4-сынып Ана тілі: Ф. Оңғарсынованың Қанат туралы хикаясы бойынша сабақ жоспары

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№223 қазақ орта мектебі

Пәні :Ана тілі

Тақырыбы :

Қанат туралы

хикая

Мұғалімі:Бержембаева. Н

Ана тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, оқу талдау, бекіту.

2. Тәрбиелік. Табиғатты аялауға, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.

3. Дамытушылық. Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суретті, мазмұнға сай суреттер. әңгімелесу картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылырды түгелдеп, құрал-жабдықтарын даярлату

2. Психологиялық дайындық

Қай баланың «бесі» көп,

Сол баланың есі көп

Кімдер алса «төртті» көп,

Сана сынып көркі деп-шумағын баяу, шапшаңырақ, тез(өте жылдам) 3 рет айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқып, оқушылардың жаттап келген баталарын айтқызу.

ә) Сұрақ-жауап алу:

-Бата қайда айтылады?

-Батаны не үшін айтады?

-Батаны кім береді?

-Бата туралы қандай нақыл сөз білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе

-Балалар қазір мен бір шумақ өлең оқимын, кімдікі және қалай аталатынын айтасыңдар?

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

-Ф. Оңғарсынова «Жылу»атты өлеңі.

-Ендеше бүгінгі сабақта Ф. Оңғарсынова апамыздың тағы бір өлеңімен танысамыз.

-Ф. Оңғарсынова 1939 жылы Атырау обылысы, Исатай ауданында дүниеге келген. Қазақтың дарынды ақыны.

Ақынның тұңғыш кітабы 1967 жылы шыққан. Жас оқырмандарға арналған өлең-жырлары өте мол.

2. Қызығушылығын ояту.

а) Тақырыпты ашу.

Тақтаға өлең тақырыбы жазылады.

-Қанат деген сөзді қалай түсінесіңдер?Ал хикая деген не?

ә) Сурет бойынша әңгіме құру.

-Осы суретке қарап отырып, өлең не жайында айтылады, соған болжам жасайық. (жұпта өз ойларын талқылай отырып, әңгіме құрастырылады)

3. Мағынаны ажырату.

а) Өлеңді мұғалім оқиды.

ә) Оқушылар іштей оқиды, сосын бірнеше оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды.

б) Сұрақ-жауап:

-Өлең не туралы?(балапан, ата-ана, бала туралы)

-Балапанға не болды?(балапан құлап қанатын сындырды)

-Балапанға көмек берілді ме?(ия, оның қанатына дәрі жағып, байлады)

-Оның ата-анасы қарлағаш не істеді?(жылап, шырылдап ұшты)

-Балапан қанатын көріп, бала не ойлады?(менің де екі қанатым бар екен-ау деп ойлады)

-Адамның екі қанаты кім?(Ата-анасы)

-Қос қанатың түгел болса қандай болады ?(өмірің жарасым тауып, бақытты болады)

-Ал біреуі жоқ болса нендей жағдай туады?(мәңгілік ұша алмай, мүгедек болып қалады)

-Өлеңде ата-анаға қандай тілек айтылған?(екі қанатым ата-анам сау болсын)

в) Көркем сөздермен жұмыс.

Сұрақ қою арқылы көркем сөздерді бөліп алу.

1. Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді?(жылады)

-Жылады сөзі тура мағынада айтылып тұрған жоқ. Мұнда қандай мағынада тұр?

Жан ұшырды
: Жылады
Жан ұшырды: Қатты үрейленді
:
Жан ұшырды:

Шырыл қағып,

дамыл таппады

2) Дәрі жағып көмек берген соң балапанның халі қандай болды?(күш жинады)

Әлденді
: Күш жинады
Әлденді:

Денсаулығы

жақсарды

г) Көркем ойлармен жұмыс

-Осы өлеңнен ата-анасын қанатқа теңеген жолдарды тауып оқыңдар.

Оң қанатым-әкем де,

Сол қанатым-анашым.

Бірі түссе қатерге,

Мәңгі ұша алмай қаласың.

-Ата-анасын қанатқа қалай теңейді?

ІҮ. Бекіту.

1. Топтық жұмыс.

І. топ:Әке-шеше туралы өлеңдерді еске түсіріп айту.

ІІ. топ:Ата-ана туралы мақал-мәтел ойлау.

ІІІ. топ: «Әке-шешем және мен» тақырыбына мәтін жазу.

Топтың жұмысы талданады.

2. Семантикалық картаны толтыру.

Өлеңнің аты
Авторы
Кейіпкерлер
Оқиға орны
Өлең несімен ұнады
Өлеңдегі мақсат не?
Өлеңнің аты: Қанат туралы хикая
Авторы: Ф. Оңғарсынова
Кейіпкерлер: Балапан, ата-ана, бала
Оқиға орны: Далада
Өлең несімен ұнады: Баланың балапанды емдеп жібергені
Өлеңдегі мақсат не?: Баланың балапанға берген көмегі, ата-анаға тілеген ақ тілегі мен адал қымбат жан жоқ

Ү. Үйге тапсырма

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Ата-анаға тілейтін ақ тілектерін жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Фариза Оңғарсынованың Қанат туралы хикая өлеңін талдау және ата-ана метафорасын таныстыру
4-сынып ана тілі сабағының жоспары: Нан туралы өлең
Ф. Оңғарсынова Қанат туралы хикая өлеңіне арналған сабақ жоспары: мазмұнды түсіндіру, мәнерлеп оқу және тәрбиелік-шығармашылық тапсырмалар
4 А сыныбына арналған ана тілі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары - 4-апта, 1-күн, Н. Хикметтің Үш жігіт туралы хикаясы
4-сынып ана тілі бойынша К. Сауғабаевтың Нан туралы жыр тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары
4-сынып: Ғ. Қайырбековтың Ана тілі өлеңі бойынша сабақ жоспары
2-сынып Ана тілі: Түйе туралы сабақ жоспары
4-сынып ана тілі сабағы: Баубек Бұлқышев туралы мәтінді талдау және ана тақырыбына арналған сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мағжан Жұмабаевтың Балапан қанат қақты мәтіні бойынша қазақ тілі және жіп туралы еңбек сабағы
4-сынып Ана тілі: Ғ. Мүсіреповтің Ана құшағында шығармасын талдау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz