Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Ойнайық та, ойлайық

Техналогиялық карта

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты:

-балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту;

-танымдық білімдерін кеңейтіп, төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

-ойын - тапсырма арқылы балалардың сөздік қорын байыту;

-сөйлеу белсенділігін артттыр;

-қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту;

-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Іс-әрекеттің

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері
Балалардың әрекеттері
Іс-әрекеттіңкезеңдері:

Мотивациялық

кезеңі

Тәрбиеші әрекеттері:

Тәрбиеші балаларды көктем туралы білімдерін сұрап бекітеді.

Құстардың суреттерін пайдаланып, атауларын балалардан сұрайды.

Тәрбиеші қонаққа келген гүлде отырған Түйме қызды балаларға көрсетеді.

Жалмауыз кемпір топқа кіреді. Амандасады. Гүлге ғашық болып, ұрлап алады. Тәрбиеші жаңа гүлді өсіруге мүмкіндік бар екенін айтады. Ол үшін су керектігін айтады.

Балалардың әрекеттері:

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,

«Нан қоқымы» тақпақты айтып береді. Құстардың суреттеріне қарап атауларын атайды.

Балалар Түйме қызбен амандасады.

Балалар гүлді өсіру үшін

қандай мүмкіндік бар екенін

тыңдайды.

Іс-әрекеттіңкезеңдері:

Ұйымдастыру-

іздеу кезеңі

Тәрбиеші әрекеттері:

Тәрбиеші Жалмауыз кемпірге суды балалардың білімдеріне айырбастауын ұсынады. Жалмауыз кемпір келіседі.

1 тапсырма: «Оқу құралдарын ата»

2. тапсырма: «Үй жануарларын ата»

3. тапсырма: Ойын «Жабайы жануарлар»

4. тапсырма: «Ұлттық киімдерді ата»

Сергіту сәті

5. тапсырма: «Жануарлар сияқты қимылда»

6. тапсырма: «Түстерді ажырат»

7. тапсырма: Ойын «Төлін тап»

8. Жабайы құстар мен үй құстарының айырмашылы мен пайдасы қандай?

Балалармен жұмбақ жасыру арқылы үй жануарларымен құстардың атауларын бекіту.

Жалмауыз кемпір әрбір тапсырма орындалғаны үшін 2 стакан судан береді.

Балалардың әрекеттері:

Балалар өз білімдерін суға айырбастауға келісім береді.

Оқу құралдарын атайды.

«Мынау не?» деген сұраққа жауап беріп, жабайы жануарлардың атауларын атайды ( қоян, тиын, қасқыр т. б. ) Балалар әрбір жабайы жануардың қалай қимылдайтынын көрсетеді.

Құстардың пайдасын айтып береді.

Іс-әрекеттіңкезеңдері:

Қорытындылау-

түзету кезеңі

Тәрбиеші әрекеттері:

Жиналған суды гулге құйғанда 10-ға дейін тура кері санау ұсынылады.

Гүл әдемі болып өседі. Жалмауыз кемпір риза болып кетеді.

Тәрбиеші Түйме қызды жаңа гүлге отырғып Түйме қыз алғысын білдіріп, балалармен қоштасады.

Балалардың әрекеттері:

Балалар суды құйғанда, 10-ға дейін тура кері санайды.

Балалар тамсаңа қарайды.

Балалар Түйме қызбен қоштасады.

Күткен нәтижелер:

Білуі:

-тақырыпқа лайық сөздерді, сөз тіркестеріді білу;

-жабайы құстар мен үй құстарының бір-бірінен айырмашылығы туралы білу;

-түстерді, ұлттық киімдердерді, оқу құралдарын ажырата білу.

Болуы:

-үй жануарларының адамға әкелетін пайдасы туралы білімдері болуы;

-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдері болуы.

Істей білуі:

  • «Нан қоқымы» тақпақты мәнерлеп айта білу;
  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айта білу.

Батыс Қазақстан обылысы. Орал қаласы. Чапаев ауылы.

№1 ОЖББМ мектепалды даярлық топ жетекшісі Б. Н. Кулмагамбетова


Ұқсас жұмыстар
Алтын күз: тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шағын топтағы тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қыс қызығы
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көңілді қыс
Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту саласындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дәрігер Айболит бізде қонақта: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Көгалда серуендеген балапандар тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Денсаулыққа бағытталған дене шынықтыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Балабақшаға арналған Бауырсақ ертегісіне негізделген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Есеп тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Таным - Математика)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz