Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жадыңда ұста, жас ұстаз
Жадыңда ұста, жас ұстаз
Ұстаздар жасағының жыл сайын жас мамандармен толығып,тәрбие
саласының үнемі жасарып, жаңғырып жататыны заңды құбылыс. Әдетте
теориялық білімдері мол болғанмен,олардың ұстаздық қызметке әбден
төселіп кеткенше педагокикалық тәсілдері мен әдіскерлік тәжірибелері
кемшін түсіп жатады. Осыған орай тәрбие саласы ғұламаларының іс-
тәжірибесінен жинақталған мына бір топтамаларды жариялауды жөн
деп т аптық.
1. Ұстаз шеберлігі, ұстаз аңғарымпаздығы шәкірттерінің бойындағы өзгелердің
көзіне шалына бермейтін қадір- қасиеттерді дөп басып, аша білуінде
жатыр.
2. Мектеп табалдырығын аттарда әрбір мұғалім мен бүгін шәкірттеріме не
берем, ал сабақ аяқталған соң сол мақсатты орындадым ба,әлде жоқ па?-деп
өзінен-өзі есеп алуы шарт.
3. Жасандылық пен жалғандық кімге де болса жат қылық. Ал, мұғалім үшін бұл
тіптен керағар ұғым.
4. Мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, байланыс пәк, кіршіксіз
болуы шарт.Мұнысыз өзара сыйластық орнамайды.
5. Әрбір оқушының қабілет-қарымы мен мүмкіндігіне сеніммен қарау қажет.
Сенім шәкіртке қанат бітіреді.
6. Ұстаздың тек білімдарлығы ғана емес,кісілі мен биік адамгершілігі де
шәкірт үшін мол тағылым.
7. Ұстаз ұлағаты әдетте 3бірліктен тұрады. Бұлар оның кескін-
келбеті,кісілігі және білімдарлығы.
8. Сабақ-мұғалім мен шәкірт арасындағы үйлесімділік, үндестік және жанды
қарым-қатынас.
9. Мұғалім үшін ең басты нәрсе баға емес, бала болуға тиісті.
10. Тырнақ астынан кір іздеп, баланы тұқырта беруге болмайды. Бұл оның
жігерін құм қылады. Сен мәгассың,сенен жібі түз азамат шықпайды деген
сөздерден әбден мезі болған ишәкірттен атпал азаматтың өсіп жетілуі де
екі талай.
11. Сұрақ қойғыш баланың бетін қайтармаңыз,қайта мадақтаңыз. Өйткені,
қызыққыш,таңқалғыш сезімтал баладан түбі ойлы азамат шығады.Әсілі,
даналықтың өзі де осы таңқалудан бастау алса керек-ті.
12. Өз ғана пәнін жетік, терең білу мұғалім үшін жеткіліксіз.Ол сондай-ақ
өз шәкірттерінің жан-дүниесін, қабілет-қарымын да жетік білуі керек-ақ.
13. Әрбір балаға мейлі ол үздік, немесе орташа оқысын жеке тұлға деп
қараған жөн. Оның барібір табиғттың таңғажайып құбылысы екені ақиқат.
14. Егерде шәкіртіңіз сабаққа селсоқ болса.қызығушылық танытпаса,онда оның
себебін өзіңізден іздегейсіз.Содан соң ғана шәкіртіңізден іздегейсіз.
15. «Бала әдетте қозғалмай отыра алмайды.Оны қажытатын да осы қозғалыссыз
тірлік»-деп Мағжан Жұмабаев текке айтпаған.Қарап отырсаңыз, қозғалыссыз
тәрбие де, өсу де, даму да жоқ.Неге қозғала бересің,деп жекімеңіз.
16. Оқушы кінәлі,айыпты болса да, көп алдында айыбын бетіне басып,сағын
сындырмаңыз.Бәлкім, ол бұған кінәлі емес шығар.
17. Баланы өздігінше ойлап,пайымдай білкуге баулу қажет.Өйткені,ойлай
білетін жан шын мағынасындағы адам. (М.Жұмабаев)
Тақырыбы: «Ана-өмірдің тірегі».
Мақсаты:1).8-наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2).Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру,
үлкенге ізет кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3).Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық
сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Барысы:
І. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, аналар, оқушылар,қонақтар! Бүгінгі
мереке 8-наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-өмірдің тірегі»
атты мерекелік концертімізге хош келдіңіздер!
ІІ.Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Құрметті біздің аналар!
І.Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.
ІІ.Наурыз келді, Ана жан серпіліңіз.
Шуақтанып, шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
І.Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы
күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ
па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл
сөздерін қалдыруы сондықтан.Олай болса бүгінгі айтылар ән-жырымыз сіздерге
арналады құрметті аналар.
Аудандық «Бозторғай» балалар ән байқауының лауреаты Сатыбалды Инабаттың
орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ.Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі,
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
І.Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Өскенбай Саяжанның орындауындағы Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін
қабыл алыңыздар.
Әбжаппар Жанна «Ана тілегі» Хадиша Баязитова
ІІ.Ана адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен
мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығың,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.
Келесі тыңдайтындарыңыз Жандос Дарынның орындауында «Құдаша» әні.
Би. «Тентегім» Қыздар тобы
ІІ.Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі,
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі,
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз,
Әрқашанда ардақтап,
Әжеге бас иеміз.
Елеусіз Нұрсара «Әженің жайлы арқасы» Сағи Жиенбаев
Келесі тыңдайтындарыңыз Әбжаппар Жаннаның орындауындағы «Ана жүрегі»
І.Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында
жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты
қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз, күмбірлеген күй,шырқалатын ән
сіздерге арналмақ.
Халық әні «Ақбаян» Сатыбалды Инабат
ІІ.Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ
орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.Анаға
одан артық тартудың қажеті жоқ.
Наматжан Гүлнараның орындауында «Бауырларым» әнін қабыл алыңыздар.
І.Көз керек-анның өнерін,парасатын көруге,
Көз керек-арудың,әйелдің,ананың сұлулығын көруге.
Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған
Әжімдердің сырын ұғуға,
Мейіріммен жылылыққа толы ана алақанындағы,
Ықыласты қолымен ұстап сезінуге,
Көз керек-бесік жыры мен ана әлдиінің құдіретін.
Толық біліп ұғынуға!
Жандос Дарынның орындауындағы «Анашым» қабыл алыңыздар
ІІ.Сөз керек-ару,әйел,ананың сұлулығын айтып жеткізуге,
Сөз керек-дүниенің алтын діңгегі,
Ана екенін әйгілеуге.
Сөз керек-жылына бір рет болса да.
Ана мен әйелдің көкіректі кернеген.
Сезім мен көңіл –күйін білдіруге.
Жалел Жасұланның орындауында «Анашым» әні.
Жақсыбек Іңкәрдің орындауында «Әкем,анам» әні.
І.Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Сынып оқушыларының өз аналарына арнаған жүрек жарды тілектерін тыңдаңыздар.
ІІ.Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз,
Арманның асқарында қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».
І.Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, -дей отырып,бүгінгі концертімізді
аяқтайық.
Ұлағатты ұстаздар, аяулы әжелер, ардақты аналар, ару қыздар,
мейрамдарыңыз құтты болсын!
№110 орта мектеп
Қалдырған ізің мәңгілік.
Абай атамыз; «Ұстазсыз шәкірт-тұл,шәкіртсіз ұстаз-тұл» деп, адам
баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше
атап айтады.Ұстаз әмбебап білімді,салауатты,салтанатты маман кісі.Ол адам
жанын терең түсініп,жақсы білетін қадірлі де қастерлі,қасиетті мамандық
иесі.Өз ісінің шебері әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды,
ізетті,инабатты адам.
Ең әуелі ұлағатты ұстаз шәкіртіне өмірді,білім үйретуші ұстаз
шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі және қалай
үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы біледі де шәкіртін білімге
қызықтыра,ынталандыра түсіндіріп оның сезімін ұшқырлап,білімін
дамытады.Өмірдің қызықтарын сезіндіреді.Балалық өмірдің ең бір қызықты
кездері мектепте өтеді.Сол мектептің тұлғасы –ұстаз.
Ұстаз шәкіртінің жан сұлулығын,денсаулығын зерлей зерттеп,сол
адамдық асыл қасиеттердің жақсара беруін қадағалап,қамқорлық жасап
отырады.Ол шәкіртін өзінің туған баласынан да артық көріп,адамдық асыл
қасиеттерді оның бойына сіңіреді.Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардың
қарауында көбірек болады.Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты
анағұрлым арттыра түсіп,білім беру,тәрбиелеу ісіне арнайы күш-
жігерін,уақытын бөліп,шәкіртіне алаламай қамқорлық жасайды.
Ұстаз-ана,ол шәкіртін туған баласындай баурап,өмір өрнектерін,
тұрмыс-тіршілік мехиаттарын,қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп,баураудан
жалықпайды.
Ұстаз-жолдас.Ол әрқашанда шәкіртімен бірге көпшілікпен араласып
жүреді,қатар құрбысындай қатарласа өмір сүреді.Ұстаз-дос,ол шәкіртіне тек
жақсылық ойлап,қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді,жанын сала жақсылық
жасайды.Шәкірт-ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп,одан білім алушы,жаны
жақын,ой мақсаты біртұтас өсіп-өркендеуші өрені.Шәкірт ұстазына инабаттылық
ғұрып пен ізеттілік,имандылық көрсетіп,әдеп сақтауға міндетті.Ұстазды
құрметтеудің бір белгісі-оған ізеттілікпен сәлем беру.Ұстазға сәлем берудің
екі жолы бар,жиналып отырған шәкірттер ұстазбен тұрып амандасады,жеке
кездескенде шәкірт ұстазға әдеттегідей сәлем беріп,бас иеді.Сәлем беру
кезінде иман жүзділік,елжірегіш сезіммен құрметтеу. Нышаны көріну
керек.Сәлемдесу сөздерінің дауыс ырғағы сыпайы,сыйласымды болуға тиіс.Кейде
шәкірт ұстазын алыстау жерде көріп қалса,бас киімін алып,оң қолын жүрегіне
тақап,бас иіп,имарат білдіреді.
Ұлағатты ұстаз алдында шәкіртінің орындайтын міндеттері мен
парыздары өте көп.Ең әуелі шәкірт ұстаз сөзін ықыласпен тыңдауға,ісін
ілтипатпен үйренуге міндетті.Ұстаз сөзін мәңгі есте қалдыру үшін,оны
бірнеше ретеске түсіріп,қанша рет қайталап,жадында сақтап,санада сақтау
керек.Ұстаздың тапсырмасын орындамаған шәкірт,үлкен қателік жасап ,әрі
білімін нашарлатады.
Ұстаз әрі жолдас,әрі дос болғандықтан шәкірт сонымен ашық-
жарқын,жасқанбай пікірлесіп,ойын ашық айтса,ұстаздың көңілі
көтеріліп,шәкіртіне сырын ашып,оның ойына от беріп,қиялын қияна
шығарып,арман биігіне жетелейді.
Әрбір ұстаздың бойында бірнеше өнер болады..Әдепті шәкірт ұстаз
бойындағы қадірлі қасиеттерді,өрнекті өнерлерді үйреніп алуға құштар болуы
керек.Ондай шәкіртіне риза болған ұстаз бар өнерін салып,өн бойындағы
дарынын шәкіртіне дарыта біледі.Сондықтан шәкірт ұстаз өнеріне
қызығып,ұстаз білімін қастерлей білуге міндетті.
Ұстазын сыйламаған шәкірт өз ата-анасын да сыйламайды.Өз ата-
анасын,ұстазын ардақтамаған шәкірт адамгершіліктен жұрдай болып,елінің
елеулісі,халқының қалаулысы бол деген аталық батаның үрдісінен шыға
алмайды.
Бар білімін,қайрат-жігерін аямай,бізге білім
беріп,өнерүйретіп,өмірімізге жол ашып берген ұлағатты ұстаздарға бас иіп,
тәжім етеміз !
Ұстаз.
Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның
Ұстаздың үйренем
Өнерін білімін
Үйреткен іс сазын,
Мың жаса,Ұстазым!
Ұстазым.
Қымбатты балалық шағымнан,
Өзіңмен біргемін ұстазым.
Жасымнан білімге шындаған,
Арманшыл асылым ұстазым
Сен барда қамқоршы жалыңмын,
Іздесем қасымнан табылдың
Зейініме,пейіліме құйған нұр,
Аңсары жанымның ұстазым.
Ғылымға,өнерге ынтызар,
Ержүрек,қахарман ұл-қыздар.
Білімнің көгінде жайнаған,
Ең жарық жұлдыздар ұстазым.
Ұстазым менің-ақылшым менің.
Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын
Жарқырап өмірбақи тот баспайтын
Шамшырақ жолындағы-білім болса
Ұстаз ғой,сол білімге жол бастайтын.
Мектепке тұңғыш рет басқан қадам
Бәйгеге сендердің ол қосқан балап,
Білімнің басып алғаш баспалдағын
Танып ап оң мен солың ашылады,
Бармасаң әр баланы білімге алып,
Болады сол баланың күні кәріп.
Оқысаң көзің сонда ашылады,
Әрдайым білімге-дүние жарық.
Алдына келсе бала,тағы кімдер
«Білім ап,өмір сырын ұға біл»,-деп
Өмірге әр адамның көзін ашқан
Дүниеде тұңғыш ұстаз-мұғалімдер.
Өздерің құт мекенді тұрақ еткен,
Өмірге тұлпар баптап пырақ еткен
Сендердей бақытты жан жоқ-ау сірә
Шәкірттері жер шарына тарап кеткен!
Аялаңыз ананы.
Ару... Ана. Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы
екі ұғыммен өзектесе жатады екен. Ару деген сөз адалдық, арлылық,
асқақтық атты қасиеттермен қабысып жатса, ана сөзінің аясында асыл,
аяулы, ардақты, құдіретті сезімдер тоғысары ақиқат. Ақ тілеулі, кең
пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Әрбір адам
тіршілігінің ғұмыры да, тәлімнің өмір нәрі де ана болмысынан бастау
алады.
Құс екеш құс та ұясын тыныш, жылы мекенге салады. Ана да
отбасының, елінің тыныштығын тілеп, аналық ақ жүрекпен болашаққа
жол салады.
Расуллаһ соңғы қажылығында: «Жәннат сендердің аналарыңның
аяғының астында. Ал, сендердің апа-қарындастарың, нағашы, жиен әйел
туыстарыңның барлығы да ана емес пе?» -деп айтқан. Яғни, саналы адам
әйел кісіні жылында бір күн немесе өмірінде бір жыл емес, өмір
бойы сыйлауы тиіс.
Ана жыр, ана-ән толғайды,
Көңілде қайғы-мұң қалмайды
Аруана ананың сүюін
Ешбір күш тоқтата алмайды.
Күйзелсең көңілі жабығар,
Құлаған жартастай қамығар,
Құрбан ғып шалатын ананың,
Сен үшін шығарда жаны бар.
Ия өмір құмға сіңген су сияқты, су құйып жиналғанша,
сіңіп үлгереді. Сондықтан да өмірдің әрбір сәтін ұтымды пайдаланып,
ана деген асыл да ардақты есімді аялай білейік!
Ұстаз беделі деген не?
Ұстаз беделі деген не? Бұл сұрақ бәрімізді де ойландырады. Қазіргі
мұғалім теледидардан,кинодан, интернеттен біраз информация алып, азды-көпті
көкейіне сақтаған шәкіртпен, оқыған,сауатты, мәдениеті жоғары ата-аналармен
істес болады.Бұл оның жеке басына, зиялылығына биік талаптар қояды.
Мектепке алғаш келген бүлдіршіндер өздерін бірінші рет оқытатын
мұғаліміне жаутаңдап қарай береді. Тіпті,көпшілік ішінен іздеп тауып алады.
Сол күннен бастап алдыңдағы бір топ жас бүлдіршіндерге өзің де,көзің де
тоймай қарайсың, мейірленесің.Бәрі сүйкімді,бәрі ақылды. Салауатты ұстаз
болу сол күннен басталады.Ал, ата-аналар өз баласының алғашқы ұстазын өзіне
жақын тартып, баласын жетектеп әкеліп,оның қылығын түсіндіріп,әбігер болып
жатады. Ұстазға олардың баласына деген жүрек жылуы ерекше аңғарылады.Бұдан
былай осы бүлдіршінді,терең де жүйелі білім беріп, азамат етіп тәрбиелеу-
ұстаздың қолында.
Иә, адам тәрбиелеу-ең ардақты,ең қиын жұмыс. Сондықтан да
мұғалімнен шәкіртіне деген мейірімі мол,ниеті адал қамқоршы болуды талап
етеді. Оларды қорқытып тәрбиелей алмайсың,әрбір ұстаздың бойында
төзімділік,сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты
қасиеттермен қоса, өзінің күнделікті өтетін сабағына дайындығы қалай деген
мәселе үнемі көкейінде тұру керек. Егер мұғалім әрі әнші, әрі суретші,
әрі мүсінші болса, онда оның тәрбиелік ықпалы зор. Сондай ұстаздардың іс-
әрекетіне жас бүлдіршіндер еліктегіш келеді. Күнделікті жасаған
көрнекіліктің өзін көз тартарлықтай әдемі,анық, ашық бояумен жазып,салған
дұрыс. Сабақ үстінде тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді де айтып
отырса,баланың ойы дами түседі.
Бедел дегеніміз,меніңше, мұғалім еңбегінің айнасы. Мұғалім беделді
болу үшін ең алдымен баланың ата-анасымен қарым-қатынасын дұрыс жолға
қойып,олардың тұрмыс- тіршілігімен таныс болғаны жөн. Ата-аналардың да
ұқыпты болуы, жоғары мәдениеті үлкен роль атқарады. Ата-ана өз баласының
бас ұстазы екенін бір сәт те ұмытпауы тиіс. Мұғалімнің бала тәрбиесінде
атқарған ұлан-ғайыр жұмысымен ата-ана жете таныса келе,оның өткізген туған
күн, апталығы, класс сағаты, ашық сабағы мен кештер,бала тәрбиесі жөнінде
жасаған баяндамасы, еңбектен жасаған бұйымдары, жазған жазулары, шығарған
есебі, ақыр-аяғы жаңа жылда киетін киімдері туралы мұғаліммен
пікірлесіп,қолынан келген көмегін берсе, онда өз парызын дұрыс атқарғаны
деп білеміз. Бұл да, айналып келгенде, ұстаздың өрісіне,ерінбей еңбек еткен
еңбегіне, сол арқылы ие болған абыройына байланысты. Оның көп
ізденгіштігі,ата –анамен бірігіп жұмыс істеуі, тіл табысуы,терең білім бере
білуі шәкірттеріне де әсер етіп,ыстық сүйіспеншілігін оятады.
Ұстазға қояр талап өте биік. Ол барлық жерде де жұртқа ұстазға
лайық өнегелі ісімен ықпал жасауға тиіс. Той-думанда,
клубта,кітапханада,почтада, дүкенде, шаруашылықта,қысқасы, қайда болса да
ұстаздың ұстаз екені көрініп тұруы керек. Мысалы, жүрген жүрісінде,сөйлеген
сөзінде,киген киімінде, тіпті, үй тұрмысының тазалығында осындай ерекше
қасиеті білінуі өзгелерге ой салады. Өкінішке орай, кейде көпшілік арасында
асығып сөйлеп, «үйдегі қалпыммен шыға салып едім» деп,өзін айтпай
танытатын ұстазды да кездестіреміз. Кейбіреулері азық-түлік алып жатып,
мектептегі бала жағдайын сөз етеді. Мұндай жағдайда ата-ананың ыңғайсыз
күйде қалғанын елей бермейді. Енді біреулері мектепке ашық гүлді көйлек
киіп, он саусағының үш-төртеуінде алтын сақинаны жарқыратып, құлағына да,
мойнына да қымбат бағалы тастар тағып келеді. Ұстаз, біздің ойымызша,
қашанда қарапайым, айтқан сөзіңде тұратын,әдепті, салмақты,дауыс көтеріп,
айқайлауды сүймейтін жан. Парасатты жан өз жолдастарына қатты реніш
білдірмейді. Шәкірті ренжісе- ренжиді, қуанса- қуанады.Бос сөзден аулақ
болады. Тек ата анамен байыпты сөйлесіп, өз шәкірті жайында педагогтік
инабатпен әңгімелесіп, пікір алысады.
Ең бастысы-әрбір мұғалім өзін-өзі тәрбиелеп, мінез- құлқындағы
кемшіліктерді түзетуге тырысып,жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруға
міндетті. Соны іс жүзіне асыра білсе, ол,сөз жоқ үлкен беделге ие болады.
Жаңақорған қонысы №110 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Әсем Берженбаева
№110 орта
мектебі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz