Ақшақар ән айтқан, бірге би билеген . Аяз-атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.

Аяз-атаның Жаңа-жылдың алдында жұмысы көп. Түні бойы шыршыны безендірген Ақшақарды қуантайын деп. Ал таң атысымен жұмыстарымен кетіп қалған. Ақшақар үйде жалғыз қалған .

Ақшақар: ( Үйінен шығып қуанып шыршаны айналдыра қарап)

Тамаша! Қандай шырша маған Аяз- ата әкелген!

Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт-жұлт етеді!

( Қайтадан айналдыра қарайды да айқайлайды)

Қоян! Әй- қоян! Мында кел! ( Секіріп қоян келеді)

Қоян: Шақырдыңба, Ақшақар мені?

Ақшақар: Ия, қоян. Қазір маған көпдеген қонақтар келеді, сен есіктің қасында тұр.

Ал менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.

Қоян: ( Секіріп ) Жарайды, Ақшақар! (Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра

бастайды) . Есікті қаққан естіледі

Қоян: Кім бұл? Кім келді бізге?

Аю: Ақшақар біздерді Жаңа-жылды қарсы алуға шақырған.

Қоян: Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.

Ақшақар: Кірсін, кірсін.

Аю: Сәләмәтсізбе? Ақшақар, біздер саған Жаңа-жылға тәтті бал әкелдік. Жаңа- жыл тәтті

өтсін деп.

Ақшақар : Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер. ( Есіктің артынан ызылдаған дауыс естіледі)

Қоян: Ақшақар мұнда балдың иісіне аралар толып кетті. Не істеймін?

Ақшақар : Кіргіз оларды. ( Ұшып аралар кіреді шыршаны айналады. )

Ән: «Аралар»

Бірінші ара : Түсінбедім бал иісі шыққан сияқты, бірақта мына гүлде ешқандай бал жоқ!

Ақшақар : Аралар, ол гүл емес ол Жаңа- жылға безендірілген шырша.

Екінші ара : Шырша дегенді білеміз бірақта Жаңа-жыл туралы естімедік.

Ақшақар: Олай болса қонақтармен жайғасып бірге Жаңа- жылды қарсы алайық сонда

білесіңдер. (Тағыда бір дүрсіл естіледі)

Қоян: Бұл кім?

Пингвиндар кіреді.

Бірінші пингвин : Жаңа- жылыңызбен барлықтарыңызды!

Екінші пингвин: Ақшақар, мынау сізге сыйлық.

( Бір балық береді)

Үшінші пингвин: Оны біздер мұхиттан аулап алдық.

Би: «Пингвиндар»

Ақшақар : Қош келдіңдер, пингвиндар!

( Тағыда есік қағылады)

Қоян: Бұл кім?

Бірінші қоян :Кіргізіңдерші біздерді, біз батылды қояндармыз

Біз ешкімненде қорықпаймыз.

Екінші қоян: Жаңа- жылдарыңызбен, Ақшақар!

Үшінші қоян : Біздер саған Жаңа - жылға сәбіз әкелдік.

Ақшақар: Рахмет, төрлетіңдер, отырыңдар.

Төртінші қоян : Мында Қасқыр, Түлкі жоқпа? (Дірілдеп, есіктің дүрсілі естіледі)

Бесінші қоян: Ой, бұл кім?

(дауысы дірілдеп, Ақшақардың артына барлық қояндар тығыла бастайды. )

Ақшақар: Қорықпаңдар, сендерге ешкім тиіспейді.

Қоян: Ашайынба?

Ақшақар: Әрине ашағой. Біздер Жаңа- жылды қарсы алап отырмызғой.

(Есіктен Қасқыр, Түлкілер кіреді. Қасқыр шананы сүиреп ал шанада түлкілер

отырады. )

Қасқыр: Әзер дегенде жеттімғой, кәне түсіңдер.

Бірінші түлкі: Жаңа -жылыңызбен Ақшақар!

Екінші түлкі: Біздер саған асықтық, сондықтанда шанаға отырдық.

Үшінші түлкі: Міне біздің сыйлықтарымыз. ( Кішкентай үйрек береді, ал қасқыр

ойыншық береді)

Түлкі: Ой, мұнда көп қояндар бар екенғой. Біз солардың қасына отырайықпа?

Ақшақар: Жаңа- жылды бізбен бірге қарсы алғыларың келсе, қояндарға тиіспеймін деген

сөз беріңдер.

Түлкі: Жарайды тиіспейміз. Олар босқада арық болады, ылғый сүйек. ( Тағыда бір дүрсіл

естіледі. Құлпынайлар кіреді)

Бірінші құлпынай: Біз көңілді құлпынаймыз.

Екінші құлпынай: Би билейміз, ойнаймыз.

Үшінші құлпынай : Жаңа - жылды тойлаймыз. Керек болса, бәріміз би билеп береміз.

Би «Құлпынайлар»

Ақшақар: Размет, құлпынайлар! Төрлетіңдер.

Балалар, Аяз- ата қазір қартайды. Мүмкін адасып кеткен шығар. Кәне

барлығымыз бірге қосылып шақырайық.

Бәрі: Ау-ау! Аяз-ата!

Әуенмен Аяз- ата кіреді. Қасында сиыр.

Аяз- ата: Амансыңдарма, ұлдарым?

Амансыңдарма, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің?

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Асығып келді алыстан!

Мен, қоян, түлкі, қасқырларды іздеп жүрсем, бірге Жаңа- жылды қарсы

алайындеп. Олар мында келіп қалыптығой. Қалай, Ақшақар шырша

саған ұнадыма? Саған арнап таңдап алдым.

Қоян: Аяз-ата сізді күтудеміз. Шыршамыздың оттарын жақшы.

Ақшақар: Балалар келіңдер, шеңберге тұрайық, Жаңа- жылды тойлайық!

Аяз. - ата: Жарайды, менімен қосылып айтыңдар.

Бір, екі, үш

Шырша жарқыра! (Бірнеше рет айтылады, шырша жанады. )

Бірінші бала: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа -жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз!

Екінші бала: Ел құрметтеп көп тосқан

Келді Аяз- атамыз

Келіңдер, кел, достар

Қазір ән айтамыз

Үшінші бала: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз- атаны

Ақшақар: Шыршамызға арнап әнімізді айтайық.

Ән: «Тауда туып, тауда өскен» (Әнде Аяз- ата шеңбердің ішінде жүреді. Әннің соңында

балалар қол ұстасып аяз- атаны шеңберден шығармайды. )

Ақшақар: Аяз- ата біздермен бір ойын ойнаңызшы.

Аяз- ата: Ойнасақ ойнайық.

Ойын: «Шелекті қармен толтыр. »

Аяз- ата: Шаршадым, сәл отырып тынығайын.

Қоян: Аяз-ата мында отырыңыз. Ал бөбектер сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Аяз- ата: Жарайсыңдар балақайлар кәне маған жақындаңдар. Кім маған тақпақ айтады

сол менен сыйлық алады.

Тақпақтар:

Төртінші бала: Өлеңде әзір, әнде әзір

Ойында әзір, бәрі әзір

Кел, Жаңа-жыл, біздерге

Кел, Жаңа-жыл, Жаңа-жыл!

Бесінші бала: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Алтыншы бала: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


Ұқсас жұмыстар
Орал қаласы №35 «Шұғыла» бөбекжайының ортаңғы тобына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Жаңа жылдық мерекелік концерт-сценарий: сахналық қойылым, әндер және ойындар
Ортаңғы топқа арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Сам ауылының Жаңа жылдық мерекесіне арналған сахналық сценарий
Жаңа жылдық балалар спектаклі: сахналық сценарий мен кейіпкерлер
Ортаңғы топқа арналған Туған күніңмен балақай ойын-сауық кешінің сценарийі
Балабақшадағы Кел, Жаңа жыл ортаға жаңа жылдық ертеңгілігінің сценарийі
Сыныптық жаңа жылдық мерекелік сабақ сценарийі
Мектеп-гимназияға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі: Герда мен Кайдың оқиғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz