Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рухани құндылықтар

Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудағы
рухани құндылықтар.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту
жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар
мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін
сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін
қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі
ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу –
бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің
бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру –
бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене
мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажет.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп
мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі
әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі
де болуы тиіс.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ
мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене
мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке
байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының
өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты
шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және
әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген
құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18
мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты
сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене
тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер
туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және
әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене
тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар,
педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №1 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі Боқаев Әбу Закарияұлы

Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің тәрбие жұмыс жоспары
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Тәрбие жұмыс жоспары
Жылдық тәрбие жоспары 9 сынып
Оқушылардың салауаты өмір сүру салтын қалыптастырудағы физика пәнінің рөлі
Аулақ бол жаман әдеттен туралы
Өмірде бақыттысың денің сауда
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Пәндер