8-сынып әдебиет пәні: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы және Абай дәстүрімен үндес лирикасы

БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»

Әдебиет пәнінен ашық сабақ. 8 сынып .

Мұғалім: Калиева Толқын Райхановна

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі : Іздену-зерттеу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері : Интерактивті (сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу), СТО (Венн диаграммасы, топтастыру ) .

Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, «Шәкәрім шыңы» - тау суреті салынған плакат, жапсырма қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі :

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:

  • Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығарма-

шылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылауға тырысамыз.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ . . . өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», -деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» Интерактивті тақтадан Шәкәрім туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім бойынша өз білімдерін ортаға салады.

3. «Ассоциациялық аймақ» кестесі . Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.

4. «Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ». Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату )

Абай ұқсастығы Шәкәрім

5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.

-Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.

Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:

Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол, жастар бергенім.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Бұған ұйқасты өлең сөз керек,

Өзіне орайлы,

Ән-өлшеуіш

Өлең - күміс

Қоспаңыз мыс аралас.

Абай: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

6 . Сергіту сәті.

Мұғалім сөзі: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы. Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық», «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т. б. әндері бар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй», -деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік. ( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады) .

7. Мағынаны ашу «Ойлан, тап». Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани -адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды. Тақтаға назар аударыңдар. Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер .

Сұрақтары:


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикасы: өмірі мен шығармашылық идеялары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: қорытынды сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: сабақ жоспары мен әдістемесі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: іздену-зерттеу сабағының жоспары
Абай лирикасы: өмірі, шығармашылығы және көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім оқулары: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы және аудармашылық мұрасы (М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, 18 қазан 2023)
Шәкәрімтану: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы және тәрбиелік-танымдық сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: Жолама қулар маңайға және Адамдық борышың өлеңдерін талдау
8-сынып Қазақ әдебиеті: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz