Кім боламын

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Кім боламын?»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Жоспары:
1. Кіріспе. Сұрақ - жауап.
2. Оқушылардың әдеби монтажы.
3. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)
4. Ойын: «Кім жылдам?»
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»
Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
1 - оқушы: Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал - мәтелдер біледі?
Еңбек түбі - береке.
Еңбек түбі - зейнет.
Ерінбей еңбек етсең - ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең - иегің тасқа тиеді.
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ұстаның бізі сүйкімді, Жақсының сөзі сүйкімді.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан - тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.
Бір тал кессең, он тал ек.
Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз.
Еңбексіз өмір - сөнген көмір.
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.
Қолы қимылдаған адамға
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға
Алыстық жоқ.
Диқан жерді анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.
Еге білсең, егін тасқа да шығады.
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
Ердің атын еңбек шығарады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Бақыт кілті еңбекте.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Жұмысы жемістінің - өмірі келісті.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Еңбек - ширатады,
Өмір сүйретеді.
Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.
Еңсесі қайтадан еңбек - игі.
Еңбек патшалықты асырайды.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 - оқушы: Еңбек - адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 - оқушы: Ал мамандық - еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.
4 - оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.
Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
- Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!
Мамандық
Еңбек қызметі
Ой еңбегі Дене еңбегі
Ақын ұстаз дәрігер құрылысшы шахтер ұста
- Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т. б.
- Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?
- Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т. б.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т. б.
- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т. б.
Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.
Дәрігер:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы сүйемін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп - көп ішіп дәріні,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz