Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Білімнің күні

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 1 сыныпта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың
ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, слайд.
 
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол,
осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз
білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып 1
сыныппен қоштасқалы отыр.
        
          Бесіктегі баланың, күлгенін көрген-бір бақыт.
         Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, 1
сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп,
тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
 
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
 
«Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге
самғаңдар» деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
 

Бәрі:
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
12-іміз.
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
 
Гүлімдейміз.
Таланттымыз,
Қанаттымыз,
Жақсы оқимыз сабақты
Біз бір сыныппыз.

 
Мұғалім: «Мектеп – білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз мектеп басшыларына жолданады)
 
Мұғалім: Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған 1
сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше, осынау
балапандарымыз қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-
аналарына өздерінің 1 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге
дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!
 
Бекарыс: Бала шаққа болашақты  жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
 
Жасмин:   Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
 
Тамерлан:          Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне 1-ші сыныппен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!
 
Аружан:    Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр-алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
 
Камилла: Ертегілер еліндей болған, бал балалық шағымыздың куәсі – 1-ші
сыныппен қоштасу кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді осы
ертегіге сенген күндеріміздің белгісі ретінде «Ертегілер елінде» әнімен
бастайық.
Ән. «Ертегілер елінде»
 
Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады.
 
Т.Максат: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
 
Камилла:  Мектебім – білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 1жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
 
А.Максат: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң  ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Мектебім – сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ,  мен – қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
 
Бейбарыс: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік  кеп.
Райымбек:         Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
 
Адимир:    Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
 
Аян: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
 
Назылы: Ойланып есеп шығардық,
Амалдарды орындап.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
 
Т.Максат: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
 
 
Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
                 Сенімдердің айналыңдар серперіне.
                 Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
                 Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
                 Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
                 Аластайтын жаныңды күз көңілден.
                 Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
                 Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
 
Хор: «Біз - Отаннаң ұланымыз!»
 
Аружан:    Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
 
Бәрі:                    Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                            Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ұқсас жұмыстар
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Білім – ақиқат бастауы
Білімді шәкірт - ұстаз мерейі
Кітап туралы оқушы білімін жинақтау
Алғашқы қоңырау
Тапқыр достар. 2-сынып
Қазақстандағы халық ағарту ісі. 8 сынып
Ұстаздарға мың алғыс
Қош бол, сүйікті бастауышым
Кітап білім бұлағы
Пәндер