Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Таным белестері
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектебі: №54 орта мектебі Мерзімі: 07.09.17 Сабақ № 1
Тақырыбы: Таным белестері
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: өзіне-өзі сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі құрметтеу
Педагог: Барлыбаева Г.К.
Сынып: 10 <<А,Ә>> Оқушылар саны:
Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру.
- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту
- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру.
Ресурстар: (инструментарии, мағлұматтар)
оқулық, инт.тақта, <<Өміріңе немқұрайлы қарама>> әні
Сабақ барысы:
Ұйымдастырушылық кезең
1.Тыныштық сәті. <<Нұрға бөлену>> ♫
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: << Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын>>. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзді ашуға болады.
2. Үй жұмысын тексеру
<<Жаз>> тақырыбына әңгімелесу
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.
Иоганн Гете
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Өзін-өзі қалай тануға болады?
4.Әңгімелесу Н.Р.Күнхожаевтың <<Өмірлік бағыт>> атты мақаласы
Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты - оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзін жетілдіруде, өмірде және қоғамда өзорныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады.
Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан аадм өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады:
oo Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;
oo Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
oo Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
oo Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз;
oo Ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
oo Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.
Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауға әкеледі.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Мәтін не туралы?
2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?
3. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс
Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар.
oo Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.
6. Топтық ән айту.
<<Өміріңе немқұрайлы қарама>> Дәрібаевтар
7. Үй жұмысы. №2 сабақ
Б.Әлжақсыұлының <<Тоғыз жауың тағы бар...>> өлеңін оқу
8. Соңғы тыныштық сәті. ♪
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz