Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы- өз тәжірбиесі

КІШІ ТОПТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

АМАН КҮЛСІН
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Басықара ауылы,
№8 «Тілашар» балабақшасының тәрбиешісі

«Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің
алдымен қолданатын жолы- өз тәжірбиесі».
М.Жұмабаев

Мақсаты: педагогтардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру,балалардың
математикалық түсініктері мен алғашқы ойлау ептіліктерін қалыптастырудың
жолдарын ұсыну.
Міндеттері: баланың жан-жақты дамуының қамтамасыз ету, ойлау
қабілеттерін дамыту,тәрбиеленушілердің өмірқызметін ұйымдастыру
Нәтижелігі: болашақта интеллектуальды дамыған жеке тұлға
қалыптасады
Баяндама құрылымы:
1. Кіріспе
2.Кіші топтағы баланың ерекшелігі
3. Баланың математикалық түсініктерін,ойлау операцияларын туындататын
жаттығулар мер әдістер түрлері
4.Қорытынды
5.Пайдаланған әдебиеттер

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз
келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен
немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз
ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз
бүгінгідей биікке көтерілдік» деді Қазақстан Республикасының Президенті
жолдауынанда . Қазіргі балабақшалардағы балалар мен жайы ,балалармен
жүргізілетін жұмысы басты назарда. XXI- ғасыр білімділер ғасыры
болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан-
жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды
міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі
тәрбие ошағында беріледі.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы
адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби
жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және
жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау,
ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып
табылады. Осы қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы
білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Балабақашаның міндеті - оқыту- тәрбиелеу жұмысында балаларды дамыту,
сөздік қорларын молайту, ақыл-ойын толық дамыту. Ақыл- ойы толық дамыған
мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез
қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол
себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау
қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл
бөлінеді. Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына
ерекше көңіл бөлінеді .. Сабақ - әр мұғалiмнiң шығармашылық жұмысы.
Мұғалiмнiң кәсiби бiлiмi қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген
тәрбиеленуші де соншалықты ақыл-ойы дамыған ,сауатты болады. Көп iздену,
дайындалу, көрнекiлiктер, қосымша әдебиеттердi орынды қолдана бiлу –
тәрбиешінің негiзгi мақсаты
Топқа баланы қабылдап бастаған кезде олардың физиологиясына назар
аудару керек. Мысалы мен жылда 2-3 жас балаларды қабылдағанда балалар аса
сергек болады, айналадағы заттарды тыным таппай түсінгісі келеді, айналамен
қатынас жасап талпынады, қиялдары - қызық, тілдері бал десе де болады. Он
екі мүшесі толық жетіліп, мың бұралып қозғалысқа келгенін былай қойғанда,
өздері тоқтамай жүгіреді ,билеп беруге бар. Бұл жастағы сәбилердің де жүріс-
тұрысының бәрі де сән! Айналадағы табиғатты тануы - қандай тамаша болса,
көрген-білгендерін айтып берер тілі де -сондай шұрайлы бастайды. Оның
психологиясындағы аңғарғыштығы мен сезінгіштігі соншама нәзік күйіне
ауысады. Тәрбие үстінде сонау бір ғажайып қасиетті барынша сәтті
пайдаланса, оның берер жақсылығы көп.
Менің айтайын деп отырғаным өзімнің тәрбиелеп отырған кіші тобындағы
балармен өткізген ,жүргізген әдістер жайында .Тәрбиеші ретінде балалармен
жұмыс жүргізетін кезде пайдаланатын көрнекіліктерім, айтылатын заттар
орнына қолдана алатындай заттарым неғұрлым көрнекті болғаны жақсы, ал ол
болса, балалардың қиялдауы мен ойлауын дамытады.Есеп сабағын жүргізгенде
мен тәрбиешілерге мыналарды ұсынамын :
1.Пішіндер әлемі
Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып
дайындаймын және балаларда көлем,пішін,саны жайында түсінік
қалыптасады.Бала сипаттағанда :
«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен», «кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,
«биік – биігірек – ең биік», «ауыр – ауырырақ – ең ауыр», «жеңіл –
жеңілірек – ең жеңіл», «терең – тереңірек – ең терең», «жарық – жарығырақ
– ең жарық», «қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т.б. тиісті
салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс
өзіндік дербес қолдануға үйретемін.
2. Ортақ бір белгісіне қарай жіктей біл ойны
Сабақ өткізу үшін карточкаларды немесе заттарды топтауға арналған
қатты қағаздан кесілген және түрлі түсті сымнан жасалған әр түсті үш шеңбер
баулар дайындау қажет.
Жіктеудің ең қарапайым түріне нақты заттардың атаулары бойынша жіктеу
жатады: мысалы, балалар ойыншық топтарының ішінен көліктерді, аңдарды,
қуаршақтарды, доптарды және т.б. таңдай алады.Кіші топ жасының ерекшелігін
ескере отырып ең оңай түрі – жалпы ойыншықтардың іштерінен көліктерді
таңдап алу, ойыншықтарды көлеміне, ақшыл түстісінен қоңырқай түстісіне
қарай бөлу,яғни түс ажырата білу.
3. Санына қарай салыстырайық ойыны
. Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде
аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра
бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.
4.«Жеуге жарайтын – Жеуге жарамайтын» ойыны
Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына
байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады: тірі – тірі емес, қозғағышы
бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар – дөңгелегі жоқ және т.б.
5.«Лото» ойыны.
Лотоларды тәрбиеші кітаптар мен журналдардың суреттерінен ,
компьютерде салып ,принтермен басып шығарылған карточкалар,дайын жетондар
да қолдану арқылы жасауға болады. Карточкалар жиынтығынң бірнеше бөлімі
болуы мүмкін.
1) Әрбір бала ортақ атаумен біріккен (көліктер, кемелер, балықтар,
жылқылар және т.б.). суреттерді жинайды.
2) Түрлерінің ұқсастықтарына қарай. Әрбір бала қандай да бір
геометриялық пішін таңдайды және соған ұқсас заттар бейнеленген
карточкаларды таңдайды.
3) Карточкаларды түсіне қарай іріктеу.
4) Зоологиялық лото. Балалар суда, солтүстік жақтарда өмір
сүретіндерге, ұша алатындарға және т.б. бөліп таңдай алады.
5) Көлік. Балалар оларды адамдардың қозғалысына көмектесуіне қарай
жіктей алады.
6) Кімге не керек? Қыздар мен ұлдардың киім түрлерін іріктейді.
7) Бұл қашан болады? Балалар жыл мезгілдерін көрсететін карточкаларды
таңдайды.
8) Техника әлемінде. Балалар заттарды электрлік және механикалыққа,
дөңгелегі бар және дөңгелегі жоқтарға жіктей алады.
6.«Төртінші артық» ойыны.
басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау
немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде
басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды, мысалы: 3 шеңбер ,1
төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)
7. «Мені анықта» ойыны ( маңызды белгілер – анықтау негізі)
Әрбір заттың, тірі жанның көптеген белгілері бар. Мен мынадай ойын
ойнатамын. Тәрбиеші айтады «Балалар,мен қазір белгілерін атай отырып,
сендердің біреулеріңді суреттеуге тырысамын, ал сендер менің кім туралы
айтып тұрғанымды анықтауларың керек.Кәне бастаймыз. Ол ұл. Оның шаштары
қара түсті, көздері қоңыр,шалбарында 2 дәу түйме бар. Ол футбол ойнағанды
жақсы көреді. Ол бүгін джинсы және тор көзді көк көйлек киіпті.Кім ол?
Балалар кім екенін ойлай бастайды да бір-біріне қарай бастайды.Бұл
ойын аңғарымпаздыққа үйретеді.
«Иә, бұл Асқар. Асқар мен Арманның қандай қандай ұқсастықтары бар?
Олардың қандай айырмашылықтары бар? Енді Кәмшат біреуді суреттеп берсің.»
8.«Мен не жасырдым?» ойыны. Балалардың алдына 3-4 түрлі заттар немесе
қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды
немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын
карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә»
деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп
немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын
жеңілдетеді.
9. Логикалық тізбек ойыны
Мысалы мен 2 қызыл шеңбер ,2 жасыл үшбұрыш қоямын ,бала арман қарай
ойланып тізбекті жалғастыру керек ,яғни ол 2 қызыл шеңбер мен ,2 жасыл
үшбұрыш қойып жалғау керек.
Болмаса 3 жеміс суретін ,1 машина суретін қоямын ,бала жалғасын табу
керек
Балаларға қатарлардың құрылу заңдылығын және келесі немесе жетіспейтін
қатар мүшесін табуды қажет ететін бірнеше тапсырма беріңіз.
Ең қарапайым түрі: бір түс белгісі – түсі (қызыл – көк – қызыл –
көк...), түрі (шеңбер – шаршы – шеңбер – шаршы...), көлемі (үлкен шеңбер –
кіші шеңбер...) бойынша.
10. 10-ға дейін санау ойыны .
Бала 1-10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты
қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау,немесе түрлі санамақпен
жаттатамын
11. « Бері -Кері қарай айтыспақ » ойны
Балаларға белгілі бір ертегіні («Шалқан», «Бауырсық») «артынан
алдына», «соңынан басына» қарай айтып беруді ұсыныңыз. Ертегіде кездесетін
кейіпкерлерді ретімен айтып шығу .Егер бала қиналса, оған көмек ретінде
үстел үсті сахнасының пішіндерін немесе ертегі бойынша желілік бейнелер
топтамасын беруге болады.
12. «Орнынды тап» ойыны
Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап,қасқырым аш» деп балаларды
ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік
номерімен тауып алу керек
13. «Қойма» ойыны . Мына жерге салыңдар!
Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді. Мына
жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады .Балалар ойыншықтарын,карточкаларын
жинай бастайды ,Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір
жерге жинап қойдың ба? Сенің лақтарыңнана түк те қалмас: қасқырлар
лақтарды жеп қояды ғой !» ,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді
14. «Қажет суретті тап».
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа
арналған ыдыстар, пластелиннен жасаған заттар , конфет, бауырсақ, т.б.
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен
суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка
немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен
тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды.
Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз
қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.)

Қорыта айтқанда, тәрбиелеу-оқыту үдерісінде бала педагогтың тығыз
байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады,
зияткерлігі, құзыреттілігі дамиды, зейіні, байқағыштығы шоғырланып, тіл
байлығы, сөздік қоры дамиды , жеке тұлға болып дамиды, ой-өрісі кеңейеді,
жан-жақты дамиды.
Әр тәрбиеші, әр педагог өз жұмысына құзыретті ,шығармашыл, қабілетті,
креативті болса, онда болашақта Қазақстан Республикасының болашағы
көркейіп, дамыған 50 елдің қатарына қосылар едік. Балабақшада шығармашылық
негізін салуға атсалысқанымыз абзал.
-«Баланы жасынан» - дегендей, мектепке дейінгі кезең-баланың іс-
әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше
құнды,қайталанбайтын мезгіл.Бұл мезгіл ішінде балаларға берілетін білім мен
тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс.Осыған орай
бала тірбиелік және интелектуалдық жағынан дамуы айналадағы дүниемен
,табиғатпен,өз-өзімен,басқа адамдармен т.б. Өзара белсенді әректтік қарым-
қатынаста болу арқылы қалыптастыруға көмектесеміз, бесікті түзеңдер,
дәріптеп, дамыған ел болайық ! -демекпін.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». –
Астана қ., 2004.
2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
3. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д.
Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет
4. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ЗЕРЕК БАЛА»
5. Интернет материалдары

-----------------------
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
№ 4 «Тілашар» балабақшасы

«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі»
конференциясына

Баяндама:
КІШІ ТОПТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Дайындаған: Аман Күлсін,

Тәрбиеші
Секциясы :
Мектепке дейінгі және бастауыш білім
берудегі жаңалықтар, тәжірибелер тиімділігі

2011 жыл
Басықара ауылы

Ұқсас жұмыстар
Баланың періште әлемі - тәрбиешінің бақыты
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы бала тілін дамыту
Күршім орта мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Менің педагогикалық қызметім
Қазақстан жолы - 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту
Эссе. «баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты»
Бос уақытты ұйымдастыру
Кәусар балабақшасы
Пәндер