Бастауыш сынып бірлестігінің отырысының шешімімен баспаға жариялауға ұсынылады

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Бисенгазиева Қ, Б.

2010 жыл

Бастауыш сынып бірлестігінің отырысының шешімімен баспаға жариялауға ұсынылады.

Хаттама №3 19 желтоқсан 2010 жыл

Қазақ тілінен тест тапсырмалары.

(жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған)

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі:

Бисенгазиева Қ. Б.

Рецензент:

Жасанова Б. Ж. - І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұсынылып отырған 3-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тест жинағы барлық жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне және оқушыларына арналған.

Мектеп оқушыларының барлық білім деңгейі мен біліктілігін арттыру, олардың білімдерінің мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмауы үшін 3-сынып оқулығындағы әр тарау бойынша қорытынды тексерістерде және күнделікті тақырыптық тексерістерде қолданылу үшін жинақталған көмекші құрал. Жинақта берілген тестілер мектеп бағдарламасы мен 3-сыныптың қазақ тілі оқулығы авторы (Ж. Қ . Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина,

Ф. С. Лекерова) негізге алып құрастырылған.

Бұл жинақ қазақ тілінен оқушылардың теориялық сауаттылығын ана тіліне деген қызығушылығын, сабаққа деген белсенділігін сабақта, сабақтан тыс уақыттарда дамыта түсуге үлкен көмек болады деген оймен шығарылған мұғалімнің еңбегінің жемісі.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз 4

Мұғалім туралы мәлімет 5

І- тарау .

2-сыныпта өткенді қайталау

Дыбыстар мен әріптер

ІІ тарау .

Сөз таптарын қайталаймыз

ІІІ- тарау .

Сөйлем

ІV -тарау

Сөз. Сөз құрамы.

V- тарау.

Cөз таптары.

Зат есім. Етістік

VІ- тарау.

Cөз таптары.

Сын есім. Сан есім

VІІ- тарау.

Тіл және сөйлеу.

Қайталау

Тест

жауаптары

Тегі, ата, әкесінің аты : Бисенгазиева Қаным Болатқызы

Туған жылы, айы : 1959 ж 12 тамыз

Ұлты: қазақ

Білімі : Арнаулы орта. 1980 жылы Орал

педагогикалық училищесі

Мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты : ІІ

Сынып жетекшісі : 3 а сынып

Атқаратын қызметі : Бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық жұмыс

стажы: 19 жыл

Мекен жайы : Федоров ауылы. Теректі ауданы .

Батыс Қазақстан облысы

Мұғалім проблемасы : Қазіргі заман техникаларын пайдаланып,

оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін,

ойын дамыту.

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тiлi» пәнiн оқытудың басты мақсаты - оқушыларды (2-4 сыныптар) оқуға, сауатты жазуға үйрету, негiзгi тiлдiк ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу болса, осы әзірлеген тест тапсырмалары бұл мақсатты жүзеге асыруға өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Бұл тест тапсырмаларын биылғы оқу жылына келген әдістемелік нұсқау хатқа ( 2010ж 2 шілде №4-02-2/1778) және жаңа Қазақ тілі оқулығының тапсырмаларына байланысты алдым. Тест сұрақтары көп емес. Әрбір тарау немесе сабақ соңында оқушылардың алған білімін пысықтауға арналған ашық және жабық экспресс тест. Мұндай тест жинақтары оқушының тез әрі жинақы жауап беруіне, сондай-ақ тез талдауға ыңғайлы.

І-тоқсан бойынша 2-сыныпта өткенді еске түсіріп, дыбыс және әріп, дауысты дауыссыз дыбыстар, сөйлемдердің байланысы мен мәтін түрлеріне арналған тапсырмалар.

ІІ- тоқсан бойынша сөйлем, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне, бастауыштан кейін қойылатын сызықшаларға, сөйлем мүшелерінің байланысы мен жалаң және жайылма сөйлемдерге арналған тапсырмалар

ІІІ -тоқсан сөз құрамына сөз таптарына талдауға, туынды сөздерге зат есімнің тәуелденуіне, болымды болымсыз етістіктерді табуға арналған тапсырмалар

ІV-тоқсан Сын есімнің, сан есімнің түрлеріне, сөйлеу мәдениетіне арналған тапсырмалар.

Бастауыш сынып оқушыларына тест жұмысын меңгерту, алған білімдерін жүйелеудің ең бір тиімді жолы деп ойлаймын.

Тест жұмысы оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан (даралау мен жинақтау, жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға көшу, салыстыру) міндетті түрде сабақта пайдаланып отыру қажет.

І- тарау .

2-сыныпта өткенді қайталау

Дыбыстар мен әріптер

1-нұсқа

  1. Дыбысты . . .

А. Көреміз, жазамыз

Ә. Айтамыз, естиміз

Б. Жазуды белгілейтін шартты белгі

  1. Дыбыстар . . . бөлінеді

А. 2-ге

Ә. 3-ке

Б. 4-ке

  1. Жуан айтылып тұрған сөзді тап.

А. Мектеп

Ә. Оқулық

Б. Дәптер

4. Әріп қосып жаңа сөз жаса

Ас, қал, сау, тау.

  1. Мақалды аяқта

Мектеп - . . . , білім - . . .

А. Ана, оқу,

Ә. Кеме, теңіз

Б. Қайық, жаға

6. Мектепте . . . бар

А. асхана

Ә. таза

Б. көп

ІІ-нұсқа

1. Әріпті . . .

А. Айтамыз, естиміз

Ә. Дыбыстың жазудағы шартты белгісі

Б. Көреміз, жазамыз

2. Дауысты дыбыстар деп . . . айтамыз

А. Кедергіге ұшырамай айтылатын дыбыстар.

Ә. Құлақтан естілетін үнді

Б. Өкпеден шыққан ауа арқылы айтылатын дыбыстар.

3. Жіңішке айтылып тұрған сөзді тап.

А. Қалам

Ә. Өшіргіш

Б. Сызғыш

4. Әріп қосып жаңа сөз жаса

Ет, тар, сал, қыс

5. Мақалды аяқта

Оқу -білім . . . , білім - өмір . . .

А. Бұлағы, шырағы

Ә. Асылы, өткелі

Б. Қайығы, бұлағы

6. Сорпа қандай?

А. ұнатамын

Ә. қышқыл

Б. жақсы көремін

ІІІ-нұсқа

1 Әліпбидегі дыбыс санын белгіле

А. 42

Ә. 39

Б. 37

2. Дауыссыз дыбыстар деп . . . айтамыз

А. Кедергіге ұшырамай айтылатын дыбысты.

Ә. Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырау арқылы айтылатын дыбысты.

Б. Құлақтан естілетін үнді

3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. 3

Ә. 2

Б. 4

4. Дұрыс жазылған сөзді тап

А. Силады, тиылды

Ә. Сыйлады, тыйылды

Б. Сиылады, тийлды

5. «у» әрпін қосып жаз

Шалқы, қасы, оқы, жылы, жу, су

6. Мен кітапхана . . . сөйлестім

А. үйрен

Ә. үшін

Б. туралы

ІV-нұсқа

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. 3

Ә. 2

Б. 4

2. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А. Жайя, тайяқ, қиую, шалқайу

Ә. Жайа, тайақ, қиу, шалқайю

Б. Жая, таяқ, қию, шалқаю

3. «ы», «і» әріптерінің тиістісін қойып жаз

Сап, тәртіп, мектеп, жіп, доп, .

4. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, . . . айналады.

А. ғ - дыбысына

Ә. г -дыбысына

Б. өзгермейді

5. Дауыссыз д ыбыстарды айырып жаз:

Хайуанаттар, қағаз

Қатаң:

Ұяң:

Үнді:

6. Тамақ ішер алдында қолыңды . . .

А. дұрыс емес

Ә. жу

Б. жалама

V-нұсқа

1. Дауыссыз дыбыстарды айырып жаз :

Қыздар волейбол ойнады

Қатаң:

Ұяң:

Үнді:

2. «Н», «ң» әріптерінің тиістісін қойып жаз

А . . . шы, ты . . . да, те. . ге, сейсе . . . бі

3. Артық сөзді тап:

А. Ізетті

Ә. Әдепті

Б. Көркем

4. Мақалды аяқта

Көз …. . - қол …… .

А. Жақсы, жаман

Ә. Қорқақ, батыр.

Б. Қозғалмайды, қозғалады.

5. Сөздерге «у» әрпін қосып жаз

Бу, ау, қу, жау, сау,

6 . . . кітап оқыдым.

А. білім

Ә. қызық

Б. жақсы көреді

ІІ тарау . Сөз таптарын қайталаймыз

І- нұсқа

1. Зат есім заттың……… білдіреді

А. Қимылын, іс-әрекетін

Ә. Затттың атын

Б. Сапасын, түрін, түсін

2. Зат есімнің жекеше түрінің сұрағын тап

А. Кімдер? Нелер?

Ә. Кім? Не?

Б. Кіммен? Немен?

3. Көптік жалғауларды тап

А. -дар, -тар, -лар, -лер

Ә. -ды, -ты, -ны, -ні

Б. - ман, -мен, -бен, -пен

4. Жалқы есімдер қатарын тап

А. Жер, қала, есім

Ә. Айгүл, өзен, Атырау

Б. Жайық, Марат, Орал

5. Мына сөздерден адам есімдерін құрап жаз

Гүл, бол, ат, жан, ер, ай, бек, айна.

6. . Балалар кітапханада не істейді?

А. біледі

Ә. жақсы көреді

Б. кітап оқиды

ІІ- нұсқа

1. Етістік заттың ……… білдіреді.

А. Сапасын, түрін, түсін

Ә. Құбылыстың атын

Б. Қимылын, іс-әрекетін

2. Құрамына қарай етістік қалай бөлінеді ?

А. Жекеше, көпше

Ә. Дара, күрделі

Б. Көп, аз

3 . Э, в, ф әріптерінің тиістісін қойып жаз.

. . . мблема, . . . кскаватор, ак. . ариум, . . . скимос, теле. . он

. . . агон, , . ос. . ор.

4 «Эпос» сөзінің мағынасы

А. Әңгіме түрінде баяндалатын шығарма

Ә. Жыр, өлең

Б. Дастан, баяндау

  1. Дыбыстық талдау жаса

Франция, плащ, диван

Қатаң:

Ұяң:

Үнді:

Жуан:

Жіңішке:

  1. Қос қоржынын артып

Тұратын онда бар қылық

Бұл қай әріп?

Оы әріпті қатыстырып сөйлем құра

ІІІ- нұсқа

1. Заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөз

А. Сан есім

Ә. Сын есім

Б. Етістік

2. Тиісті сан есімді қой

Жеті рет өлшеп, . . . рет піш

А. біреу

Ә. бірінші

Б. бір

3. Бес буынды сөзді көрсет

А. оқушы

Ә. билейді

Б. шұғылданады

4Дұрыс жазылған сөзді тап

А. шемодан

Ә. Чемодан

Б. Щемодан

5. б, в, г, ғ, ж, з , дауыссыздары:

А. Қатаң

Ә. Үнді

Б. Ұяң

6. Қосылса 13 арасы

Қандай әріп қарашы

Оы әріпті қатыстырып сөйлем құра

ІV-нұсқа

  1. Мәтін дегеніміз не?

А. Мағынасы жағынан байланысқан ұзақ бір сөйлем.

Ә. Мағынасы жағынан байланысқан бірнеше сөйлем.

Б. Байланыспаған сөйлем

2 . Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап .

А. Биік -аласа

Ә. Алыс-қашық

Б. Баяу-жай

3. Түбір дегеніміз не?

А. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі

Ә. Сөзге қосылатын жалғауды

Б. Жұрнақсыз сөзді

4. Туынды сөзді тауып түбірі мен қосымшасын ажырат.

А. Ғарыш

Ә. Әншілер

Б. Шеңбер

5. Хат кімге арналған. Жауабыңды жаз

Амансың ба құлыным! Сабағыңды қалай аяқтап жатырсың? Сені сағындық. Жазғы демалысқа шыққан соң бізге қыдырып кел. Біздер саған арнап көптеген бақша дақылдарын ектік

Сәлеммен . . .

  1. Бірнеше мағынасы бар сөздерді тап

А. Ат, қара, түс

Ә. Көп, аз, биік

Б. Сөз, сөйлем, әңгіме

V-нұсқа

1. Мәтіннің қандай түріне жатады?

Біздің сынып, кең, жарық, әдемі. Ауасы таза. Сыныпта бірнеше компьютерлер бар. Оқушыларға арналған парталар да жап-жаңа. Мен сыныбымды жақсы көремін.

А. Баяндау

Ә. Сипаттау

Б. Әңгімелеу.

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз

Қиындықтың бәрін . . . қана жеңбек

А. Сән

Ә. Оқу

Б. Еңбек

3 . Сөз құрамына . . . жатады.

А. Дыбыс, үтір

Ә. Түбір, қосымша

Б. Дауысты, дауыссыз

4. «Өжет», «батыл» - . . .

А. Қарсы мәндес сөздер

Ә. Бірнеше мағыналы сөздер

Б. Мәндес сөздер

5. Сенің жазған хатың иесін қалай табады.

А. Хатқалтаның сыртын толтыруыңа қарап

Ә. Хатқалтаны қай пошта жәшігіне салуыңа қарап

Б. Хаттың мғынасына қарап

6. Түбір сөзді табыңдар

А. Жұмыс, қой

Ә. Жұмыс, қойлар

Б. Жұмысшы, қойшы

ІІІ- тарау . Сөйлем

І- нұсқа

1. Сөйлем . . . құралады.

А. Сөзден

Ә. Әріптен

Б. Буыннан

2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет

Ертіс - үлкен өзен. Жайық -балыққа бай.

3. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап.

А. Су, гүлге, Айша, құйды

Ә. Айша гүлге су құйды.

Б. Құйды, Айша, гүлге су.

4. Сөйлем мүшелері дегеніміз . . .

А. Тиянақты бір ойды білдіретін сөздер

Ә. Сөйлем құрамында өзінің алатын орны бар сөздер

Б. Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер

5. Әр қатарға бір сөзден қосып пирамида құрастыр

Гүл өсті

6. Мақалды толықтыр

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға . . . кез

А. жолықсын

Ә. кездессін

Б. болсын

ІІ- нұсқа

  1. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

А. 2

Ә. 3

Б. 4

2. Тұрлаулы мүшелерді тап

А. Анықтауыш, бастауыш

Ә. Бастауыш, баяндауыш

Б. Толықтауыш, пысықтауыш

3. Бастауыш қандай сұраққа жауап береді?

А. Кім? Қандай? Не? Нешінші?

Ә. Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Б. Кіммен? Кімдермен? Немен? Нелермен?

4. Тұрлаулы мүшелерді тап. Астын сыз

Мен сабақ оқыдым.

5. Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?

А. Оқу арқылы

Ә. Сұрақ қою арқылы

Б. Талдау арқылы

6. Мақалды толықтыр.

Оқу- . . . құдық қазғанмен бірдей

А. шегемен

Ә. күрекпен

Б. инемен

ІІІ- нұсқа

  1. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?

А. Зат есімнен

Ә. Сан есімнен

Б. Сын есімнен

2. Баяндауштың сұрақтары:

А. Неге? Кімге? Қайда

Ә. Не үшін? Кім үшін? Немен?

Б. Не істеді? Не қылды? Қайтті?

3. Баяндауышты тауып жаз

Ердің атын еңбек . . .

Шындықты іздеген адам . . .

А. шығарады, табады.

Ә. айтады, барады.

Б. істейді, көреді

4. Қай сөйлем дұрыс жазылған.

А. Менің анам -дәрігер

Ә. Менің -анам дәрігер

Б. Менің анам дәрігер

5. Жалаң сөйлемді тап.

А. Дәрігер емханада ауруды емдеді

Ә. Дәрігер ауруды емдеді

Б. Дәрігер емдеді.

6. Жұмбақтың шешуін тауып бір сөйлем жаз.

Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын
.

А. сұрақ белгісі

Ә. нүкте.

Б. лепті сөйлем

ІV- нұсқа

1. Бастауыштан кейін қандай жағдайда сызықша қойылады?

А. Бастауыш та баяндауыш та сан есімнен болса

Ә Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен болса.

Б. Бастауыш та баяндауыш та сын есімнен болса

2. Сөйлем мүшелеріне талда

Биыл жаз ыстық болды

А. Пысықтауыш, бастауыш, анықтауыш баяндауыш

Ә. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш

Б. Бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, баяндауыш

3. Тұрлаусыз мүшелер қатарын тап

А. Анықтауыш, бастауыш, пысықтауыш

Ә. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш

Б. Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш

4. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап

А. Асан келді.

Ә. Асан мектептен ерте келді

Б. Асан келді. Асан мектептен ерте келді

5. Жайылма сөйлемді тап

А. Қар жауды.

Ә. Бүгін ақ ұлпа қар жауды

Б. Мен келдім.

6. Мақалды толықтырып жаз

«Қына тасқа . . . , білім басқа . . . »

А. бітеді, бітеді

Ә. келеді, келеді

Б. түседі, түседі

V -нұсқа

1. Жалаң сөйлем дегеніміз не ?

А. Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем

Ә. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем

Б. Бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін

2. Айша, сен сабақ оқыдың ба? Мына сөйлемдегі қаратпа сөз:

А. Айша

Ә. Сабақ

Б. сен

3. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз . . .

А. Бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер

Ә. Сан есім, сын есімдерден тұратын сөйлемдер

Б. Тұрлаулы мүшелерден басқа сөйлем мүшелері

4. Тұрлаулы мүшелердің сызба сызықтарын көрсет

А.

Ә.

Б. -

5. Дұрыс қойылған тыныс белгіні тап

А. Сайра кітапханаға барып келейік.

Ә. Жарайды Гүлсезім сенің айтқаның болсын.

Б. Бар жақсылықты саған тілеймін, анашым!

6. Жұмбақтың шешуін тауып, бір сөйлем жаз

Ойды аяқтап орақ тұрады, жауап сөз қалап тұрады.

А. сұрақ белгісі

Ә. нүкте.

Б. лепті сөйлем

ІV -тарау Сөз. Сөз құрамы .

І-нұсқа

  1. Мәндес сөздерді белгілеңдер

А. Үлкен, биік, ұзын

Ә. Арық, жіңішке, жуан

Б. Келбет, рең, шырай

2. «Ақ-қара», «сұйық -қою», «ақылды- тентек»

А. Мәндес сөздер

Ә. Қарсы мәндес сөздер

Б. Бірнеше мағыналы сөздер

3. Қарамен жазылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Кітапханашының аты - Нұргүл

Болаттың аты бәйгеден бірінші болып келді

А. Мәндес сөздер

Ә. Қарама қарсы мағыналы сөздер

Б. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі

4. Түбір сөздің қатарын белгіле

А. Кітапты, оқуды, суды

Ә. Кітап, оқу, су

Б. Кітапхана, оқушы, сулы

5. Жұрнақ қосып туынды сөз жаса

Дәрі, қой, сурет, өнер

6. Дыбыстық талдау жаса: лагерь

А. 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Ә. 2 буын, 6 әріп, 5 дыбыс

Б. 3 буын, 6 әріп, 7 дыбыс

ІІ-нұсқа

  1. Түбір сөзге жұрнақ қосып, туынды сөз жаса.

Етік, кітап, бала, жазу

2. Қосымшаны дұрыс жалға «қала»

А. -лық

Ә -лік

Б. -дық

3. Дұрыс сөйлем құраңдар:

Қарындасым, бүгін, шырқады, ән.

А. 1, 2, 3, 4

Ә. 2, 1, 4, 3

Б. 4, 3, 2, 1

  1. Туынды сөз дегеніміз:

А. Сөздерге қосымша жалғану арқылы

Ә. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы

Б. Жалғаулар жалғану арқылы

  1. Көп нүктенің орнына қай жұрнақ лайықты

Әжем күй . . . , әпкем би . . . , ағам үй . . .

А. -ші

Ә. -шы

Б. -ді

6. Жұмбақтың шешуін тауып, бір сөйлем жаз

Ұранды, шаттықты, өкінішті, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың, шарға ине қадаймын

А. сұрақ белгісі

Ә. нүкте.

Б. лепті сөйлем

ІІІ-нұсқа

  1. Көп нүктенің орнына тиісті түбір сөзді жаз

. . . лы, . . . шы, . . . дана, . . . хана, . . . лік.

2. Сызба бойынша сөздер жаз

; ; .

3. Түбір сөзге қосымша жалғанғанда оның түбірі . . .

А. өзгереді

Ә. өзгермейді

Б. кей кезде ғана өзгереді

4. Түбір сөзді тап

А. ағайын

Ә. ағалар

Б. аға

5. Берілген сөздегі әріптердің орнын ауыстырып жаңа сөздер жаса

Қарлығаш

Балмұздақ

  1. Мақалды аяқта

«Жұмыла көтерген жүк . . . »

А. жақсы

Ә. жеңіл

Б. көңілді

ІV- нұсқа

  1. Жалаң сөйлемнен тұратын мақалды тап

А. Ел құлағы-елу

Ә. Күш-білімде

Б. Талапты ерге нұр жауар

  1. Дұрыс тасымалданған сөзді тап

А. көс-еумен

Ә. кө-сеумен

Б. көсе-умен

  1. Мына сөйлемді қаратпа сөйлемге айналдырып жаз:

Марат сурет салды.

  1. Сөздерге жалғау жалғап жаз.

Өрмекші . . . , парта . . . , дәптер . . . , кітап . . . , сызғыш . . . , жидек . . . , .

  1. Дұрыс қосымша жалғанып жазылған сөзді тап

А. Доп-добы, халық-халқы

Ә. Күрек-күрекі, тап-тапу

Б. Жіп -жіпі, кітап-кітабы

  1. Төрт буынды сөзді тап

А. кітаптар

Ә. көршілер

Б. оқушылар

V- нұсқа

  1. Сөйлем құра, сөйлем ішінен жайылма сөйлемді тап:

А. Шықты, үзіліске

Ә. Биледі, Айнаш,

Б. Барды, дүкенге, апам.

2. Сөйлем мүшелеріне талда Асан атпен алысқа шапты .

А. бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш

Ә. толықтауыш бастауыш, , пысықтауыш, баяндауыш

Б. пысықтауыш бастауыш, толықтауыш, , баяндауыш

3. Жалғау . . .

А. Түбір сөздің мағынасын өзгертеді

Ә. Сөз бен сөзді байланыстырады

Б. Сөйлемнің мағынасын өзгертеді

4. Жұрнақ . . .

А. Сөз бен сөзді байланыстырады

Ә. Сөйлемнің мағынасын өзгертеді

Б. Түбір сөздің мағынасын өзгертеді

5. Түбір сөздерді тап

А. Аға, ерлік, ұшқыш, балық, жыршы

Ә. Аға, жыр, ұш, ер, бал

Б. Ағайынды, жырла, бала, ұшақ, ермек

6. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөздің тыныс белгісі

А. Қаратпа сөзден кейін сұрақ белгісін қоямыз.

Ә Қаратпа сөздің екі жағына үтір қоямыз.

Б. Қаратпа сөзден кейін леп белгісін қоямыз.

V- тарау. Cөз таптары. Зат есім. Етістік

І- нұсқа

1. Сөз таптары қатарын тап

А. Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, баяндауыш

Ә. Бастауыш, зат есім, баяндауыш, етістік

Б. Зат есім, етістік, сан есім, сын есім

  1. Зат есімді тап

А. Қызыл

Ә. Алма

Б. Алдым

  1. Кім? сұрағына жауап беретін қатарды белгіле

А. Нағашы, жиен, гүл

Ә. Аға, апа, ата.

Б. Бала, кітап, қалам

  1. Нелер? Сұрағына жауап беретін қатарды белгіле

А. Қыздар, оқушылар, адамдар

Ә. Балықтар, гүлдер, балалар

Б. Ойыншықтар, қойлар, жылқылар

  1. Бөліп жаз:

Нұрланқызы, Жезқазған, Балқаш, Орал, Жайық, Атырау, Серікұлы, Ертіс, Ибраһим.

Адамның аты-жөні:

Өзен-көл аттары:

Қала аттары:

6. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Кел, келді, келме

А. Зат есім

Ә. Етістік

Б. Сын есім

ІІ- нұсқа

  1. Жалқы есімді жалпы есімге айналдырып жаз:

Астана-

Қарағанды -

Панфилов-

2. Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А. Дара, күрделі

Ә. Негізгі, туынды

Б: Жекеше, көпше

3. Көптік жалғауы дұрыс жалғанған қатарды тап.

А. Балалар, аудандар, кемелер, теңідерз, көйлектер.

Ә Баладар, аудандер, кемелар, теңіздар, көйлекдер

Б. Балалер, аудантар, кемедер, теңіздар, көйлеклер

4. Негізгі зат есімнен туынды зат есімге айналған қатарды тап.

А. Кітаптар, егінді, баланы, орны,, өнермен

Ә. Кітапты, егіндер, балалар, орындар, өнерде

Б. Кітапхана, егінші, балапан, орындық, өнерпаз

5. Тәуелдік жалғау нені білдіреді?

А. Заттың көп екенін

Ә. Заттың біреуге тәуелді екенін

Б. Заттың аз екенін

6. Сөйлемді дұрыс толықтыр


Ұқсас жұмыстар
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Жылдық жұмыс
Үйірме отырысын барысы
Бастауыш сынып мұғалімдері
Мен және менің отбасым жайлы ақпарат
Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары
Пән мұғалімдері
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Программалау тiлi. тiлдiң алфавитi. программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi
Дүниетану пәні бойынша тест жинағы. 4-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz