Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бізді қоршаған әлем
Тақырыбы: Бізді қоршаған әлем
Мақсаты: 1) Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік
көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау,
ардақтау біздің мін-
детіміз екенін түсіндіру.
2) Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін
асқан
байлық, қайталанбас қазына екенін,
денсаулықтың қорғаны
екенін ұғындыру.
3) Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға,
қоршаған ортаны
ластамай сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үн қағаз, табиғат туралы нақыл сөздер, табиғат туралы
сурет-
тер
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру
Түрі:
Жүру барысы:
- Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:
"Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру- парыз- деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді
қоршаған әлем туралы білуіміз керек.
Мынау біздің үн қағазымыз. Ол бес беттен тұрады. Әр беттің өз тілшісі
бар.
1 бетте-бала көңілсіз, ол неге көңілсіз. Ол үшін сөз тілшіге береміз.
1-ші тілші. Ауа туралы жұмбақ айтады
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына.
(ауа)
- Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?
Балалар ауа туралы такпақ айтады.
Балаларға сұрақтар беремін.
-Ауа арқылы не болады?
-Грипп
-Ауаны не ластайды?
-Машина түтіні т.б
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге
жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. өсімдіктер мен
жануарларға да таза ауа керек.
Сондықтан ауаны таза ұстау керек. Ауа таза болса баланың көңілі шат
көңілге бөленеді.
2-ші бетте микробтар тұр. Оларды біз тазарттық.
3-ші шеңберге тілші сөйлейді.
Балалар кімнің ән тыңдағысы келеді, кімдер билегісі келеді? Қандай әншіні
білесіңдер?
Балалар өз өнерлерін ортаға салады. Балаларға дыбыстар туралы
түсіндіремін. Қатты дыбыстар адамға зиянды. Қатты дыбыс адамның құлағын
кемітеді. Мына белгілер сол үшін керек. Жағымсыз дыбыстарды қалай жоямыз.
Оларды жайлатамыз деп стрелкаларды аламыз.
4-ші шеңберге тілші: Су туралы жұмбақ айтады.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді-ол не?
(су)
Су жайлы қандай мақал-мәтелді білесіңдер?
Су қалай ластанады? Мына дақтар микроптар. Ал, енді балалар бұл суды
тазалайық. Суды біз барлық тірі жанға пайдаланамыз. Су бар жерде тіршілік
өмір бар. Су туралы мағлұмат айтып суды микробтан тазалаймыз. Суымыз тап-
таза болды.
5-ші шеңберге тілші сөйлейді:
Балалар табиғат туралы қандай тақпақ, тыйым сөздер, пікір айтамыз.
Балалар:
1. Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар қызық табиғаттан таралыпты
2. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі.
Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға
жан-жануарға береді.
Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-
діктер туралы тақпақтар айтады.
Ал, мінекей, балалар біздің 5-ші шеңберіміз де микроптан тазаланды.
Орнына көбелек, құстар, аңдар, жәндіктерді т.б ілеміз.
Енді мына баланы қараңыз. Ол енді күле ме екен. Олай болса күліп
тұрған баланы қарайық.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік
қой деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді
екенбіз. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе
білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де
сүйе алмайды.
Бәрі хормен: Табиғаттың панасымыз
Түйіп айтып сөзіміз
Табиғаттың панасы
Біздің мына өзіміз.
Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі
байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде
де, тау мен тас та кіреді. Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат
деп аталады. Осы әлемнің ішінде барлығымыз бармыз деп аяқтаймын.
Тақырыбы: Мен әдепті баламын.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке,
өз халқынынң
салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен аулақ
болуға
тәрбиелеу.
Білімділігі: Адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра
отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл
байлығын,
таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, нақыл сөздер, автобус
Түрі: Саяхат
Ұйымдастыру кезеңі: І. Кіріспе бөлім.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. әдептілік-
адамдардың өзара жақса қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы
әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа
кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт
"Әдепсіз екен" дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қалады.
Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немеме білмей
бұзады. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде
үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн.
Ол әдептіліктің белгісі болыцп табылады. Үйде әжелерің, аталарың "Үлкенді
сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес" деп
үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала- нағыз
әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр
жүк көтеріп келіп жатқан адамдарға жол беру қажет. Балалар, сондықтан бүгін
біз сендермен "Әдептілік әлемі еліне" саяхат жасаймыз. Саяхатымызға әр
түрлі аялдамалар бар. Келесі аялдамаға өту үшін ондағы тапсырмаларды
орындап отыруымыз керек. Саяхатқа автобуспен шығамыз.
ІІ. Негізі бөлім.
1-аялдама: "Сәлем сөздің анасы"
Бұл аялдамада мынадай тапсырмалар беріледі.
А) "Сәлем бере білейік!" (көрініс)
Автор: Көшеде кездесіп сөйлеп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы
мұжық өтіп бара жатыр иіліп, бар ұрып сәлем береді.
Мұжық: Ассалаумағалейкум.
Автор: Үлкен әкім мұжыққа одан да төменірек бас ұрып сәлем алады.
Әкім: Уағалейкумассалам.
Мұжық: Деніңіз сау ма? Аман-сенсіз бе?
Әкім: Құдайға шүкір аманбыз.
Автор: Қасындағы бай.
Бай: -Тақсар, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа
неге сонша бас ұрасыз? Дейді.
Автор: Сонда әкім:
Әкім: Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткен-
де, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?
Автор: депті
" Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі- келіп-кетіп жүргені"- деп халқымыз бекер айтпаған
болар.
Сәлемдесуге байланысты жағы қандай сөздерді білесіңдер?
1-бала: Көшелерден біз өткен
Ата көрсем
Жақын кеп
Сәлем берем ізетпен
Ассалаумағалейкум!-деп
Алдан әже жолықса
Бөгелем де әдейлеп
"Есенсіз бе, әжей!-деп
Кім кезіксе көшеде
"Таныс емес" демеймін
Аға, тәте көше
Сәлематсыз ба! деймін.
Сәлемдесуге байланысты мақал-мәтелдер айту
2-бала: Алыстан сәлем береді
Әдепті елдің баласы
Аманы түзу-заманы түзу
Сәлем сатулы емес.
2-аялдама: "Кішіпейілділік-кісілік белгісі"
Бұл аялдамада үлкен кісілерді қалай күту креек екенін көрсетеді.
Бала: Ата, әже, келіңіздер, төрлетіңіздер! Астарыңызға көрпешелер салайын,
отырыңыздар.
Ата: Оу, балам, үлкен азамат бол!
Әже: Алланың нұры жаусын, жақсы азамат болып өс!
Бала: Әпке, сәлеметсіз бе? Жоғары шығыңыз.
Әпке: Рахмет, інішек
Бала: Аға келіңіз, төрге шығыңыз
Аға: Көп жаса, бауырым
Бала: Оу, нағашы аға! Қош келдіңіз, төрлетіңіз.
Нағашы: Жиенжан, көп рахмет. Арманыңа жет.
Ал балалар осы кішіпейілділік туралы қандай сөздер білесіңдер:
1-бала: Анам маған үлкенді сыйла,-деген
Сол сөз маған ізгілік құйған екен
Үлкендермен ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем
Атамнан қалған мұра-ізеттілік
Арымды соған қойған күзеттіріп
Адалдық- менің сәби айбарым ғой
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
3-аялдама: "Сиқырлы сөздер әлемі."
А) Бұл "Сиқырлы сөздер әлемінде" сиқырлы конверттер бар. Ол конвертте
мынадай сөздер жазылған: рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, өтінемін. Осы
сөздерге байланысты мысалдар айту керек.
1-Бала: Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
-Не деп барып жеу керек? Рахмет!
2-бала: Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай-шу
Сенде шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай
-Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз?
3-бала: Әжең сенің түскі асқа
Қант-кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
-Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па
Добын апар назардың!
Деді ағаң, бармадың
Тапжылмадың, сазардың
Аған тілін алмадың? Жарайды!
4-аялдама:"Үлкенге құрмет, кішіге ізет"
Бұл аялдамада "Автобустағы оқиға" көрініс көрсету
Автор: Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында
көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет ларды көрмеген
болып терезеге бұрылды. Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді.
Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің
қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жок.
Автобустың оң жақ терезесінің жанындағы орындықта отырған Есен таяқ
ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды.
-Отырыңыз ата,- деді ол үлкен кісіге
- Рахмет балам. Көп жаса, өркенің өссін,- деп жатыр.
-Отырың әжей- деп Айман да өз орнын берді
-Ой рахмет айналайын, сабағыңды беспен оқы
Автобус ішіндегі жолаушылар Есен мен Айманға қатты риза болды.
- Не деген әдепті бала!-десті олар сүйсініп
Балалар әдептілік туралы кім не біледі?
1-бала: Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің
2-бала: Әдепті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді
Әдепсіз бала күйеніш
Төбендеп басын кетеді.
3-бала: Әдепті бала - арлы бала
Әдепсіз бала -сорлы бала
4-бала: Әдепті бала ата-анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек .
5-аялдама: "Күндей болып жарқырайық"
Бұл аялдамада күнді бұлттар басып кеткен. Осы бұлттардан күнді тазартайық.
Бұлттардың артында ата, әже, аға, апа, іні. әке, ана суреттері бар. Сол
суреттерді жақса тілектер айтып тақтаға іледі.
Ата- Мен атамды жақсы көремін. Атамның айтқан тілін аламын.
Әже- Мен әжемді өте жақсы көремін. Әжемді мен қамқорлап жүремін.
Ана- Мен анамды жақсы көремін. Анама мен үнемі көмектесемін.
Әке- Мен әкемді жақсы көремін. Мен әкеме көмекші боламын.
Апа- Мен апамды жақсы көрем. Апам маған қамқоршы болады.
Аға- Мен ағамды жақсы көремін. Мен ағамның айтқан тілін аламын.
Іні- Мен інімді жақсы көремін. Інімді жылатпаймын. Ойнатамын.
Ал балалар, бі осы күндей жарқырайық.
Хор: Біздің топта ұл – қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз
Ата-ананы тыңдайық
Айтқанынан шықпайық
Ал, достарды қолдайық
Қиын шақта қорғайық
Топ-топ 2 басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн.
Қорытынды: Балалар сонымен әдептілік деген ар-ұяттың белгісі, адамдық
қасиеттердің көрінісі. Адам бойында жақсы және жаман қасиеттерболады екен.
Бізге адамдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті үлкендер үйретеді. Оны
бізге ақжаулықта аналарымыз ақ сүтін бере отырып ана тілімен үйретеді. Адам
болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақ
болуымыз керек. Сонда біз әдепті бала боламыз.
Кенбай орта мектебі
Айналамен танысу
(ашық сабақ)
Тақырыбы:"Күз жомарт"
Дайындаған: Берменова Қ
Да сыныбы
2011-2012 ж
Сабақтың тақырыбы: Күз Жомарт
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейтуге,
жыл
мезгілінің ерекшелігін түсіндіре
отырып, тіліндамы-
туға, күздегі табиғат сұлулығына
назар аударту.
Балаларды күз сыйы көкөністермен,
жемістермен
таныстыру. Үлкендердің еңбегін
құрметтеу, олардың
еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен
қарауға тәрбиелеу.
Білімділігі: Ойлау қабілетін дамытуға, тіл шеберлігін
білімге деген
құштарлығын, ықыласын, ізденпаздығын
аттыру.
Тәрбиелік: Айналаны қоршаған ортаны қорғауға,
ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика, бейнелеу,
сауат ашу, валеология
Көрнекілік: Егіс даласы, жылдың төрт мезгілі, күз туралы
суреттер.
Жемістер мен көкөністер. Ғажайып ағаш.
Кірпі.
"Жемістер дүкені" рольді сюжетті ойын
т.б.
Метод. әдіс: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қорғау, топтастыру,
болжау
стратегиясы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Сурет бойынша әңгіме
ІІІ. Күз туралы тақпақ айту
IV. Бау-бақшаға саяхат
V. Сергіту сәті
VI. "Жемістер дүкені" сюжет:- рольді
ойын
VII. "Не қайда өседі?" дид. ойын
VIII. "Кірпіге алма жинап берейік"
дид. ойын
IX. Қорытынды
X. Мадақтау
Балалар бізге қазір Айналамен танысу сабағы болады. Жылдың төрт мезгілі
бар.Сурет бойынша әңгіме құрап айтайық. Мен сендерге жұмбақ айтайын, сіздер
шешуін табыңдар.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап барады.
Балалар айтыңдаршы
Бұл қайда болады?
-Күз
-Иә бұл күз мезгілі екен
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар
жылы жаққа ұшып кетеді, күзде балалар адамдардың да еңбегі ерекше. Қанда
еңбекпен айналысады?
- Егін орады, жеміс-жидектер, көкөністер жинайды.
- Ал, енді балалар күз туралы кім тақпақ айтып береді?
- Үш-төрт оқушы күз туралы тақпақ айтады.
- Балалар біз неге алтын күз деп айтамыз екен?
- Себебі ағаштар, шөртер, жапырақтар, түгелдей дерлік сап-сары болады.
Күзде 3 ай бар қыркүйек, қазан, қараша.
- Ал балалар біз қазір бау-бақшаға саяхатқа шығамыз.
Бізді бұл жақта ғажайып ағаш күтіп тұр екен.
- Ғажайып ағашта нелер бар екен?
- Алма, алмұрт т.б
- Мен сендерге бір өлең оқып берейін.
Сары ала тон жамылған
Күз-атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Қандай өзі береген
Алмасын-ай алмасын.
Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсың.
Өрік , шие балы бар
Қауын, қарбыз көбейді
Жегің келсе, бәрін ал
Неге алмайсың демейді
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Балалар не туралы айтылған?
Күз туралы, жеміс-жидектер туралы айтылған. Бау-бақшада тек жеміс-
жидектер ғана өспейді. Соынмен бірге көкөністер де өседі. Алма, алмұрт
т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар
бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам
шөптерін жұлып, ағаштарға ұя салып, құрт құмысрқадан қорғау үшін баптайды
екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан
да біз жомарт күз дейміз.
Сергіту сәті: Саябаққа барамыз
Жүзім теріп аламыз
Жүзім теріп аламыз
Себетке біз саламыз.
Ал балалар бізге қонаққа дәрігер апай келіп отыр екен. Ортаға шақы-райық.
Дәрігер: Балалар, жемістер сіздерге ұнай ма?
-Ұнайды.
-Балалар жеміс шырыны өте пайдалы, олардың құрамында витаминдер өте көп.
Жемістерді ағаштан үзе сала жеуге болмайды. Оларды жақсылап ыстық сумен
жуып, содан соң жеу керек. Міне мен сіздерге демістер әкелдім.
-Балалар дәрігерге рахмет айтамыз. Қазір біз "Жемістер дүкені" рольді
сюжетті ойын ойнаймыз.
Дүкенші: Келіңіздер, келіңіздер
Жемістерді көріңіздер
Алма, алмұрт, жүзім бар
Дәмін татып, таңдап ал
-Сәлематсың ба? не сатып алмақшысың?
- Маған бір келі қызыл алма беріңізші.
- Ала ғой. Ас дәмді болсын.
Осылай ойын жалғаса береді.
Енді балалар не қайда өседі? дид. Ойын ойнаймыз.
Қуыршақ Айсұлуға жемістерді, көкөністерді бөліп топтастырып жинаймыз. Ол
үшін екі топқа бөлінеміз.
Көкөністерді, жемістерді бөліп. Жемістерді ағашқа, көкөністерді баққа
жинаймыз. Қай топ шапшаң жинайд екен? Айсұлу сіздерге рахметін айтып
сыйлық беріп кетті.
Бау-бақшада балалар кірпі жүр екен. Кірпі нені жақсы көреді?
- Алманы
- Олай болса кірпіге біз алманы теріп берейік. Ол үшін алманың сыртында
сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берейік.
1. Күздің қанай белгілерін білесің?
2. Күз мезгілінде неше ай бар?
3. Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады.
4. Күз туралы тақпақ айтып бер?
5. Неліктен алтын күз деп атаймыз?
6. Неліктен жомарт күз деп атаймыз?
7. Жемістерге нелер жатады?
8. Көкөністерге нелер жатады?
Қорытынды: Балаларды мадақтау.
Кенбай орта мектебі
Ашық сабақ
Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Бой жазу жаттығулары
Өткізген:
Дайындық сыныбының тәрбиешісі: Берменова Қ
Мақсаты: Бой жазу жаттығулар туралы балаларға түсінік беру
Білімділігі: Қимылдық ойындар арқылы ойынға деген қызығушылықты
арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, дене
қимылдарын
сымбатты қалыптастырып, күш-қуаттандыру.Тілдерін
дамыту,
сөздік қорын молайту, дене тәрбиесіне баулу арқылы
әсемдікке
әдептілікке баулу.
Дамытушылық: Жетілдіруші жаттығулар арқылы балалардың дене
қимылдарын дамыту
Тәрбиелігі: Балалар арасындағы қарым-қатынас, сыйластықты қалыптас-
тыру.
Бауырмалдылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Түрі: Ойын
Көрнекілігі: Үнтаспа, теңгелер, қалта, ат ойыншықтар, текшелер, кегли,
кедергілер,қызғалдақ, бәйшешек, жауқазын
атрибуттары,
жалаушалар
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, топтастыру, би қимылдары
І. Ұйымдастыру бөлім
Балалар бірінің артына бірі жүріп музыка әуенімен залға кіреді.
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын кез келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күнбүгін
Сәлематсыз ба? қонақтар
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату болайық.
Сап элементтерін қайталау ( сапқа тұру, жүру, жүгіру)
ІІ. Сапқа тұру
1. Аяқтың ұшымен тұрып, күннің көзіне қарай қолымызды созып, гүлдің
жұпар иісімен терең дем алайық. Аяқты кезе көтеріп, қолды жоғары
созған бойы мұрынмен тыныстайық.
2. Қолдарды белде ұстап, гүлдерді басып кетпеу үшін аяқты көтеріп
жүрейік.
3. Аяқтың ұшымен жылдам жүру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бой жазу жаттығулары
- Балалар біз бүгін бой жазу жаттығуларымен танысамыз. Бой жазу жаттығу-
лары деп- ұйқыдан оянысымен адам жұмыс қабілетін тез қалпына
келтіретін жаттығулар жиынтығын айтамыз.
Ұйқыдан тез сергу үшін бой жазу жаттығуларын орындау қажет. Бой жазу
жаттығулары біздің денеміз сымбатты әрі әдемі болуға және ауырмауға
өте пайдалы.
Күні бой қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен.
Жаттығуды бастаймыз.
1. Құстай қанат қағайық.
Екі қолды жоғары
Сәл көтерсек болады.
Енді оны бөгелмей,
Түсірейік төменге.
Міне, былай, қарайық.
Құстай қанат қағайық!
Бір, екі!
Бір, екі!
Жаттығайық біркелкі.
2. Шегірткедей ыршиық!
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік,
Ыршып алға түсейік.
Ыршып артқа түсейік.
Бір-екі, үш-төрт.
Бір-екі, үш-төрт!
Шегірткедей ыршиық
Ыршып-ыршып
Тыншиық.
3. «Әй-әй-әй!» деген баладай
«Әй-әй, әй-әй!
Әй-әй-әй»-
Осы қынжылған баладай
Басты қисайтып солға бір
Басты қисайтып оңға бір
Бір-екі, үш-төрт.
Бір-екі, үш-төрт!
Жаттығудан денеміз шымырлана түспек.
4. «Жоқ-жоқ!» деген баладай,
Сұраққа сөз таба алмай.
Аш аяқтың арасын,
Екі қолды белге ұста.
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Міне, былай,балалар
Қане, байқап қарап ал!
5. Отырайық тұрайық!
Ал, балалар, бір ауық,
Әріп сырын ұғайық.
«А» дегенде отырып,
«Б» дегенде тұраайық.
А-а
Б-б
А-а
Б-б
Отырып, тұр дағы.
6. Тыныстайық тереңнен!
Жүгірдің де қарғыдың,
Жарадыңдар барлығың.
Шаршадыңдар дегенмен,
Тыныстаңдар тереңнен.
Қане, «Үп!» - деп айтайық 2,
Демді ішке тартайық.
Енді «УҺ!»-деп айтайық,
Демді шығар қайтарып.
Босаңсытып денеңді,
Бей-жай күйге ен енді.
Басты көтер
Тік ұста!
Емін еркін тыныста.
Бә-ре-кел-ді.
Балалар!
IV. Қимылды ойындар.
1. Теңге алу.
Мақсаты: жүгіру кезінде қосымша жаттығулар жасауға үйрету.
Мазмұны: Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, сызықтан кейін
тұрады. Әр команданың алдында 10-15 метр жерде 3 командаға «теңгелер
салынған қалталар» жатады. Одан 10-15 метр қашықтықта белгі қойылады.
Мұғалімнің « Бір! Екі! Бастаңдар!» деген белгісінен кейін, әр
командада бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Теңгені алып,
белгіні айналып келіп, екінші баланың алақанына соғу арқылы ойын
кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады. Ойын осылай
командадағы барлық бала ойнап шыққанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай
ойнаған және ұйымшылдық пен шапшаңдық көрсеткен команда жеңген болып
саналады.
2.Жер, су, ауа.
Мақсаты: ойлау қимыл-қозғалыс қабілеттерін ұштастыруға үйрету.
Мазмұны:
Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, алдыңғы ойындағы-дай,
сызықтан кейін тұрады.
Олардың ортасынан сопақ үш шеңбер сызылып, біреуінің ішіне- «Жер»,
екіншісінің ішіне «су», үшіншісінің ішіне «Ауа» деп жазылады.
Мұғалім:
- Жерде қандай жануарлар бар?
- Суда қандай балықтар, жәндіктер бар?
- Ауада қандай құстар мен жәндіктер ұшып жүреді?- деген сұрақтарға кезек-
кезек жауап беріп, алдын ала жаттығып дайындық жүргізеді. Содан кейін
мұғалім « Ауа» дегенде үш топтың балалары жүгіреді. «Жер», «Су»
дегенде тағы да өз шеңберлеріне жүгіреді.
Осылайша ойын жалғаса береді.
V. Қорытынды: Жалауша әнімен балаларға би билетіп аяқтау.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
VI. Мадақтау. Жақсы қатысқан балаларға сыйлық беру.
Тақырыбы: Көктем құстары
Мақсаты: Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,
жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-
ойын
арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы
мағлұмат
беру.
Білімділігі: Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың
немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін
бекіту.
Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын,
ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се-
зімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, құстардың суреті, тордағы құстың суреті,
орманның суреті т.б
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы
кубизм әдісі, венн диаграммасы.
Түрі: Саяхат
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2) Қонақтармен амандасу
3) Балалардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
1) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
2) Ой қозғау страдегиясы:
Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.
ІІІ. Орманға саяхат.
Балалар қазір біз бәріміз орманға барайық. Орманға «Көктем» әнін тындап
барайық.
Осы мезгілде көктем музыкамен билеп кіреді.
Көктем: Сәлем, достар аман ба?
Шат-шадыман Көктеммін
Мынау бейбіт заманда
Шаттық болсын әмманда.
Саламатсыздарма қонақтар, саламатсыздарма балалар!
Міне мен сіздерге асыға жеттім! Көктем мерекелерің Құтты болсын! Мен
сендерге құр алақан келгенім жоқ.
«Сиқырлы сыр сандық» алып келдім.
IV. Болжау страдегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
-Ал балалар көктемге бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп
ойлайсыздар? (балалардың қиялы)
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дыбысы
естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
-Құстардың дыбысы естіледі.
Құстарға сипаттама береміз.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспай-ды.
Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып
шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.
Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз.
Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш
адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып
жейді.
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады.
Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.
Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу
болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар.
VI. Сен жалғастыру ойыны.
Шарты: Мысалы Қарлығаш балшықтан...
Торғай балапандарына...
Аққу өте...
Көкек жұмыртқасын...
Қарға бар дауысымен...
VII. Құстар туралы сөйлем ойлау.
Сергіту сәті.
5.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.
6. Құстар сияқты көлден су ішу
7. Бір орында тұрып айнала ұшу
8. Орындарына барып қону.
Көктем. Сендерге жұмбақ жасырайын.
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(қаз)
Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала.
(сауысқан)
Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс.
(көкек)
VIII. Венн диаграммасы.
Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен
қоректенеді. Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері
тауып жейді.
Ұқсастығы: Екеуі де құстар
Көктем: Құстар туралы кім тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ біледі. Мысалы,
құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.
Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдіңбе?
Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды
жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды
үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясые бұзбауымыз
керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап
балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде
ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы
құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.
ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"
Шарты: мына құстарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз.
1. Қыста қалатын құстарды ата?
2. Көктем жаршысы қай құс?
3. Құстар немен қоректенеді?
4. Қай құстармен таныстық?
5. Қандай үй құстарын білесің?
Х. Кубизм әдісі. Қандай құс?
Шарты: Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.
Көктем: Өте жақсы балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңдер,
ризамын.
Міне, мынау сіздерге әкелген сыйлығым. Балалар табиғатты аяласын, құстарды
қорғасын олар біздің қанатты достарымыз ғой. Ал енді мен басқа мектептерге
ормандарға баруым керек. Келесі кездескенше!
-Біздің балаларымыз да сізге арналған әндері бар тыңдап кетіңіз. Шожелер
әнімен бізде орманнан қайтайық.
ХІ. Қорытынды: Ал балалар біз бүгін көктем құстарымен таныстық. Қалықтап
ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа...
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар.
Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
ХІІ. Мадақтау.
Көктемнің әкелген сыйлығын, яғни бәйшешекті балалрға берейін.
Жабайы аңдар
( мектепалды даярлық тобы)
Берменова Құралай
Жұмабайқызы
Кенбай орта
мектебінің
І-санатты
тәрбиешісі
Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік
ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты
көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту. Балалардың
аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл
аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары. Орманның, үй
жануарларының муляжы.
Әдіс-тәсіл: Топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап ойындар, айтыс, құрастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері:
Армысың шапағатты Күн-Ана!
Армысың шапағатты Аспан-Ана!
Армысың мейірімді Жер-Ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа.
Сабақ ойыннан басталады.
Ең айлакер аң... (түлкі)
Ең қорқақ ... (қоян)
Балды жақсы көретін... (аю)
Аң патшасы... (арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
Ең ұзын мойын...(керік)
Қораға шабатын аң...(қасқыр)
Ең ірі жануар...(піл)
Үстінде тікенегі бар...(кірпі)
Бұл жануарларды балалар біз "Жабайы аңдар" деп айтамыз. Жабайы аңдар елсіз
далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында
да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың
ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.
Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері
өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін
алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар
қыста ұйықтамайды.
Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю-
суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда,
орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді.
Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі
түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында уыққа тоңбайды.
Сергіту сәті. Аңдардың айтысы.
Аружан:
Кәрі еменннің түбіне
Бір-біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан-жануар біріге.
Дамир:
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң-бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Бәрін маған жетпейсің
Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ
Күніңді көріп ептейсің.
Шұғыла:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Расул:
Қасқырбай сөйтіп, аттанды
Өз деміне апталды
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.
Ернар:
Қорқынышты атағым
Қалың қопа жатағым
Қой қораға түсетін
Бар ғой аздап шатағым.
Ділдә:
Балпаң-балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Әдемі:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Нұрай:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Мөлдір:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Аружан:
Табиғаттың баласы
Болмас ағы, қарасы
Тындап тұсақ бәрінің
Әңгімесі жарасты.
Енді балалар ойындар ойнайық.
Дидактикалық ойын: "Дұрыс"
Ойынның шарты: Балаларға ойыншық таратып беремін. Тәрбиеші "Дала жануары"
десе балалар қолдарындағы ойыншықтан дала жануарын көрсетеді, "Үй жануары"
десе үй жануарларын көрсетеді. Ойын осылайша жалғаса береді.
"Мекенін тап"
Ойынның шарты: тәрбиеші жеке аңдардың суреттерін балаларға таратып береді.
Ал тақтада сол аңдардың үйлері бейнеленген плакат тұрады. Балалар аңдардың
өзіне тиісті үйлерін тауып қояды.
Балаларға жануарлар суреттерінің мозайкасын таратып беремін.
Балалар оны құрастырып, ол аң қандай аң және қайда тұратынын айтады.
Қорытынды:
1. "Жабайы аңдар" деп неге айтамыз?
2. Үй жануары мен жабайы жануардың ерекшелігі қандай?
3. Жабайы аңдарды ата?
4. Олар немен қоректенеді?
Мадақтау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын.
- Балалар сендерге үлкен рахмет! Сау болыңдар!
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы.
-----------------------
Күн жылынуы
Күн ұзарды
Көктем
Құстар
келді
Малдар төлдейді
Тіршілік басталады
Еңбек басталады
Көгершін
торғай
Қыстап қалған құстар
Сауысқан
Қарға
Ұзақ
Көктем
құстары
Қарлығаш
Көкек
Аққу
Тырна
Үй құстары
Көктем құстары

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz