Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Достық әнін шырқайық
Бисенғали Қарлығаш Бақтыбайқызы
Құрық гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
«Достық әнін шырқайық!» атты
1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама
1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін
шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік
пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің
мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын
дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық
татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен
этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды
байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету –
барша қазақстандықтардың борышы.
1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір
шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
----------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы
берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас
достыққа сызат түспесе екен.
2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған
бәріміздің басшымыз Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлы. Ендеше, ағай,
көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға
шақырамыз.
/мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл –
қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл
өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық
биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз
кезегін береміз.
/2,3-а сыныбының оқушылары/

1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Төлесбаева
Айханым апайға беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің
басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт
өкілдері тұрады.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені –
Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше,
саяси маңызы зор құрылым.
1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс
мәдени орталығына сөз кезегін береміз.
/Орыс халқының сәлемі/ /10-а,10-ә сыныптары/

1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы
сайраған.
Елім менің биіктігі
шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың
самғаған!
2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.
/Өзбек халқының сәлемі/ /1-а, 4-а сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында
көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне
айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
/Қырғыз халқының сәлемі/ /9-сынып/

1-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін
шақырамыз.
/Түркмен халқының сәлемі/ /5-сынып/

2-жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі
көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от
боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып
бірге табатын!
1-жүргізуші: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.
/украин халқының лебізі/ /6-сынып/

1-жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени
орталығының өкілдерін шақырамыз.
/түрік халқының лебізі/ /1-ә,3-ә сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып
түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық
тілде.
1-жүргізуші: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.
/Поляк халқының құттықтауы/ /7-сынып/

1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне
береміз.
/қытай халқының лебізі/ /8-сынып/
---------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------
1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі
жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған
елміз!
2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған
елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан
болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген,
өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен
өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап
анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып
бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт
сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!» жеке дауыста 3-ә сынып оқушысы Шайхина
Ақмаржан.
/ән орындалады/

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен
парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен
Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір
көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі
еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік
бағдарламамызды аяқтаймыз.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz