Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мемлекеттік мекеме Құрық гимназиясының 5 жылдық мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
Мемлекеттік мекеме Құрық гимназиясының 5 жылдық мерекесіне арналған сазды
бағдарламасы
Мақсаты: гимназиямыздың 5 жылдық мерекесі мен ұстаздар мерекесін кең
көлемде атап өту.
Жүргізушілер: 1- Тилебаева Индира мен 2 - Маширов Ислам.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар, оқушылар!
1-жүргізуші: Бүгінгі ұстаздардың төл мерекесінде алтын ордамыздың 5 жылдық
мерейтойына арналған мерекелік сазды бағдарламамызға
1,2- жүргізуші (бірге): қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Адам өмірге келгеннен соң оң-солын тани бастағаннан-ақ білім
мен тәрбие алмаққа мектеп атты шаһарға келетіні анық. Міне, біздің алтын
ордамыздың барша ұстаздары мен оқушыларының қуанышты мерекесінде бас қосып
отырмыз.
2-жүргізуші: Құрметті халайық! Алтын ұямыздың өз алдына жеке мекеме болып
ашылғанына 5 жыл толып, алтыншы жылға аяқ басты. Осы жылдар ішінде қаншама
түлек қанатын қатайтып, азаматтық өмірге жолдама алды.
1-жүргізуші: 5 жыл ішінде ұстаздар қатары толығып, бұл күндері іргесі берік
білім ордасына айналып отыр. Гимназиямыз өзінің 5 жылдық тарихында
еңбектің, ынтымақтың, бірліктің ұлы куәсіндей талай табыстарға қол
жеткізді.
2-жүргізуші: Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген
мақал бар. Әр шаңырақтың өз иесі бар болса, әрбір білім ордасының да
тұғырының мықты болуы білікті басшыға байланысты.
1-жүргізуші: Әділдік, бірлік, ынтымақтастық орнаған ордамыздың жыл сайын
гүлденуіне атсалысып жүрген ұстаздарымыздың бір кісідей жұмыла еңбек етіп
жүргеніне әрине, гимназия өз алдына дербес білім ордасы болып ашылған 2005
жылдан бері басқарып отырған гимназия директоры Даурбаев Келдімұрат
Түгелбайұлының еңбегі өте зор.
Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
2-жүргізуші: Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
Гимназия абыройын биік ұстап,
Адал еңбек етіп міне, келесіз,- дей отыра,
алғашқы мерекелік құттықтау сөз гимназия директоры Даурбаев Келдімұрат
Түгелбайұлына беріледі.
/гимназия директорының құттықтау сөзі./
1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2-жүргізуші: Облыстық «Жұлдызды жол» фестивалінің дипломанты, «Асыл мұра»
аула клубының вокал үйірмесінің балдырған әншілерінен құрылған «Ақбота»
ансамблінің орындауында «Ұстаздарға арналған попурри». Қабыл алыңыздар!
----------------------------------------------------------------------------
-------------------
1-жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Көпшілікке арналсын тілегіңіз.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз аудан әкімі Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлына
беріледі.
/лебіз/
2-жүргізуші: Оянды армандарым әлде менің,
Елесін іздедім бе әлдененің?
Шуақ құяр көңілге жанды тербеп,
Сиқырлы құдірет-ау бұл ән деген.
1-жүргізуші: Халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының
дипломанты Жетіс Ақбаянның орындауындағы «Дала дастан» әнін қабыл
алыңыздар!
/сазды сәлем, ән орындалады./

------------------------
1-жүргізуші:
Арнап келер мерейтой, жиындарға,
Мұндай кезде ақ тілек таусылар ма?
Ақ ниеттен айтылар барша тілек,
Сөз кезегі ендеше, қонақтарда.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарымыз: Аудандық
Білім Беру Бөлімінің бастығы Сағынбаев Исахан Қайнарбайұлына
беріледі.
/қонақтардың құттықтау сөзі/
1-жүргізуші: Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес,
Болған қазақ батырлары.
2-жүргізуші: Республикалық «Айгөлек» фестивалінің жеңімпазы «Құрық балалар
өнер мектебінің» «Балауса» бишілер тобы «Жұмыр қылыш» биімен.
/сазды сәлем./

------------------
1-жүргізуші: Ұстаз жүгі – ауыр екендігі баршамызға мәлім. Баланы
тәрбиелеумен қатар білім нәрімен сусындатып, азамат етіп, үлкен өмірге
қанат қақтыруда ұстаздардың еңбегі өте зор.
2-жүргізуші: Әр мектепте бар күшті жұмылдырып, аянбай еңбек ету жолында
басшы ұстаздардың еңбегінің зор екендігін қалайша айтып өтпеске? Олардың
еңбегі өз алдына бір төбе.
1-жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
2-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директорларына беріледі.
/лебіз/
2-жүргізуші: Ұстаз мейірі – Ана мейірі парапар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын, білім берген ұстаздар!

2-жүргізуші: Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр,
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті,
Ұстаздық - мәңгі-бақи таусылмас жыр.
1-жүргізуші: Алдарыңызда «Ұстазым» әнімен «Бозторғай» балалар шығармашылығы
байқауының лауреаты Меңдіғалиева Жансая. Қарсы алыңыздар!
/сазды сәлем, ән./

1-жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
2-жүргізуші: Заман қанша қиын-қыстау болса да.
Игi iстер болып жатыр қаншама.
Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар танылған,
Ұстаздарды танытпасақ бола ма?
1-жүргізуші: Ағады көзін ашқан бұлақтар көп,
Жанады өзіңіз жаққан шырақтар көп.
Осында сан шәкіртке сабақ беріп,
Келесіз өмір бойы ұстаз болып..
2-жүргізуші: Біздерге үлгі биік өнегеңіз,
Айдынды ақылыңызға кенелеміз.
Ұстазға ұстаз болып жолды бастар
Өзіңіздей ұстаздармен көгереміз
- демекші, барша ұстаздар атынан сөз кезегі гимназия ашылғалы бері талай
шәкіртті білім нәрімен сусындырып келе жатқан жоғарғы санатты ардагер-
ұстаздарымыз Төлесбаева Айханым апайға және Отаралиева Гүлсім апайға
беріледі.
/құттықтау сөз/
1-жүргізуші: Адай деген ел едік,
Әруақ қонған арыдан.
Қасиетті халықпыз
Қыдыр келіп дарыған.
2-жүргізуші: Батырлық, байлық, береке,
Бәріне де жарыған.
Келімберді, Құдайке,
Жұлына шықты парынан.
1-жүргізуші: Республикалық «Айгөлек» фестивалінің жеңімпазы «Құрық балалар
өнер мектебінің» «Балауса» бишілер тобы «Адай» биімен.

1-жүргізуші: Киелі шаңырақта білім мен тәрбиені қатар алып, жүрегі
әрқайда арман іздеп жұлқынған, сәулелі үміт жарығына қарай ұмтылған,
балапандай қанатын қомдап бұлқынған, бұл - кешегі түлектер.
2-жүргізуші: Ал, бұл шәкірттердің іштегісін қабақтарынан ұғып, қаталдығын
ұмытып, көмекке шығып, баламен бірге қобалжып, іштерінен тынып жүрген
ұстаздардың ниеттері тау суындай тұнық, тілектестікке тоқтауы – әуелден бар
ғұрып.
1-жүргізуші: Жүрмейді-ау тағдыр шіркін айдауыңа,
Шараң жоқ жаратқанның байлауына.
Қимастықпен шығарып салдық біздер
Қанша түлек мынау өмір жайлауына.
2-жүргізуші: Бақыт гүлі алдарынан ашылған,
Арман-ару ақ білектен асылған.
Біз тілеген ақ тілектер қабыл боп,
Құс жолындай ғұмырларға шашылған.
1-жүргізуші: Сағыныш – ау көңілге ең керегі,
Тұлпар уақыт тыншымай дөңгеледі.
Сезесің бе құрбы дос бағыныштан,
Алып ұшқан дүрсілді кеудедегі.
2-жүргізуші: Келді міне арамызға дәл бүгін
Қуаныштан асып-тасқан түлектер.
Білім алған ордасына ақниет
Ақ тілегін айтсын деймін түлектер!
1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі 5 жылдағы түлектерге беріледі.
/түлектер лебізі/
1-жүргізуші: Алтын ұямыздың мерейтойына жан-жаққа арман қуып, білім іздеп,
үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміз өз құттықтауларын жеткізіп отыр.
Осындай құттықтау жеделхаттарын оқып беруге рұқсат етіңіздер!
/құттықтау жеделхаттары оқылады./
2-жүргізуші: Ауызға алдым әуел Тәңір атын,
Халқыма берсін Алла қанағатын.
Өмірге мұсылман боп келгеннен соң,
Жастарым түсінсе екен ата салтын.
1-жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі, үзіледі әуендер,
Қазағымның домбырасы барында.
2-жүргізуші: Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Естіген жан үнін аңсап сағынған.
Тарта білсең, дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көкжиегін.
1-жүргізуші: Осыдан 2 жыл бұрын соңғы қоңырау салтанатты жиынында 1-сынып
оқушыларының түлектерге арнаған мына бір өлең жолдары естеріңізде болар.
Қазағымның Шыңғысханын сомдаған,
Нұрлан аға, өзіңізге табынам.
Домбырада күй төгілтер әрдайым
Саусағыңнан айналайын, жан ағам!
2-жүргізуші: Осы бір керемет өлең жолдары 2009 жылғы түлегіміз, гимназия
қабырғасында жүріп талай додалы жарыстарға қатысып, қолынан қара домбырасы
түспеген Нұрғалиев Нұрланға арналған еді.
1-жүргізуші: Әрине, біз мұндай саф алтындай жарқыраған жұлдыз
түлектерімізді ешқашан ұмытпақ емеспіз. Ендеше, сағыныш сезімін тудырған
түлегіміз бүгінгі мерекеміздің қонағы.
2-жүргізуші: Күй «Мереке». Алдарыңызда Нұрғалиев Нұрлан. Қошеметпен қарсы
алайық!
/сазды сәлем, күй орындалады./

1-жүргізуші: Белгілі өмір гүлін әперерің,
Кешірген ұл-қызының қателерін.
Ұл-қызыңның алтын орда ұясына
Қош келдіңіз, дәл бүгін әкелерім.
2-жүргізуші: Ақылменен толтырып саналарын,
Көктей өсіп келе жатыр балаларың.
Шуағын бар әлемге сыйлайтұғын
Қош келдіңіз ортамызға, аналарым.
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Көпшілікке айтсын деп ақ тілегін
Шақырайық, ортаға ата-ананы.
2-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі ата-аналар атынан ата-аналар
кеңесінің төрайымы Сәрсенғалиева Эльмираға беріледі.
/ата-аналар құттықтауы/
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге терең ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
2-жүргізуші: «Шын жүректен» Алдарыңызда Республикалық «Айгөлек»
фестивалінің жеңімпазы «Құрық балалар өнер мектебінің» «Балауса» бишілер
тобы

----------------
1-жүргізуші: Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.
Әрдайым ашық болып аспанымыз,
Еңбекпен шыға берсін жақсы атымыз.
2-Жүргізуші: Халқыңа бар байлықты иіп бер де,
Шыға бер абыроймен биік төрге.
Қарасаң, алтын ордам киелі екен,
Самғай бер биіктерден биіктерге!
1-жүргізуші: Гимназиям, мерейтойың құтты болсын,
Табыс пен сәттілікке орта толсын.
Жетейік жылдан жылға жақсылыққа,
Алтын ордам, шаңырағың мықты болсын!
1,2-жүргізуші (бірге): Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Осымен, 5 жылдық мерейтойымызға арналған сазды бағдарламамызды
аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Амандықпен жүздескенше, ағайын!
/соңы/

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz